Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 және 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 қараша N 1753

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қаржы министрлігі Кеден комитетінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 P981004_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 320-құжат):
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1999 жылдың аяғына дейін сметаларда 34 бақылау-өткізу пункттерінің, 78 модульдық үлгідегі құрастырмалы үйлердің құрылысын аяқтауға көзделген 300 млн. теңге сомасындағы қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін, оның 90 млн. теңгесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің жаңадан бөлінген әкімшілік ғимаратын қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге бағыттасын";
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5

өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149  

P990149_

  қаулысында:
     1-тармақтың үшінші абзацында:
     "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінен" деген 
сөздерінен кейін "және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс 
министрлігінің Кеден комитетінен" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.