Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 861 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 тамыз N 1118. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.13. N 1384 қаулысымен. ~P991384

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi аумақтық органдарының штат санын 4 бiрлiкке қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасы Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігiнiң штат саны 4 бiрлiкке ұлғайтылсын. 
      2.  Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21.  N 1433  Қаулысымен.
      3. "Штат саны лимитiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 ақпандағы N 132 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен агенттiктердiң (министрлiктердiң жанындағы комитеттердi қоса алғанда) орталық аппараттары мен олардың аумақтық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң штат саны лимитiнде:
      реттiк нөмiрi 3-жолдағы "10617" және "9759" деген сандар "10613" және "9755" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 15-жолдағы "22", "22" деген сандар "26", "26" деген сандармен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі