Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 4 мамыр N 528. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 8-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және көрсетілген Тәртіпке сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігінен процентпен облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алудың мөлшерлерін айқындасын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аудандар мен қалалардың бюджеттерінен бюджеттік алуды жүзеге асырудың қажеттігі кезінде төменгі тұрған бюджеттермен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері шоттарында дебеттік қалдықтар

қалдырмастан республикалық бюджетке бюджеттік алуларды аударуды 
қамтамасыз ететін өзара қатынастың тетігін енгізу жөнінде шаралар 
қабылдасын.
     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрінің міндетін 
     атқарушы
     
          
                                          Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                          1999 жылғы 4 мамырдағы
                                        N 528 қаулысымен бекітілген
     
      Облыстық, бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының
     бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың
                 мерзімдігін қамтамасыз етудің
                            Тәртібі 
     


      1. Осы Тәртіп "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының негізінде әзірленді және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды орындау үшін облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың (бұдан әрі - бюджеттік алулар) мерзімділігін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін бір ай мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігінен, олармен келісілген процентпен (бұдан әрі - бюджеттік алулардың проценті) бюджеттік алулардың мөлшерлерін айқындайды және оларды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің шығыс бөлігінде мәслихаттар бекіткен бюджеттік алуларды айларға бөлуді көздейді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.30. N 1083
               қаулысымен. P991083_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.28. N 1466
               қаулысымен. P991466_

      3. Бюджеттік алулардың проценттері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бюджеттік алулардың көлемдері мен облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігі сомасының негізінде айқындалады.
      4. Әкімдер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі келтірген проценттерге сүйеніп облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің шығыс бөлігінде мәслихаттар бекіткен бюджеттік алуларды айларға бөлуді көздейді.
      5. Бюджеттік алуларды аударуды бюджеттік алулардың бекітілген көлемдерінің шегінде, қаржылық рұқсат етуді дербес ашу және облыстық (қалалық) қаржы басқармасының ағымдағы шотынан бюджеттік алулардың проценттері мен күннің қорытындылары бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері кірістерінің негізінде есептелген сомаларды мемориалдық ордермен есептен шығару жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық қазынашылық органдары) жүргізеді. <*>
      Облыстық қаржы басқармалары, Астана және Алматы қалаларының қаржы басқармалары облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп жасау кезінде, шығыс бөлігінде, аумақтық қазынашылық органдары мемориалдық ордерлермен олардың шоттарынан есептен шығарған бюджеттік алулардың сомаларын көрсетеді.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.30. N 1083
               қаулысымен. P991083_
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 694
               қаулысымен. P000694_
      5-1. Күннің қорытындысы бойынша бюджеттiк алулардың" сомасын есептеу кезiнде мынадай түсiмдер:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, заңнамада белгiленген тәртiппен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешектерiнiң есебіне өтелетiн жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерi;
      заңнамада белгiленген, қарыз алу лимитiнiң шегiнде аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардан осы мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебiнен жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер) есептелмейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 694
               қаулысымен. P000694_
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ай сайын бюджеттік алулардың артық төленген және кем төленген сомаларын айқындайды және үш күн мерзімде оларды тиісті Қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізеді.
      Аумақтық қазынашылық органдары:
      - өткен айлар үшін бюджеттік алулар артық төленген кезде артық төленген сомаға бюджеттік алуды жүргізбейді;
      - оның алдындағы айдың аяғындағы есеп бойынша бюджеттік алулар кем төленген кезде кем төлеудің мөлшері қалпына келтірілгенге дейін, бірақ облыстық қаржы басқармаларының, Астана және Алматы қалалары қаржы басқармаларының ағымдағы күннің басындағы ағымдағы шотындағы қалдықтың 50%-інен асырмай осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес айқындалған сомалардан артық бюджеттік алуды жүргізеді.
      7. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігі орындалмаған жағдайда, бюджеттік алу көрсетілген бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуына сайма-сай жүргізіледі және осы Тәртіптің 5 және 6-тармақтарында белгіленген шарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      8. Бюджеттiк алу республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалардың шегiнде және бюджеттiк алуларды облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес ай сайын бөлумен қаржы жылы бойы жүргiзiледі. Республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы бiр ай iшiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiмен айқындалған бюджеттiк алудың сомасынан асып түскен жағдайда, заңнамада белгіленген тәртiппен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiс енгiзiледi. <*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 694 
              қаулысымен.  

P000694_

     
     9. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік алулар бойынша 
түпкілікті есеп, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай 
бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне жыл бойы 
іс жүзінде қалыптасқан түсімдердің негізінде, есептік кезеңде жүргізіледі.
     10. Бюджеттік алулардың толық аударылуы мен уақытылығын бақылауды 
аумақтық-қазынашылық органдары жүзеге асырады.
     
     
       Оқығандар: 
       Қасымбеков Б.А.
       Омарбекова А.Т.