Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетімен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақойл" ұлттық
мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы директорлары кеңесінің мына
құрамда сайлануын қамтамасыз етсін:
Сафинов Қанатбек - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бейсенбекұлы Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің
меңгерушісі, директорлар кеңесінің
төрағасы
Балғымбаев Нұрлан - басқарманың төрағасы - "Қазақойл"
Өтепұлы ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық
акционерлік қоғамының президенті
Аманбаев Мұрат - Қазақстан Республикасының Табиғи
Ермұханұлы монополияларды реттеу, бәсекені қорғау
және шағын бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігі төрағасының орынбасары
Әбілғазин Дәнияр - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы вице-министрі - Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің төрағасы
Досаев Ерболат - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Асқарбекұлы индустрия және сауда вице-министрінің
міндетін атқарушы
2. "Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат)
мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.