Z990389_ Заңын атқару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша ел iшiндегi жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау бағдарламаларының әкiмшiлерi болып белгiленсiн. <*> Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.05.27. N 807 қаулысымен. P000807_ 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелер
1. Осы Ережелер "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджеттен мемлекеттiк бiлiм гранттары түрiнде бөлiнетiн қаржының мақсатты пайдаланылуының тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттiк білім гранты - мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқуға құқық алған адамдарға кәсiптiк бiлiм алуына төлеу үшiн тегiн берiлетiн ұлттық валютадағы мақсатты ақша сомасы.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк бiлiм гранттары берiлген адамдарға стипендия төленуi мүмкiн.
3. Мамандықтардың тiзбесi мен мемлекеттiк білім гранттарының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын (наурыздың 31-нен кешiктiрмей) айқындайды және республикалық баспасөзде жариялайды.
4. Мемлекеттiк бiлiм гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде бөлiнедi.
"Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк білiм грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
Қабылдау емтихандарын тапсырмай бiлiм грантының берiлгендiгi туралы куәлiктi алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1517
қаулысымен. P011517_
5. Конкурсты жүргiзген кезде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқықты жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша тиiстi бiлiм ұйымдарында оқуға кемшiлiгi болмаса, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер және үздiк бiлiм туралы құжаты (куәлiк, аттестат, диплом) бар азаматтар басым ие болады. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 703
қаулысымен. P020703_
6. Мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқуға құқық алған адамдар Қазақстан Республикасының өздерi таңдаған мамандық бойынша кадрлар даярлауға лицензиясы бар бiлiм ұйымына қабылдау туралы өтiнiш бередi.
Көрсетiлген өтiнiштiң берілуi бiлiм ұйымына қабылдау үшiн сөзсiз негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысын білім ұйымдарының арасында бөлген кезде Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы бiлiм ұйымдары үшiн мiндеттi мынадай шарттарды басшылыққа алады:
1) мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыруға рұқсат етiлген бiлiм ұйымдарының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбi бойынша оқуға арыз берген адамдарды сөзсiз қабылдауы;
2) мемлекеттiк білім тапсырысын орналастыруға байланысты қабылдаған адамдарды оқыту бойынша келiсiмді бiр жақты тоқтату құқығынан бас тартуы;
3) мемлекеттiк білім тапсырысын орналастыру тәртiбiмен өздерi қабылдаған адамдарды оқыту құнын төлеудiң мөлшерiн, оның iшiнде ұлттық валюта бағамы өзгерген жағдайда да, қайта қарау құқығынан бас тартуы;
4) мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбiмен өздерi қабылдаған адамдарды оқыту мiндеттемесi бұзылуынан келтiрiлген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шығынды өтеуi.
Оқуды ұйымдастыру үшiн басқа жағдайлар осы Ережеге өзгерiстер (толықтырулар) енгізу тәртiбiмен ғана белгiленуi мүмкiн.
8. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысы орналастырылатын оқыту қызметiн жүргiзу құқығына мемлекеттің лицензиясы бар бiлiм ұйымдарының тiзiмiн Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы республикалық баспасөзде жыл сайын 1 шiлдеден кешiктiрмей жариялайды.
9. Мемлекеттік бiлiм гранты бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алған оқу бiтiрушiлердi еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетедi.
10. Мемлекеттiк бiлiм гранты құқығына ие болған талапкерлер қабылданған Қазақстан Республикасының бiлiм ұйымы, қаржыландыруды ашу үшiн, Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органына аталған адамдардың қабылданғаны туралы бұйрықтың көшiрмесiн жiбередi.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен мемлекеттiк білім гранттарын беруге көзделген қаражатты аталған қаржылық бағдарламаның әкiмшiсiне бөлудi жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім гранттарын қаржыландырудың тәртiбiн аталған бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып бекiтедi.
12. Бiлiм ұйымына мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбiмен қабылданған адамдар оқудан шығарылып қалған жағдайда, аталған грантты пайдалану құқығынан айырылады.
13. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде оқитын адам басқа бiлiм ұйымына ауыстырылған кезде мемлекеттiк грант мөлшерiне түзету енгiзiледi, бiрақ аталған грант мөлшерi көбейтiлмейдi.
14. Мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқып жүрген адамға академиялық демалыс берiлген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқу құқығы сақталады және академиялық демалыс берiлген мерзiмде оны қаржыландыру тоқтатылады (академиялық демалыста медициналық қорытындының негiзiнде болған грант иелерiне заңдарда белгiленген тәртiппен стипендиялар төлеу көзделген шығыстарды қаржыландыруды қоспағанда), ол мерзiмi аяқталғанда қалпына келтiрiледi.
15. Мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыру тәртiбi бойынша оқитын
адамға: 1) ол оқып жүрген (оқитын) бiлiм ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған; 2) ол оқып жүрген (оқитын) бiлiм ұйымынан лицензия қайтарып алынған немесе бiлiм ұйымы лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайларда, басқа бiлiм ұйымдарында қаржыландырудың жалғастырылатынына кепiлдiк берiледi. Бұл жағдайларда қаржыландыруды жалғастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісiнiң келiсiмiмен айқындайды. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.