Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 тамыз N 1143

Қолданыстағы
      "Қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімдерді экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне қажетті құжаттарды дайындаудың және рұқсат берудің тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 P990156_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат):
      осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің

регламентінде, 18-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының 
аумағы арқылы транзиттеуді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің рұқсаттарын беру туралы қаулылардың жобаларын дайындау 
мәселелері Үкімет бекітетін тиісті ережелермен айқындалады.";
     2) 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2) тармақшасы өзгерді - Қазақстан                
              Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен.   
               

P000450_

 
     
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                          1999 жылғы 11 тамыз
                                      N 1143 қаулысымен бекітілген
     
            Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді
       Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге 
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің тәртібі
     
                  1. Жалпы ережелер
     


      1. "Қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімдерді экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде (бұдан әрі - Рұқсат), Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      2. Осы Ереже қажетті құжаттарды дайындаудың және Рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
      3. Рұқсат беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      Шешiмдердiң жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Жұмыс органы) жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
               28 наурыздағы N 450 қаулысымен. P000450_

      4. Осы Ережелермен белгіленген Талаптар экспорттауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге байланысты барлық заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші), шетелдіктерді қоса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан қолданылады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы

Ережелерде көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленген болса, онда 
халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
     5. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының 
аумағы арқылы транзиттеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 
өтінім берушінің тарапынан сақтандыру және басқа қаржылық кепілдіктер, не 
транзитті жүзеге асырған кезде болуы мүмкін авариядан келетін зиянды өтеу 
туралы өзге де міндеттемелер тапсырылған жағдайда рұқсат етіледі.
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540          
              қаулысымен. 

P001540_

 
     
       2. Рұқсат алу үшін қажетті өтініш пен құжаттарды
                      берудің тәртібі
     
     6. Өтінiш Жұмыс органына өтiнiш берушi елiнiң ресми органдары арқылы 
берiледi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000    
              жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен.  

P000450_

 
     
     7. Өтінішке мыналар қоса берілуі тиіс:
     1) өтініш беруші-ұйымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің 
көшірмесі;


      2) Қазақстан Республикасында экспорттауға жататын өнімдерге байланысты іс-әрекетті жүзеге асыруға құқығын өтініш берушінің ол тіркелген мемлекеттің қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес растауы;
      3) сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша кодтары көрсетілген, транзиттеуге жататын өнімдердің номенклатурасы мен көлемі (табиғи және құны тұрғысында);
      4) Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімді беруге арналған келісім-шарттың көшірмесі;
      5) мәлімделген транзиттік тасымалды жүзеге асыру кезінде болуы мүмкін аварияның салдарын жоюға төтенше оқиғалардың алдын алу және әрекет ету жүйесінің дайындығын өтініш берушінің елінің құзыретті ресми органының растауы;
      6) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін әскери жүктерді, ядролық материалдар мен жабдықтарды, арнаулы ядролық емес материалдарды, ядролық әрекеттерге қатысы бар екіұдай мақсаттағы жабдықтар мен материалдарды, реактивті материалдарды, жарылғыш заттар мен уларды нақты сақтаудың жүзеге асырылуы үшін өтініш берушінің жауапкершілігін айқындайтын құжаттар;
      7) Егер жүкті алушыға тапсырып беру оған байланысы жоқ себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, осы жүкті қайта қабылдауға экспорттық бақылауға жататын өнімді жіберушінің келісімін растайтын құжаттар;
      8) үшінші тұлға келтірген шығындар мен зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қаржылық қамтамасыз етілетінін растайтын құжаттар, оның ішінде осы ережелердің 5-тармағында қарастырылған құжаттар;
      9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргізілуіне, сондай-ақ болуы мүмкін уақытша сақтауға, қайта тасымалдауға, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының ядролық және радиоактивті қауіпсіздік жөніндегі рұқсаттарын қолданудың шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылғаны анықталған жағдайдағы атқарушы органдардың басқа да қажетті әрекеттеріне байланысты, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтіру қажеттігіне және/немесе жүктің экспорттаушы мемлекетке қайтып келуіне байланысты шығыстардың өтелетініне өтініш берушінің тарапынан кепілдікті растайтын құжаттар;
      10) мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілген қозғалыстың мерзімдері мен бағыттарын, келетін және кететін шекаралық кенттерді, көліктің түрлерін растайтын құжаттар.
      7-1. Шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болған

жағдайда:
     1) осы Ереженiң 7-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген 
құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
     2) келiсiм-шарт (осы Ереженiң 7-тармағының 4) тармақшасы) болмаған 
жағдайда, экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң берiлуi қажеттігiн 
негіздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. 
              N 1540 қаулысымен. 

P001540_

 

     8. Жұмыс органының Рұқсат берудің мүмкіндігі туралы мәселені қарау 
үшін қажетті өзге де құжаттарды талап етуі мүмкін. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  
              2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен.  

P000450_

 
     
               3. Рұқсат беруден бас тарту
     
     9. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының 
аумағы арқылы транзитін жүзеге асыруға, егер:
     1) Рұқсатты ресімдеу үшін талап етілетін құжаттар түгел тапсырылмаса;
     2) өтініш берушіге қатысты олар Қазақстан Республикасының алдындағы 
өздерінің міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімі бойынша 
Рұқсат берілмейді.
     Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бір айлық 
мерзімде жазбаша түрде дәлелдемелі жауап беріледі.
     
          4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Рұқсат алуға
                қаулысының жобасын дайындаудың тәртібі
     


      10. Жұмыс органына келiп түскен өтiнiш қоса берiлген құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының экспорттық бақылауына жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссия мүшелерiне келiсуге жолданады.
      Сараптама жүргiзу және Рұқсат берудің орындылығы туралы қорытындыны ресiмдеу үшiн құжаттар мынадай номенклатура бойынша тиiстi мемлекеттік органдарға келiсуге қосымша жолданылуы мүмкiн: <*>
      қару-жарақ және әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне. <*>
      әскери материалдар, жабдықтар мен арнаулы ядролық емес материалдар, ядролық әрекеттерге қатысы бар екіұдай мақсаттағы жабдықтар мен материалдарды; радиоактивті қалдықтарды қоса, радиоактивті сәуле шығару көздері - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне; <*>
      химиялық қару жасаған кезде пайдаланылуы мүмкін химикаттар мен олардың прекурсорлары, улар - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне; <*>
      есірткі заттар, психотроптық құралдар - Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 
комитетіне; 
<*>

     прекурсорлар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті мен 
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау 
министрлігіне; 
<*>

     қызметтiк және азаматтық қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жару 
құралдары және пиротехника - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 
министрлiгiне. 
<*>

     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000   
              жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен.  

P000450_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді және толықтырылды - Қазақстан              
              Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 1033        
              қаулысымен.  

P001033_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. 
              N 1540 қаулысымен. 

P001540_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151      
              қаулысымен. 

P010151_

 


      11. Транзитке рұқсат берудің керектігі туралы өтінішті қараудың мерзімі мен қорытындыны ресімдеу 10 күннен аспауы тиіс және осы Ережелердің 10-тармағында көрсетілген тиісті органға жобаның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
      12. Жұмыс органы Рұқсат беру туралы қаулының жобасын не өтiнiш

берушiге Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және 
тиiстi құжатты Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi 
мемлекеттік комиссиясы экспорттық бақылауға жататын өнiмдердің 
экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссиясының 
қаруына енгiзедi. 
<*>

     13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнімді транзиттеуге рұқсат 
ететін қаулысының негізінде Жұмыс органы өтініш берушіге берілетін 
"Транзитке рұқсатты" ресімдейді. 
<*>

     
     
      Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.