Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек N 1315

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Қазақ КСР-iндегi мемлекеттiк экологиялық сарапшылық туралы ереженi бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 қазандағы N 637 қаулысына (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 24, 177-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақ КСР-індегі мемлекеттiк экологиялық сарапшылық туралы ережеде:
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзгенi үшiн ақы түрiнде түсетiн барлық қаражат бюджетке аударылады";
      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547 P950547_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде:
     "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген 
Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен 
қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлiгi айқындайтын тәртiппен пайдаланады".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     

  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.