TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 қараша N 1712

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы Күлекеев, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев белгіленсін.
      2. "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық

үйлестіруші тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 
жылғы 3 тамыздағы N 733  

P980733_

  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.