Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 27 шілде N 1150.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1158 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылаудың Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық қызметтерінің мемлекеттік мекемелері таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда

 

көрсетілген мемлекеттік мекемелердің таратылуын заңнамада белгіленген

тәртіппен жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.