Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1380. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулыға "Экспортты Қазақстан Республикасының Үкіметі рұқсатының негізінде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінің" 2-қосымшасында:
     "Қару-жарақ және әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы жиынтықтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсету" деген екінші жолында:
     2-бағандағы "8802 12 100" деген сандардан кейін "8802 20 100" деген сандармен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі