1. "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 175-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерден, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз етудің тәртібінде: 2-тармақ "кіріс бөлігінен" деген сөздерден кейін "олармен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ "күннің қорытындылары бойынша" деген сөздерден кейін "107101 "Берешектің түсуі" коды бойынша кірістерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Икебаева А.Ж.