Ескерту. Тақырыбында және мәтiнi бойынша "этил спиртiн сақтау мен сатуды," деген сөздер алынып тасталды - 2004.08.13. N 860 қаулысымен .
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1999 жылғы "27 "тамыздағы
N 1258 қаулысымен
бекiтiлген
Этил спиртi мен алкоголь өнiмін өндiрудi, алкоголь өнiмін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың
Тәртібі
Ескерту. Тақырыбында және мәтiнi бойынша "этил спиртiн сақтау мен сатуды", "этил спиртiн сақтау мен сатуға", "этил спиртiн сақтау мен сату" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.13. N 860 қаулысымен .
1. Осы Тәртiп "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және этил спиртi мен алкоголь өнiмінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Осы Тәртiп заңды және жеке тұлғаларға этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме, бөлшек сатуға байланысты лицензиялық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң ретiн белгiлейдi.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкілеттік берiлген мемлекеттiк орган бекiткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнiмiн қойма үй-жайларынан шектеусiз көлемде босату алкоголь өнiмiн көтерме сату болып табылады.
4. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда және фискальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын тұтыну немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін алкоголь өнiмiн сату бөлшек сауда жасау болып табылады.
5. Лицензия қызметтiң мынадай түрлерінің әрбiрiне беріледi.
1) этил спиртiн өндiру;
2) алкоголь өнiмiн өндiру;
3)
(алып тасталды)
4) алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату;
5) алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау.
Лицензиялауға сондай-ақ лицензиялау тәртібі бөлек нормативтік-құқықтық актімен айқындалатын этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты жөніндегі қызмет те жатады.
6. Лицензияны:
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган осы Тәртiптiң 5-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетілген қызметтiң түрлеріне;
2) осы Ереженiң 5-тармағының 4)-5) тармақшаларында көрсетiлген қызмет түрлерiне жергiлiктi атқарушы органдар бередi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.13. N 860
қаулысымен
.
8. Лицензияның формасын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Лицензия бланкiсi қатаң есептiк құжат болып табылады.
9. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) белгiленген үлгідегi өтiнiш;
2) мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк (заңды тұлғалар үшін);
3) өтініш берушiнiң білiктiлiк деңгейiнiң лицензияланатын қызметтiң тиiстi түрiне қойылатын талаптарға сәйкес екендiгiн растайтын мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорын берген құжаттар;
4) санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;
5) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiруге лицензия алу үшiн - экологиялық қадағау органдарының қорытындысы;
6) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiруге лицензия алу үшiн - өртке қарсы қызмет органының қорытындысы;
7) қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгендiгiн растайтын құжат;
8) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiруге лицензия алу үшiн - өтiнiш берушiнiң стационарлық өндiрiстiк үй-жайлар мен жабдыққа меншiк құқығын растайтын құжаттар.
Осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетiлген құжаттар бiріншi басшының қолымен және өтiніш берушінің мөрiмен куәландырылған көшiрмелерде ұсынылады.
Осы тармақтың 3)-6) тармақшаларында санамаланып көрсетiлген құжаттардың өту мерзiмi құжаттарды қабылдау күнiнде оларды берген күннен бастап 3 айдан аспау тиiс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N
1164
қаулысымен
.
10. Лицензияланатын қызметтен айналысу құқығына арналған лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге берiледi.
11. Лицензия өтiнiштi барлық қажетті құжаттармен бiрге берген күнiнен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
Лицензияны беруден бас тартылған кезiнде өтініш берушiге лицензияны беру үшiн белгіленген мерзiмдерде, жазбаша түрде дәлелдi жауап беріледі. Лицензияны беруден бас тарту - өтiнiш берушіге қолы қойдырылып табыс етiледi немесе почтамен жiберiледi.
12. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттiк берiлген адам қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
13. Этил спиртi мен (немесе) алкоголь өнiмiн өндiруге лицензия алу үшiн өтініш берушіде мыналар болуы тиiс:
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң (бальзамдардан, коньяктардан, шарап шаруашылығы өнімінен және сырадан басқа) әрбiр технологиялық желiге жылына 200 мың далдан төмен емес көлемде өндiру мүмкiншiлiгi;
2) өндiрушi әзiрлеген және бекiткен өндiру паспорты;
3) спирт өлшейтiн аппараттар (этил спиртiн өндіруi кезiнде) және лицензиарға өндiрiлген көлемдер туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн алкоголь өнiмiн (сыра мен газдалған алкоголь өнiмiнен басқа) өндiру кезiнде, лицензиар пломбылаған және белгiленген талаптарды қанағаттандыратын өндiру көлемдерiн есепке алу приборлары;
4) қойма үй-жайлары - спирт сақтау қоймалары (этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру кезiнде, оған этил спиртi қолданылғанда) - этил спиртiн қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшiн ғана арналған, және техникалық құжаттамаға сәйкес келетiн мамандандырылған стационарлық үй-жайлары немесе алаңдары;
5) қойма үй-жайлары - нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келетін: тек алкоголь өнiмiн қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлары (алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу үшін);
6) шикiзат пен өнiмдi өндiру мен сапасын химиялық және технологиялық бақылау бойынша өтініш берушiге аттестатталған сынақ лабораториялары, ал жылына 100 мың декалитр қуаттылықтағы сыра зауыттары үшін - шикізат пен дайын өнімді өндіру сапасына химиялық және технологиялық бақылау жүргізуге арналған лабораториямен шарттың болуы;
7) өтiнiм берушi жүзеге асыруы үшiн лицензия алуға талап қылған қызмет саласындағы техникалық құжаттаманың;
8) стационарлық коммуникациялардың - нормативтiк техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес өндiрiстiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, бу-,салқын-, электр жабдықтаудың және канализацияның;
9) таразы және өлшеу шаруашылығының;
10) алкоголь өнiмiн, өндiрiстiң қосалқы өнiмдерiн, шикiзатты, қосымша материалдарды, ыдыстарды нормативтiк техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сақтаудың жағдайлары;
11) өндiрiстi және сынақ лабораторияларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтамасыз етуi;
12) өзiндiк ерекшелiгi бар жабдықпен өндiрiстiң аппаратуралық-технологиялық схеманың, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларының болуы керек.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.13. N 860
қаулысымен
.
14. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және меншiк құқығында өндiрушiге тиесiлi жабдықтарда және тиiстi бiлiктiлiк талаптарында жол берiледi.
Аталған үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға байланысты қызметтi лицензиялауға жол берiлмейдi.
Этил спиртi мен алкоголь өнімiн екi және одан көп лицензиатқа бiр және дәл сол жабдықта және дәл сол стационарлық үй-жайларда өндiруге тыйым салынады.
15. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуға арналған лицензияны алу үшiн өтiнiш берушiде мыналар болуы тиiс:
1) мамандандырылған үй-жайлар - тек алкоголь өнiмiн сақтау, қабылдау мен босату үшiн;
қосалқы үй-жайлар - ыдыстарды сақтау, өнімді сату, қабылдау-орауын ашу және орау-қаптау жұмыстары үшiн, сондай-ақ тауар үлгiлерiнің стенд-витриналары;
инженерлiк-техникалық үй-жайлар (жабдықтарды сақтау, көтергіш-көлiк тетіктерін қою, күзет және өрт дабылдамалары болмаған кезде өрт қызметi үшiн және басқалар);
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген мамандандырылған үй-жайларға автомобиль және/немесе темiр жол кiре берiстерi;
3) коммуникациялық жүйелер - салқын сумен жабдықтау, канализация, жылу, электрмен жабдықтау, желдету, сондай-ақ өртке қарсы құралдар, өрт дабылдамалары (өрт күзеті);
4) тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ететін техникалық құжаттама (санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерi);
5) стандарттау, метрология және сертификаттау органдарымен белгiленген тәртiпте келiсiлген өлшеу құралдары және оларды тексерудiң кестесi;
6) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтiн белгiленген талаптарға сәйкес келетiн сақтау жағдайлары (температуралық режимдi және басқа да өлшемдердi, тауарлық көршілестiктi және сақтаудың өзге де жағдайларын ұстану);
7) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес жұмыс iстеушiлердiң еңбек жағдайын қамтамасыз ететiн арнаулы киiмдер мен басқа да қорғаныш құралдары
8) сауда-делдалдық қызмет саласында кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.
16. Алкоголь өнiмiн сақтаумен және көтерме сатумен байланысты қызметке (сырадан басқа) екi немесе одан да көп лицензиатқа бiр үй-жайда тыйым салынады.
17. Алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасауға арналған лицензияны алу үшiн өтiнiш берушiде мыналар болуы тиiс:
1) стационарлық үй-жайлар, сумен жабдықталған, энергиямен жабдықталған, канализациясы (ауылдық жерлердегi елдi мекендерден басқа), өртке қарсы қондырғылары, күзет дабылдамалары бар, яғни iргесi бар, оларды қозғау өздерiнiң құрастырмаларына зиян келтiрусiз мүмкiн емес күрделi ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiктерi.
Стационарлық үй-жайда мынадай топтарға бөлiнетiн үй-жайлардың жиынтығы болуы тиiс:
сауда үй-жайы (сауда залы, яғни жұмыс тауарлары мен көрмелік запастары қойылатын, сондай-ақ сатып алушылар тауарларды таңдап алу жүзеге асырылатын, таңдап алынған тауарларға есеп айырысу операциялары, сатып алушыларға түрлi қосымша қызметтер көрсетiлетiн үй-жай). Сауда залына сондай-ақ ресторандарға, кафе, барларға келушiлерге қызмет көрсету залдары да жатады;
қабылдауға, сақтау мен тауарларды сатуға дайындауға арналған үй-жай (бұларға: тауарларды сақтауға арналған қабылдау бөлмелері, түсіру орындары, шағын қоймалар, тауарларды сатуға дайындауға арналған үй-жайлар, орау-қаптау және жинақтау орындары да жатады);
қосалқы үй-жайлар (ыдыстар мен контейнерлерді сақтауға арналған үй-жай, ыдыстарды қабылдауға арналған үй-жай;
әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жай;
техникалық учаскелер (желдеткіш камералар, ауаны салқындату камералары және басқалар);
2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттары;
3) алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасаумен айналысатын субъектiлердің қызметiн реттейтін нормативтік құқықтық актiлер мен техникалық құжаттама (санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерi және басқалар);
4) стандарттар мен техникалық шарттардың мiндеттi талаптарының сапасына сәйкес келетiн сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналар (аспалы, арнаулы), сөрелер және басқалар;
5) сақтау кезiнде сапасының жоғалуына жол бермейтін белгiленген талаптарға сәйкес келетiн сақтау жағдайлары (температуралық режим мен басқа да өлшемдердi, тауарлардың көршiлестiгiн және сақтаудың басқа да жағдайларын ұстану.
17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 17-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 302
қаулысымен
.
4. Лицензияны беруден бас тарту, қолданылуын тоқтату,
оны қайтып алу және тоқтата тұру
18. Лицензия егер:
1) субъектiлердiң аталмыш санаттарына қызметтiң белгiлi бiр түрін жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
2) лицензиялау үшін талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаса. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергілердi жойған кезiнде өтініш жалпы негiздерде қаралады;
3) өтiнiш берушi белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе;
4) өтiнiш берушiге қатысты соттың оның қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салынатын шешiмi болса;
5) лицензиялық алым төленбесе берiлмейдi.
19. Лицензияны беруден бас тартуға:
1) өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң орынсыздығы;
2) рыноктың өндiру не сату үшiн лицензия талап етiлетiн тауарлармен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен) мол қамтылғаны;
3) рынокта монополды жағдайды қамтамасыз ету;
4) өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиетi мен iскерлiк беделiне күмәндану себептерi бойынша, оның iшiнде бұрынғы сотталғандығы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, бұрынғы лицензияларды қайтып алу себептерi бойынша, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң қолданылуын тоқтатқан (өтеген) болса тыйым салынады.
22. Лицензия:
1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
2) сот лицензиатқа ол лицензияда жүзеге асыратын қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салған;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайда заң актiлерiмен өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен қайтып алынуы мүмкiн.
23. Лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы лицензиар жүргiзетін тексерулер арқылы анықталады.
24. Лицензиар лицензияның қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) заңды немесе лицензиялау тәртiбiн бұзғанда;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымының көлемдерiн декларациялаудың белгiленген тәртiбiн бұзғанда;
3) лицензиар құзыретiнiң шектерiндегi талаптарды орындамағанда;
4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн заңның талаптарын бұза отырып өндiргенде;
5) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стандарттардың талаптарына сәйкестiкте емес өндiргенде немесе сатқанда;
6) лицензиарға мәлiметтердi беруден бас тартқанда немесе кәмiл емес ақпаратты бергенде;
7) акциздердi ұдайы төлемегенде;
8) алкоголь өнiмiн таңбалаудың тәртiбiн бұзғанда;
9) лицензияда көрсетiлмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiргенде, алкоголь өнімiн (сырадан басқа) сақтағанда немесе сатқанда;
10) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымының көлемi туралы декларацияларды бұрмалағанда және/немесе белгiленген мерзiмдерде бермегенде;
11) лицензиат дәрменсiз болғанда;
12) этил спиртiн сатудың, алкоголь өнiмiн көтерме және бөлшек сатудың ережелерiн бұзғанда;
13) сатуда шығу тегi белгiсiз алкоголь өнiмi анықталғанда;
14) бөлшек саудамен айналысатын субъектiлер алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуға лицензиясы жоқ шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден сатып алғанда себептерiн көрсете отырып алты айға дейін мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.13. N 860
қаулысымен
.
25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау лицензиаттың қатысуымен тексерулердiң нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
26. Лицензиат қолы қойдырылып немесе почта арқылы мәлiмделiп (құлақтандырылып) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарайтын күн және орны туралы хабарландырылады.
27. Лицензиат келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
28. Лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмi лицензиатқа қолы қойдырылып тапсырылады не почтамен
(құлақтандырудың) жiберiледi.
29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерiн лицензиат жойған соң лицензия қолданылуы қайта басталады, бұл туралы лицензиатқа жазбаша түрде қолы қойдырылып не почта арқылы хабарламамен (құлақтандыру) мәлiмдемеледi.
30. Лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешiмдi лицензиар жүргiзiлген тексеруден соң қабылдайды.
5. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын
қызметті бақылау
31. Лицензияларды есепке алу мен лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
32. Тексерулердi жүргiзудiң және олардың нәтижелерiн ресiмдеудiң тәртiбiн лицензиар белгiлейдi.
6. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттерi
33. Лицензиат:
1) лицензияны тоқтата тұру, тоқтату немесе қайтып алу мәселелерi бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар осы материалдарды қараған кезiнде қатысуға;
2) лицензия беруден бас тарту туралы шешiмге;
лицензияның қолданылуы туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға;
3) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
34. Лицензиат (лицензияланатын қызметтiң барлық түрiне қойылатын лицензиаттардың жалпы міндеттері):
1) санитарлық, экологиялық, өрт қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн және басқа да заңдардың талаптарын сақтауға;
2) өндiрiлген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн сату кезiнде және лицензиар белгiлейтiн нысан бойынша алкоголь өнiмiн көтерме сату кезiнде көлiк құжатын ресiмдеуге;
3) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi тиiстi мемлекеттiк орган айналымнан шығарып тастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда оларды сатуды дереу тоқтатуға;
4) белгiленген үлгiдегi сәйкестiк сертификаты (және белгiлерi) бар алкоголь өнiмiн белгiленген тәртiппен таңбаланған акциз алымы таңбаларымен сатуға;
5) тиiстi стандарттардағы этил спиртi мен алкоголь өнiмiн, сондай-ақ зиянды қоспалардың жол берiлетiн шектi шоғырын сақтай отырып сатуға мiндеттi;
6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға;
7) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға.
Ескерту. 6)-7)-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.01.19. N 97
қаулысымен
, өзгеріс енгізілді - 2004.08.13. N 860
қаулысымен
.
35. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге лицензиясы бар лицензиат:
1) тек тамақ шикiзатынан өндiрiлген этил спиртiн қолдануға;
2) тоқсан сайын кемiнде 37,5 мың дал этил спиртiн және (немесе) арақ және ликер-арақ өнiмiн өндiруге;
3) алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) көтерме сатып алушыға алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуға лицензиясын көрсетуi кезiнде ғана немесе өзiнiң фирмалық мамандандырылған дүкендерi арқылы сатуға;
4)
(алынып тасталды)
5) өндiрiстi химиялық, технологиялық және микробиологиялық бақылаудың тиiстi журналдық есебiн, өндiрiстiң есебiн, сондай-ақ берушiлер мен тұтынушылар тұрғысында этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының есебiн қамтамасыз етуге;
6) этил спиртiн сенiмхаттың негiзiнде және жеке басын куәландыратын куәлiгiн көрсетуi кезiнде тек этил спиртін бiрiнші басшылардың бұйрықтарымен алуға уәкілеттiк берiлген адамдарға сатуға;
7) өндiрiстiк қуаттар өзгерген жағдайда:
ұлғайған кезiнде - қызметтi лицензиармен келiсiлген өндiрiстiң паспорты болуы кезiнде жаңадан қосылған қуаттарда жүзеге асыруға;
азайған кезiнде - қызметтi лицензиар өндiрiстiң паспортын бекіткен соң жүзеге асыруға;
8) алкоголь өнiмiн өндiретiн жерлерден тысқары жерде орналасқан қойма үй-жайлар болған кезiнде алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуды белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi лицензиясы болған кезiнде ғана жүзеге асыруға. Егер көрсетілген қойма үй-жайлары заңды тұлғаның филиалының мүлкiне жататын жағдайда, алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуда лицензиардың тиiстi рұқсаты болған кезiнде жүзеге асыруға мiндеттi;
9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2000.01.19. N 97
қаулысымен
, 2004 жылғы 11 наурыздағы N 302
қаулысымен
, 2004.08.13. N 860
қаулысымен
, 2005.03.01. N 187
қаулысымен
36. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуға лицензиясы бар лицензиат:
1) алкоголь өнiмiн көтерме сатуда алкоголь өнімін сақтауға, қабылдау мен босатуға ғана арналған, біліктiлiк талаптарына жауап беретін үй- жайлардан, сатып алушы алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға арналған лицензиясын немесе алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасауға арналған лицензиясын көрсеткен кезінде ғана жүзеге асыруға;
2) берушiлер мен тұтынушылар тұрғысында тиiстi журналдық есептi қамтамасыз етуге мiндеттi.
37. Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға арналған лицензиясы бар лицензиат:
1) алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауданы сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда ғана не стационарлық үй-жайлардың жанындағы және фискальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған жаздық алаңшаларда жүзеге асыруға;
2) сатылатын алкоголь өнiмiне арналған сәйкестiк сертификатының түп нұсқасы немесе белгiленген тәртiппен куәландырылған оның көшiрмесi болуы мiндеттi.
38. Қызметтiң тиiстi түрiне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн сатуды қоспағанда, этил спиртi бөлшек саудада сатуға тиым салынады.
39. Филиалдарын ашқан кезiнде лицензиат белгiленген тәртiппен этил спиртiн өндiруге, алкоголь өнiмiн өндiруге, сақтау мен көтерме сатуға лицензиардың рұқсатын алуға мiндеттi.
Көрсетiлген рұқсатты алу үшiн лицензиат осы Тәртiптiң 9-тармағының 1)-6), 8) тармақшаларында айтылған құжаттарды әрбiр филиал үшiн ұсынады.
Лицензияның қосымшасында өтiнiш берушi қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыруға құқығы бар әрбiр филиал туралы мәлiметтер болады.
7. Лицензиаттың жауапкершiлiгi
40. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн өзi ұсынған құжаттардың ақиқаттығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
41. Лицензиат қызметтi лицензиясыз жүзеге асырғаны үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қызметтi этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және айналымы бойынша тиiстi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кiрiс Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi бюджетке алынып қойылуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 27 тамыздағы
N 1258 қаулысына
қосымша
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауды және көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 323-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 39 қаулысының 1-тармағының он жетiншi-жиырма үшiншi абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 14-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 маусымдағы N 577 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1998 ж., N 19, 171-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қаңтардағы N 31 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 9-құжат).