Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1290

Қолданыстағы
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990389_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолдану мерзімдерінің тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1290 қаулысымен бекiтілген


      Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын
      әзiрлеудiң, бекiтудің және қолданылу мерзiмдерiнiң тәртiбi

      1. Осы Тәртiп "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      2. Бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi.
      3. Қазақстан Республикасының бiлiм бару саласындағы орталық атқарушы органдары конкурстық негiзде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады.
      4. Конкурсты өткiзудiң тәртiбiн, конкурстық комиссия туралы ереженi және оның құрамын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары айқындайды.
      Конкурстық комиссиясының құрамына бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, сондай-ақ комиссияның бүкiл құрамының кемiнде жартысын құрайтын ғалымдар мен бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерi енгiзiледi.
      5. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттік органмен келiсiм бойынша, конкурстық комиссияның қорытындысы негiзiнде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын және олардың қолданылу мерзiмдерiн бекiтедi.

     Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының қолданылу 
мерзiмдерiн бекiту кезiнде мiндеттi түрде бiлiм берудiң тиiстi 
деңгейлерiнiң бiлiм беру бағдарламаларының ерекшелiктерi ескерiледi.
     6. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарына өзгерiстер 
және (немесе) толықтырулар енгізу осы Тәртiппен белгiленген талаптар 
сақталына отырып жүзеге асырылады.


   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.