Ішкі жану двигательдерінің бөлшектеріне арналған шектеу шараларын жою және алюминийдің қайталама қорытпыларының экспортына бақылау орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
P971037_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат):
көрсетілген қаулыға 4-қосымшаның 1,2 және 3-бағандары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Өңделмеген қайталама 7601 20 910,
алюминий қорытпалар: 7601 20 990
кесек түрінде, басқалар 7603 - 7616 (тек
және олардан жасалған қайталама
бұйымдар қорытпалардан)
2) (Күші жойылды - 2004.12.27. N 1404 Қаулысымен).
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі