Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына қатысудың мемлекеттік үлесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 шілде N 1026

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының арасындағы даулы мәселелерді реттеу мақсатында Қазақстан республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" (Бақыршық тау-кен өндіретін бірлескен кәсіпорын) ЖШС-на қатысу үлесін "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-дегі компанияның 60% қатысу үлесінің төленбеген құнының есебіне, мұнымен бір мезгілде 1996 жылғы 13 желтоқсандағы сатып алу-сату шартында көзделген инвестициялар сомасын 150 (жүз елу) миллион АҚШ долларынан 105 (жүз бес) миллион АҚШ долларына кеміте отырып, 30% мөлшерінде Қазақстан Республикасының меншігіне қайтару туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясынан осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қатысу үлесін Қазақстан Республикасына беру жөніндегі қажетті рәсімдерді жүргізсін және "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясы қол қойған 1996 жылғы 13 желтоқсандағы Сатып алу-сату шартына осы қаулының 1-тармағынан туындайтын тиісті өзгерістер енгізсін;
      2) "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-дегі алынған 30%

мөлшеріндегі қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан 
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне берсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
    Оқығандар:
   Орынбекова Д.
   Кобдалиева Н.