Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 қыркүйек N 1389

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 1384  

P981384_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 
50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1) 1-тармақта:
     мыналар Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру 
жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
     
     Кәрібжанов Қайрат           - Қазақстан Республикасының Көлік, 
     Сәлімұлы                      коммуникациялар және туризм
                                   вице-министрі
     
     Нигай Эдуард                - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Михайлович                    жағдайлар жөніндегі агенттігінің  
                                   Астана қаласындағы уәкілетті өкілі
     
     Тәжияқов Бисенғали          - Қазақстан Республикасының
     Шамғалиұлы                    Ұлттық Банкі төрағасының
                                   орынбасары (келісім бойынша)
     
     Өртембаев Асқар             - Қазақстан Республикасының
     Қалмұхаметұлы                 Премьер-Министрі орынбасарының
                                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                   министрінің кеңесшісі, хатшы
     
     "Дробжев Виктор Иванович    - Қазақстан Республикасының
                                   Ғылым министрлігі - Ғылым
                                   Академиясы Мемлекеттік ғылыми-
                                   техникалық сараптама және
                                   ақпараттық инфрақұрылымдар
                                   департаментінің директоры"
     деген жолдағы "ақпараттық" деген сөз алынып тасталсын;
     "- Ғылым академиясы" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен 
ауыстырылсын;


      Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы, Абдулина Нәйла Құрманбекқызы және Нұр-Ахмет Досмұхамет көрсетілген құрамнан шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      I "Жалпы ережелер" тарауының 2-тармағында:
      "Көлік, коммуникациялар министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің" деген сөздермен;
      "- Ғылым академиясының" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен;
      "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының

(келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше 
жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тараудағы 12-тармақтағы 
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" деген 
сөздер "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.