Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 5 шілде N 924

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1995 жылғы 17 сәуірдегі 
N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  

P951894_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
     көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
     ІІ тарау мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
     "18. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтау 
және өңдеу";
     2)
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің        
              2000.03.13. N 383 қаулысымен.  

P000383_

  
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.