Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 шілде N 966

Қолданыстағы
      Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау мемлекеттiк қаражатты ұтымды және тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      1. Мемлекеттiк мекемелер - республикалық және жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, тиiсті бюджеттердi бекiткеннен немесе нақтыланғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі агенттігіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекiтiлген республикалық және жергілiктi бюджеттердiң көрсеткiштерi негізiнде қалыптастырылған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi туралы деректердi ұсынсын.
      2. Мемлекеттiк мекемелер:
      1) конкурсты дайындау кезiнде конкурстық құжаттамада отандық әлеуеттi берушiлерге, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне басымдық берудi көздесiн, сондай-ақ елде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бәсекелестi рыногы болған жағдайда, бiлiктiлiк талаптарын қалыптастыру кезiнде тек отандық әлеуетті берушiлермен ғана шектелсiн;
      1)-1 заңнамада белгіленген тәртiппен жөңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтау кезінде екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда отандық ықтимал өнім беруші - тауар өндірушінің конкурстық өтініміне басымдық берсін; <*>
      2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне мемлекеттiк сатып алулар туралы шарттарда көзделген өзiнiң мiндеттемесiн орындамаған және (немесе) тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлер туралы мәлiмет ұсынсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1150
               қаулысымен. P001150_
      3. Мемлекеттiк органдарға штат санының шегінде мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыруға және жүргiзуге жауапты тиiсті бөлiмшелер құру жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар тиiстi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға сатып алуларды мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарда белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асыруды ұсынсын.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне заңдарда белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендей шараларды қабылдау ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 966 қаулысымен бекітілген

     _____________________________________
     мемлекеттік мекеме - бағдарламаның әкімшісінің атауы



     199  жылға арналған тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге
          қажеттіліктің жоспарланатын жиынтық номенклатурасы
 ________________________________________________________________________
 Ерекше   Тауарлар.   Қысқаша  Өлшем   Қажет.  Өлшем   Жалпы   Мемлекеттік 
  
 лік коды дың, жұмыс. сипатты  бірлігі тілік.  бірлігі сомасы  сатып алу.
          тардың және (тауар.          тің     (үшін   (мың    ларды жүзеге
          қызмет      лардың,          көлемі  баға    теңге)  асырудың
          көрсету.    жұмыстар.        (саны)  (теңге)         таңдап алын.
          лердің      дың және                                 ған тәсілі
          атауы       қызмет көр.                   
                      сетулердің
                      сипаттамасы)
  ________________________________________________________________________
   1        2             3      4       5       6        7       8
  ________________________________________________________________________
  таблицаның жалғасы

  ___________________________
   Конкурсты    Тауарларды
   өткізудің    берудің,
   жоспарлан.   жұмыстарды
   ған уақыты   орындаудың,
   (айы)        қызметтер
                көрсетудің
                мерзімдері
                (айы)
  ___________________________
     9            10 
  ___________________________

     Ескертпе: 1) 7-бағанда қорытындылар әр ерекшелік және тұтас алған 
алғанда бүкіл номенклатура бойынша шығарылады.
     2) 2 бағандағы 161-ерекшелік бойынша бағдарламалардың (кіші 
бағдарламалардың) атауы көрсетілсін.

     Басшысының аты-жөні, қолы
     
     Орындаушының аты-жөні, лауазымы, телефоны        Толтырылған күні
     
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.