Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы N 88 және 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 484 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 7 тамыз N 1111

Қолданыстағы
      Орталық Азияның экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерi Премьер-Министрлерiнiң 1999 жылғы 17 маусымда Бiшкек қаласындағы кездесуінде қаралған мәселелердi реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкiметтiк делегациялары мәжiлiсiнiң хаттамалық шешiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне мынадай

толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн;
     1) "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар 
өндiрушiлердi қорғау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң 1999 жылғы 5 ақпандағы N 88  

P990088_

  қаулысында 
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 3, 23-құжат):
     3-тармақ "және 6 ай бойы қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;
     көрсетiлген қаулының қосымшасында:
     "Жылдам ашытқылар                     210210
     Маргарин                                1517
     Майонез                            210390900
     Темекi және темекiнi өнеркәсіптiк         24
     алмастырғыштар,
     шикiзаттан басқа                        2401" деген
жолдар алынып тасталсын;
     "Алкогольдi және алкогольсiз сусындар 22" деген жол:
     "Бiшкек - Кока-Кола" өнiмінен басқасы" деген сөздермен
толықтырылсын.


      2) "Қазақстан Республикасына цемент әкелуге шектеулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегі N 484 P990484_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 15 156-құжат):
      1-тармақ "цементтiң импортына" деген сөздерден кейiн, ", арнайы маркалы цементтi қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң бiрлескен бұйрығымен айқындалатын, арнайы маркалы цемент ретiнде, Қырғыз Республикасынан портландцементтi, глиноземдi, шлакты, суперсульфатты және соған ұқсас гидравликалық боялған немесе боялмаған, даяр немесе клинкерлер нысанындағы цементті (ТМД СЭҚ ТН коды 2523) импорттау сандық шектеулерсiз 1999 жылғы ІІІ тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2-2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi заңдарда белгіленген тәртіппен 2-1-тармақта көрсетiлген 
цементтi импорттауға тиiстi лицензиялар берудi қамтамасыз етсiн және 
берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн он күн сайын Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетiне ұсынып отырсын".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Омарбекова А.