Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек N 1315

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) <*>
       Ескерту. 1-тармағының 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 781  қаулысымен .
      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде:
      "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайтын тәртiппен пайдаланады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі