Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру мен мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасына сәйкес республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру мәселелерiн ретке келтiру мақсатыңда Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын жекешелендiрудiң мерзiмдерi мен түрлерiн айқындау үшін мүдделi министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен жұмыс комиссиясын құрсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы
"18 "тамыздағы N 1191
қаулысымен бекiтiлген
Республикалық меншiктегі жоғары оқу
орындарын және ғылыми-техникалық саланың
ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта
ұйымдастырудың Тәртібі
Осы Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртiбi "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру мен мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасының 5.5.-тармағына сәйкес әзiрлендi және республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың ерекшелiктерiн реттейдi. Z030415
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке тәртiпте қабылдайды.
Құрылатын акционерлiк қоғамдар қайта ұйымдастырылатын жоғары оқу орындарының және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады.
2. Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және
ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк
қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру
2. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары және ғылыми-техникалық саланың ұйымдары жарғылық капиталында мемлекет жүз процент қатысатын акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыруға жатады.
3. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әрбiр жағдайда жеке түрде жүзеге асырылады.
4. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру оған белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыру сәтiнде ұйымның балансындағы мемлекеттік мүлiктi салым ретiнде енгiзу арқылы жүргiзiледi.
3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың
ұйымдары қызметкерлерiнiң мүддесiн ескеру
5. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерiнiң мүддесiн ескеру мақсатында оларды акционерлiк қоғамдар болып қайта ұйымдастырғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен акциялардың қосымша эмиссиясымен жарғылық капиталын ұлғайтуға рұқсат етіледi.
Акциялардың қосымша эмиссиясы қайта ұйымдастырылатын жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың қызметкерлерi құрған және белгіленген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалардың арасында жабық тәсiлмен орналастырылады.
Бұл ретте акциялардың қосымша эмиссиясының сомасы шығарылған жарғы капиталының жалпы мөлшерiнiң 25 процентiнен аспауы керек.
6. Қосымша эмиссияның акцияларын орналастыруға осы эмиссияға уәкiлетті орган берген ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болған кезде ғана таратуға рұқсат етiледi.
7. Қайта ұйымдастырылған жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерi құрған заңды тұлғалар қосымша эмиссияның акцияларын төлеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Акцияларды төлеуге ақшадан басқа енгiзiлетiн салымды және оның бағасын аудитор растауы тиiс.
Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.