Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1425

Қолданыстағы
      Ішкі жану двигательдерінің бөлшектеріне арналған шектеу шараларын жою және алюминийдің қайталама қорытпыларының экспортына бақылау орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай

өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет 
көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  

P971037_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат):
     көрсетілген қаулыға 4-қосымшаның 1,2 және 3-бағандары мынадай 
мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     
     "Өңделмеген қайталама    7601 20 910,
     алюминий қорытпалар:     7601 20 990
     кесек түрінде, басқалар  7603 - 7616 (тек
     және олардан жасалған    қайталама
     бұйымдар                 қорытпалардан)
     2) "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243
 

P981243_

   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 
410-құжат):
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     "840991000,     Ұшқыннан оталатын ішкі жану
     840999000       поршеньді двигательдеріне
                     арналған поршеньдер, 
                     цилиндрлердің гильзалары,
                     поршень шығыршықтар              150 тонна";
     деген жолдар алынып тасталсын;
     ескерту алынып тасталсын;
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     "760120 910,   Өңделмеген қайталама алюминий
     760120 990     қорытпалар: кесек түрінде, басқалары"
     деген жолдар алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.