Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 және 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1753 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қаржы министрлігі Кеден комитетінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 P981004_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 320-құжат):
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1999 жылдың аяғына дейін сметаларда 34 бақылау-өткізу пункттерінің, 78 модульдық үлгідегі құрастырмалы үйлердің құрылысын аяқтауға көзделген 300 млн. теңге сомасындағы қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін, оның 90 млн. теңгесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің жаңадан бөлінген әкімшілік ғимаратын қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге бағыттасын";
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 335 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі