Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1508

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Энерго Продакт Лимитед" акционерлік қоғамына Батыс-Қазақстан,

Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан, Большая Хобда мен Уил 
өзендерінің аралы аумағындағы көмірсутегі шикізатты барлауға лицензия 
берілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі осы 
қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.