Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 952

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" 1999 жылғы 24-сәуірдегі N 463 P990463_ қаулысына сәйкес, санақты уақтылы әрі сапалы әзірлеу және өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясы

құрылсын.
     2. Облыстарлың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері 2000 
жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті санаққа жәрдемдесу комиссияларын құрсын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     1999 жылғы 9 шілдедегі
                                       N 952 қаулысына
                                             қосымша 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 247    
              қаулысымен.  

P000247_

 
     
            Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясының
                                құрамы
     
     
     Ахметов Даниал          - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Кенжетайұлы               Министрінің орынбасары, төраға
     
     Нұрқиянов Төлеухан      - Қазақстан Республикасы Ауыл
     Мұратханұлы               шаруашылығы министрінің орынбасары,
                               төрағаның орынбасары
     
     Смайылов Әлихан         - Қазақстан Республикасы Статистика
     Асханұлы                  жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
                               орынбасары
     
     Кривко Нина             - Қазақстан Республикасының Статистика
     Ивановна                  жөніндегі агенттігі төрағасының
                               орынбасары, хатшы
     
                 Комиссия мүшелері:
     
     Ахметов Мырзабек        - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар
     Смағұлұлы                 және қоршаған ортаны қорғау
                               министрлігінің Орман, балық және
                               аңшылық шаруашылығы комитеті
                               төрағасының орынбасары
     
     Бахмутова Елена         - Қазақстан Республикасының Қаржы 
     Леонидовна                министрлігі Бюджет департаментінің
                               директоры

     Бисақаев Серікқали      - Қазақстан Республикасының Еңбек және
     Ғұмарұлы                  халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                               мемлекеттік еңбек инспекциясы
                               басқармасының бастығы
     
     Голиков Владимир        - Қазақстан Республикасының Білім және
     Андреевич                 ғылым министрлігі ауыл шаруашылығы
                               өндірісін механикаландыруды ғылыми
                               қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі,
                               Аграрлық зерттеулер ұлттық орталығының
                               академик-хатшысы
     
     Григорук Владимир       - Қазақстан Республикасы Білім және
     Васильевич                ғылым министрлігінің агроөнеркәсіп
                               кешенін ғылыми қамтамасыз ету
                               басқармасы бастығының орынбасары,
                               Ұлттық аграрлық-зерттеулер орталығының
                               академик-хатшысы
     
     Евстафьев Вячеслав      - Қазақстан Республикасының Статистика
     Евгеньевич                жөніндегі агенттігі ауыл, орман және
                               балық шаруашылықтарының статистикасы
                               басқармасының бастығы
     
     Кинеев Марат            - Қазақстан Республикасының Білім және
     Айдарұлы                  ғылым министрлігі мал шаруашылығы мен
                               мал дәрігерлігін ғылыми қамтамасыз ету
                               бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық аграрлық
                               зерттеулер орталығының академик-хатшысы
     
     Оспанов Нұрлан          - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Елеусізұлы                шаруашылығы министрлігі Қаржы
                               департаментінің директоры
     
     Сапаров Абдулла         - Қазақстан Республикасының Білім және
     Сапарұлы                  ғылым министрлігі егіншілікті,
                               агрохимияны, орман және су
                               шаруашылықтарын ғылыми қамтамасыз
                               ету бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық
                               аграрлық зерттеулер орталығының
                               академик-хатшысы
     
     Сизов Александр         - Қазақстан Республикасының Жер
     Павлович                  ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі
                               төрағасының орынбасары
     
     Тажмақин Дәулет         - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Қауазұлы                  шаруашылығы министрлігі Стратегия
                               және мемлекеттік реттеу департаментінің
                               директоры
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.