"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 17 тамыз N 1175

Жаңартылған

       Ескерту. Атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.05.21. N 570   қаулысымен .

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.07. N 432   қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне заңдарда белгiленген тәртiппен Қордың директорлары кеңесiнiң құрамын қосымшаға сәйкес бекiту жөнiнде шаралар қабылдасын. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.07. N 432   қаулысымен
      3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртiбiн айқындасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн. 
      1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. N 17, 152-құжат): 
      6-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      1 және 2-тармақтардағы "министрлiктерге" деген сөзден кейiн "және өзге де мемлекеттiк органдарға" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      тақырыбы "өзге де мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.07. N 432   қаулысымен
      5. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"  акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 44  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1999 жылғы 17 тамыздағы     
N 1175 қаулысына         
қосымша                

  "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк
қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы 

Кравченко                 - Қазақстан Республикасының Индустрия Иван Михайлович             және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға

Дәрiбаев                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Mұpaт Амангелдіұлы          сауда министрлігі Кәсіпкерлiктi дамыту
                            департаментiнiң директоры

Тәжияқов                  - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы        Ұлттық банкi Төрағасының
                            орынбасары (келiсiм бойынша)

Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика
                            және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Күрiшбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы          шаруашылығы вице-министрi

Кадюков                   - Қазақстан Республикасының
Николай Викторович          Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
                            мүлiк және жекешелендiру
                            комитетi төрағасының орынбасары

Манақбай Толымбек -       - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
                            акционерлiк қоғамы Басқармасының
                            төрағасы
      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.08.17. N 914  қаулысымен , 2003.05.07. N 432   қаулысымен , өзгеріс енгізілді - 2003.11.29. N 1217   қаулысымен , 2004.05.21. N 570   қаулысымен , 2004.07.26. N 791   қаулысымен ,   2005.03.19. N 250  қаулысымен .