Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1380

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға "Экспортты Қазақстан Республикасының Үкіметі

рұқсатының негізінде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың 
тізбесінің" 2-қосымшасында:
     "Қару-жарақ және әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы 
жиынтықтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар 
мен қызмет көрсету" деген екінші жолында:
     2-бағандағы "8802 12 100" деген сандардан кейін "8802 20 100" деген 
сандармен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
     
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.