Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қараша N 1817. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.31. N 165 қаулысымен. ~P010165

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің үш, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болуға рұқсат етілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_
 


қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 105-1-жол алынып тасталсын;

     бөліммен, 510-реттік нөмірмен және мынадай мазмұндағы жолмен

толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі

     510. "Экономикалық зерттеулер

     институты" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны

     (шаруашылық жүргізу

     құқығындағы)                      Алматы қаласы";


 
       2) "Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесін "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 488 P990488_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 160-құжат):
      2-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын әділет органдарында қайта тіркесін және қаулының осы тармағын іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                         Қазақстан Республикасы



                                         Үкіметінің 1999 жылғы

                                          30 қарашадағы N 1817

                                          қаулысымен Бекітілген



 
 
       Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі туралы
                           Ереже
 
                  1. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдауға және болжауға, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларын және жалпы экономикалық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындауға және іске асыруға уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес есепшоттары болады.
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда ол

 

мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

     4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген

тәртіппен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар

бұйрықтар шығарады.

     5. Министрліктің ережесі мен штат саны лимитін Қазақстан

Республикасының Үкіметі бекітеді.

     6. Министрліктің заңды мекен-жайы:

     Астана қаласы, Министрліктер үйі.

     7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономика

министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

     8. осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

     9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен

жүзеге асырылады.

     Министрлікке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау

тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым

салынады.

     Егер Министрлікке заң актілерімен кіріс түсіретін қызметті жүзеге

асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік

бюджеттің кірісіне жіберіледі.


      2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері

         және құқықтары


     10. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды

жүзеге асырады:


 
       1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етеді;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қамтитын қысқа мерзімді және орта мерзімді индикативтік жоспарларды әзірлейді;
      3) болжамдық баланстар мен ұлттық шоттар жүйесін әзірлеуді және үйлестіруді жүзеге асырады;
      4) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен елдің өндіргіш күштерін дамытудың және орналастырудың схемасын әзірлейді;
      5) елдің, Қазақстан Республикасының аймақтары мен салаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізеді;
      6) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын экономикалық сараптауды жүзеге асырады;
      7) халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдары (ХҚЭҰ) мен донор елдерден алынатын қаржылай және техникалық көмекті тарту мен пайдаланудың басымдықты бағыттарын белгілейді және оны үйлестіруді жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік органдардың ХҚЭҰ-мен және донор елдермен жұмысын үйлестіреді;
      9) сыртқы экономикалық қызметті тарифтік және тарифтік емес әдістермен реттеу жөніндегі шараларды әзірлейді;
      10) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасалатын экономикалық шарттары мен келісімдері бойынша ұсыныстар енгізеді және сыртқы экономикалық саясат саласындағы басымдықтарды айқындайды;
      11) тарифтік және тарифтік емес реттеуге байланысты мәселелерді шешу кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) және Кеден одағына (КО) мүшелігі мәселелері жөніндегі саясатты әзірлеуде және жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
      12) 10 миллион АҚШ долларына баламды сомадан жоғары валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (ауысуын) көздейтін, капиталдың жылжуымен байланысты операцияларға лицензиялар берілуін үйлестіреді;
      13) дүниежүзілік экономиканың жай-күйін және дамуын талдайды;
      14) экономикалық қауіпсіздік мәселелерін талдайды;
      15) стратегиялық жоспарлар негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жасайды, олардың атқарылуының мониторингін жүзеге асырады және оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      16) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп отырады;
      17) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз етуді, әзірлеуді ұйымдастыруды және іске асырудың мониторингін жүзеге асырады;
      18) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларға экономикалық сараптау жүргізеді;
      19) атқарушы билік органдарының құрылымы мен өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп атқарушы билік органдарының қаржылық-экономикалық функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысады;
      20) Министрліктің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік және өзге қаржылық-экономикалық бағдарламаларды әзірлейді;
      21) ұйымға және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі жоспарлы іс-шараларды жүргізуге орталықтандырылған басшылықты қамтамасыз етеді;
      22) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
      11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік макроэкономикалық, инвестициялық, аймақтық және сыртқы экономикалық саясатты әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын экономикалық талдау, болжау және реформалардың барысын бағалау;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралардың жоспарын әзірлеу және олардың атқарылуын бақылау;
      5) мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу және оның атқарылуын бақылау;
      6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында республикада бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізудің негізгі бағыттарын әзірлеу және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын дайындау.
      12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламаларын, мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларын және Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын іске асыруына бақылауды жүзеге асыруға;
      3) Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын түзету жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      4) өз құзыретінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және

 

шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізуге және келісімдерге қол

қоюға;

     6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын сараптама

және консультациялар жүргізу үшін тартуға;

     7) Министрлікке ғылыми зерттеулерге бөлінген қаражаттың шегінде аса

маңызды ғылыми қаржылық-экономикалық жұмыстардың тізбесін анықтауға,

Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген

тәртіппен басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген

мамандарды тартуға;

     8) өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы

бар.


              3. Министрліктің мүлкі


     13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болады.

     Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен

қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны

Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

     14. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.


 
       15. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
 
            4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
 
      16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері болады.
      17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етеді және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
      18. Министр осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері

 

басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

     2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды

және қызметтен босатады;

     3) Министрліктің қызметкерлеріне заңдарда белгіленген тәртіппен

тәртіптік жаза қолданады;

     4) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;

     5) ведомстволар туралы ережеден басқа, Министрліктің құрылымы мен

оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

     6) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрліктің

атынан өкілдік етеді;

     7) Министрліктің жұмыс Регламентін бекітеді;

     8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

     19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган

болып табылатын Алқа болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ

ол туралы ережені Министр бекітеді.


        5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату


     20. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылады

және таратылады.




                                         Қазақстан Республикасы



                                         Үкіметінің 1999 жылғы

                                         30 қарашадағы N 1817

                                          қаулысына қосымша



 
 
              Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
                  жойылған кейбір шешімдерінің
                            Тізбесі
 
      1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 P990297_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 88-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 P991093_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер

 

енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі

N 1301 


P991301_
 

  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.

     4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297

қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999

жылғы 30 қыркүйектегі N 1486 


P991486_
 

  қаулысы.




    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.