Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы N 88 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 319-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "1999 жылдың 30 қаңтарына дейін" деген сөздер "1999 жылдың 28 ақпанына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі