Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1015

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157 U984157_ Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1015 қаулысымен бекітілген


       Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

           әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық 
          шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы
     
 __________________________________________________________________________
| N |               Іс-шаралар               |        Аяқтау нысаны        
|___|________________________________________|_____________________________
| 1 |Жеке бизнестегі қолма-қол ақша айналысы |Үкіметінің қаулысы           
|   |саласын дәйекті түрде тарылту және төлем|                             
|   |карточкаларын пайдалана отырып,         |                             
|   |төлемдерді жүзеге асыру кезінде         |                             
|   |қолданылатын жабдықтардың құнын         |                             
|   |төмендету мақсатында Қазақстан          |                             
|   |Республикасы Үкіметінің 14.04.97 ж.     |                             
|   |N 558  

P970558_

  қаулысына тізбеге шеткері|                             
|   |құрылғылармен төлем карточкаларын енгізу|                             
|   |бөлігіне толықтыру енгізу               |                             
|___|________________________________________|_____________________________
| 2 |Қазақстан Республикасы Президентінің    |Заң жобасы                   
|   |"Салық және бюджетке төленетін басқа да |                             
|   |төлемдер туралы" 24.04.95 ж. N 2235 заң | 

Z952235_

                      
|   |күші бар Жарлығына есептіліктің қазіргі |                             
|   |заманғы нысандарын енгізу процесін      |                             
|   |қолдау мақсатында электрондық көздерде  |                             
|   |кірістер мен мүліктер туралы            |                             
|   |декларациялар мен мәліметтер берудің    |                             
|   |мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен    |                             
|   |толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу|                             
|___|________________________________________|_____________________________
| 3 |Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып,      |Заң жобасы                   
|   |төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен  |                             
|   |шарттарын реттеу, сондай-ақ мұндай      |                             
|   |төлемдердің сомалары бойынша шектеулер  |                             
|   |белгілеу мақсатында Қазақстан           |                             
|   |Республикасы Президентінің "Қазақстан   |                             
|   |Республикасының Ұлттық Банкі туралы"    |                             
|   |30.03.95 ж. N 2155  

Z952155_

  заң күші бар|                             
|   |Жарлығына және Қазақстан Республикасының|                             
|   |"Төлемдер мен ақша аудару туралы"       |                             
|   |29.06.98 ж. N 237-1  

Z980237_

  Заңына өз- |                             
|   |геріс енгізу.                           |                             
|___|________________________________________|_____________________________
| 4 |Меншік иелері мен акционерлердің        |Үкіметке есеп                
|   |құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, |                             
|   |ұйым қызметінің айқындылығын белгілеу   |                             
|___|________________________________________|_____________________________
     
таблицаның жалғасы
     
 __________________________________________________________________________
|          Атқару мерзімі           |        Атқарылуына жауаптылар        
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың III тоқсаны            |Қаржы министрлігі, Энергетика,        
|                                   |индустрия және сауда министрлігі      
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың IV тоқсаны             |Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс  
|                                   |министрлігі                           
|___________________________________|______________________________________
|1999 жылдың III тоқсаны            |Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
|                                   |(келісім бойынша)                     
|___________________________________|______________________________________
|Есепті жылдан кейінгі жылдың 10    |Қаржы министрлігі, салалық            
|сәуіріне дейін жылына бір рет      |министрліктер                         
|___________________________________|______________________________________
     
     
      Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Нарбаев Е.