Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 ақпан N 247. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.10. N 1119 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға орналастыру конкурсын өткізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 мамырдағы N 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 24, 206-құжат);
      2) "Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі

 

реформалау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 тамыздағы N 798 



  қаулысы

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 252-құжат).

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.