Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
мына құрамда "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының директорлары кеңесiн бекiтсiн:
Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының бiрiншi орынбасары, төрағасы;
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi;
Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.18. N 1083
қаулысымен. P001083_
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi өзiнiң бұрын қабылданған "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының мәселелерi жөнiндегi барлық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жыл 26 наурыздағы N 308
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат
1-тармағының 3) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.