Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына қатысудың мемлекеттік үлесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 21 шілде N 1026

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының арасындағы даулы мәселелерді реттеу мақсатында Қазақстан республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясының "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" (Бақыршық тау-кен өндіретін бірлескен кәсіпорын) ЖШС-на қатысу үлесін "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-дегі компанияның 60% қатысу үлесінің төленбеген құнының есебіне, мұнымен бір мезгілде 1996 жылғы 13 желтоқсандағы сатып алу-сату шартында көзделген инвестициялар сомасын 150 (жүз елу) миллион АҚШ долларынан 105 (жүз бес) миллион АҚШ долларына кеміте отырып, 30% мөлшерінде Қазақстан Республикасының меншігіне қайтару туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясынан осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қатысу үлесін Қазақстан Республикасына беру жөніндегі қажетті рәсімдерді жүргізсін және "Сентрал Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясы қол қойған 1996 жылғы 13 желтоқсандағы Сатып алу-сату шартына осы қаулының 1-тармағынан туындайтын тиісті өзгерістер енгізсін;
      2)

 

     Ескерту. 2)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.10.09. N 1304



P011304_


  қаулысымен.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Кобдалиева Н.