Ұлттық мұражай мен Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті оқу-әкімшілік корпусының құрылысын қаржыландыру схемасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
1) "Ұлттық мұражайдың және Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті
оқу-әкімшілік корпусының құрылысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 861
қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 861
қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 9 тамыздағы N 1118
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.