TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 15 қараша N 1712. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.03.27. N 357 қаулысымен. ~P020357

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Күлекеев, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев белгіленсін.
      2. "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 733 P980733_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.