Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1469

Қолданыстағы
      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы U984153_ Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының талаптарын iске асыру мақсатында республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ауруханаларды, емханаларды және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы ретiнде айқындау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша клиникалық базалар туралы ереженi;
      интернатура туралы ереженi бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi:
      1999/2000 оқу жылынан бастап республиканың жоғары медициналық оқу

орындарында "емдеу iсi" және " педиатрия" мамандықтары бойынша интернатура 
ашсын;
     көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiктiлiктiң тiзбесiн айқындасын;
     республикалық бюджетте қарастырылған жоғары оқу орындарында
кадрларды даярлауға көзделген қаржының шегiнде интернатураны 
қаржыландыруды жүзеге асырсын.
     4. "Нарыққа өту жағдайында денсаулық сақтауды жетілдірудің шұғыл 
шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 
5 тамыздағы N 657  

P920657_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1992 ж., N 31, 482-құжат) 11-тармағының екінші абзацының күші жойылды деп
танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
                                Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
                                   1999 жылғы 28 қыркүйектегі
                                       N 1469 қаулысымен
                                          бекiтiлген
     
     Жоғары медициналық білiм беру ұйымдарының
    клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың,
    емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесi
     
     Қазақ мемлекеттiк медициналық университетiнiң
     клиникалық базасы:
     
     Алматы қаласындағы Алматы облыстық ауруханасы
     Алматы қаласының қалалық клиникалық жедел
     жәрдем ауруханасы
     Алматы қаласының N 1 қалалық перзентханасы
     Алматы қаласының N 5 қалалық перзентханасы
     Алматы қаласының N 1 қалалық балалар ауруханасы
     Алматы қаласының отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясы
     Алматы мемлекеттiк дәрiгерлердi жетiлдiру
     институтының клиникалық базасы:
     
     Алматы қаласының қалалық орталық клиникалық
     ауруханасы.
     
     Ақмола мемлекеттiк медициналық академиясының
     клиникалық базасы:
     
     Астана қаласының N 2 қалалық клиникалық ауруханасы
     Астана қаласының N 2 қалалық клиникалық балалар
     ауруханасы
     Астана қаласының отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясы
     
     Қарағанды мемлекеттiк медициналық академиясының
     клиникалық базасы:
     
     Қарағанды қаласындағы Қарағанды облыстық
     аймақаралық емдеу диагностикалық бiрлестiгi
     
     Қарағанды қаласының отбасылық-дәрiгерлiк
     амбулаториясы
     
     Семей мемлекеттiк медициналық академиясының
     клиникалық базасы:
     
     Семей қаласындағы Семей облыстық ауруханасы
     Семей қаласының клиникалық балалар ауруханасы
     Семей қаласындағы N 12 отбасылық-дәрiгерлiк
     амбулаториясы
     Павлодар қаласының N 1 қалалық ауруханасы
     Павлодар қаласының отбасылық-дәрiгерлiк 
     амбулаториясы
     
     Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясының оқу
     клиникалық базасы:
     Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық клиникалық
     ауруханасы
     Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе станциясының жол 
     ауруханасы
     Ақтөбе қаласының отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясы
     Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медициналық
     академиясының клиникалық базасы:
     Шымкент қаласының N 2 медициналық бiрлестiгi
     Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасы
     Шымкент қаласының отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясы


    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.