Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
Мемлекеттік статистика қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. БҰҰ Статистика басқармасының халық санағының деректерін талдау мен тарату жөніндегі халықаралық семинарды (бұдан әрі - Халықаралық семинар) және ТМД Мемлекетаралық Статистика Комитетінің ТМД Статистика қызметі басшылары кеңесінің 18-ші мәжілісін (бұдан әрі - Кеңес мәжілісі) 1999 жылдың 25-29 қазанында Алматы қаласында өткізу туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Халықаралық семинарды және Кеңес мәжілісін өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген
тәртіппен Халықаралық семинарға және Кеңес мәжілісіне қатысушылардың келу және кету құжаттарын рәсімдеуге жәрдем көрсетсін. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Халықаралық семинардың және Кеңес мәжілісінің өткізілу барысы мен жұмыс нәтижелері туралы материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.