Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қазан N 1586

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 P940577_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-құжат) мынадай

өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы 
қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерге 1-қосымша, 
беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                               Қазақстан Республикасы
                                    Үкіметінің 
                               1999 жылғы 22 қазандағы
                                  N 1586 қаулысына
                                      1-қосымша
     
       Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы
              проценттік үстемеақылар туралы
     


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін белгіленген тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар:
      Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент Сенатының Төрағасына, Парламент Мәжілісінің Төрағасына, Премьер-Министріне, Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Премьер-Министрінің орынбасарларына - 30 процент мөлшерінде;
      мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдеріне, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі төрағаларының орынбасарларына, Парламент Палаталары тұрақты комитеттерінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына - 20

процент мөлшерінде;
     Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшыларының 
орынбасарларына, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі Аппараттарының 
Басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына, Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан 
Республикасы Президентінің күзет қызметі мен жеке күзетінің бастықтарына - 
15 процент мөлшерінде төленеді.
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Икебаева А.Ж.