Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қараша N 1776

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiне Төрағаның екi, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
      3. Бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінің қосымшаға сәйкес аталған агенттiктiң аумақтық органдары ретiндегi мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңдарда белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) құрылатын мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн:
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 518 P990518_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 16, 169-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 
жылғы 2 тамыздағы N 1093  

P991093_

  қаулысымен (Қазақстан Республикасының 
ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 
23-тармағы.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                              Yкiметiнiң
                                        1999 жылғы 23 қарашадағы
                                          N 1776 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
           Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару
                      жөнiндегi агенттiгi туралы
                                Ереже
      
                          1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi-Агенттiк) Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн, заңдарда көзделген шектерде арнаулы атқарушылық, рұқсаттық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттiк басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары болады.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Агенттiктiң, егер оған заңдарға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Агенттiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен, Төрағаның бұйрығымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      5. Агенттiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
      Астана қаласы, 473000, Желтоқсан көшесi, 41
      7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
      Агенттiкке өзiнiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасауға тиым салынады.
      Егер Агенттiкке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.

      2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      10. Агенттiктiң негізгi мiндеттерi:
      1) жер ресурстарын басқару жер қатынастарын реттеу геодезия және картография салаларында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      2) жер реформасын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру оны ғылыми, кадрлық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету, жерге орналастыру геодезия және картография жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      3) белгiленген тәртiппен жердiң мониторингiн, мемлекеттiк жер

кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу;
     4) Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйi туралы
деректердiң банкiн құру және жүргізу;
     5) жерлердi аймақтандыруды ұйымдастыру;
     6) белгiленген тәртiп бойынша жерлердiң пайдаланылуын және қорғалуын 
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
     7) мемлекеттiк геодезиялық қадағалау мен тиiстi ақпараттарды қорғауды 
жүзеге асыру болып табылады.
     11. Агенттiк заңда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге 
асырады:
     1) жер заңдарының қолданылу практикасын қорытады, оны жетiлдiру 
жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
     2) жер заңдарының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды;


      3) қолда бар жерлер және олардың санаттар, алқаптар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлінуi туралы, жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылау туралы, бүлiнген жерлердi қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептердi жасайды;
      4) жер ресурстарын пайдалану жөнiндегi жинақтар мен басқа да материалдарды шығарады және таратады;
      5) мемлекеттiк республикалық картографиялық-геодезиялық қор мен республика аумақтары жер ресурстарының картографиялық қорын жүргiзедi;
      6) республика аумағының геоақпараттық жүйесiн құрады;
      7) мемлекеттiк құпияға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ олардың мекемелердегi есебiн, көбейтiлуiн және сақталуын бақылауды ұйымдастырады;
      8) халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару геодезия және картография мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, басқа елдердiң тиiстi қызметтерiмен қарым-қатынас жасайды;
      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөнiндегi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асырады;
      10) жер үшiн ақы белгiлеу жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      11) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу жерлердi пайдалану және қорғау жер реформасын жүргiзу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
      12) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндігi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындайды;
      13) мемлекет жер учаскелерiн жеке меншiкке сатқан, пайдалануға берген кезде олардың нақты (жер пайдалану құқығының) құнын айқындайды;
      14) пайдаланылмаған жерлер мен заңды бұзу арқылы пайдаланылған жерлердi анықтайды;
      15) жерлердi пайдалану және қорғау мәселелерiн қозғайтын республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, сызбаларға және жобаларға сараптама жүргiзедi;
      16) жерге орналастыру геодезия және картография мақсаттары үшiн ғылыми-зерттеу тәжiрибе-конструкторлық, жобалау-iздестiру жұмыстарына мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады;
      17) ұйымдардың белгiленген тәртiппен жерге орналастыру топографиялық-геодезиялық, инженерлiк-геодезиялық, маркшейдерлiк, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеулiк және iздестiру жұмыстарын жүргiзуi бөлiгiнде олардың қызметiн үйлестiредi;
      18) жерге құқықты куәландыратын құжаттарды дайындайды және бередi;
      19) жер ресурстарын басқару геодезия және картография органдары қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiптiк бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады;
      20) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің тiркеушi органдарын жер-кадастрлық карталармен және жер учаскелерiнiң жоспарларымен қамтамасыз етедi;
      21) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
       1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды

тұлғалардан және азаматтардан жердi пайдалану және қорғау мәселелерi 
жөнiндегi қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
     2) атқарушы органдардың қарауына заң актiлерiнде көзделген 
негiздемелер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқықтары мен жердi пайдалану 
құқықтарын тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
     3) жергiлiктi атқарушы органдардың жер туралы заңдарға қайшы келетiн 
шешiмдерiн тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
     4) өз құзыретiнiң шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға;
     5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар.
     
                3. Агенттіктің мүлкі
     
     13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     14. Агенттiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Агенттiктiң бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен
шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Агенттiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке 
билiк ету құқығы берілуі мүмкiн.
     
           4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
     


      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Агенттiк төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретінің шегiнде ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңдарға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiн

көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
     4) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды;
     5) Агенттiктiң құрылымы мен штат кестесiн, сондай-ақ Агенттiктiң 
құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
     6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де 
ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
     7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктерді 
жүзеге асырады.
     19. Агенттiк жанынан консультативтi-кеңесшi орган болып табылатын 
Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы 
бекiтедi.
     
           5. Агенттiкті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1999 жылғы 23 қарашадағы
                                           N 1776 қаулысына
                                                қосымша
     
       Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
    агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
                          Тізбесі
     


      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгінiң Атырау облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
      5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгінiң Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитетi.
      6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Жамбыл облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
      7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
      8. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi

агенттiгiнiң Қарағанды облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     9. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi 
агенттiгiнiң Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     10. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Қостанай облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     11. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Маңғыстау облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     12. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Павлодар облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     13. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару 
жөнiндегi комитетi.
     14. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Оңтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi 
комитетi.
     15. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Астана қалалық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     16. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгінiң Алматы қалалық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi.
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.