"Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 905

Қолданыстағы
      Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру бөлігінде ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" Жолдауының ережелерін және "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                                   Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 905 қаулысымен "бекітілген"


                   "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы
                                    Кіріспе
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аухатының артуы" Жолдауында жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және әл-аухатының артуы" айқындалған. Өз Жолдауында еліміздің Президенті денсаулық сақтаудың анағұрлым өзекті проблемаларына және оны шешуге барлық қоғамның қатысуына: ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыруға; нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күреске; алкоголь мен темекіні пайдалануды қысқарту; әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту; тамақтануды жақсарту, қоршаған ортаның тазалығына және экологияға ерекше назар аударған.
      "Қазақстан-2030" стратегиясына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру және ынталандыру мәселелерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы (бұдан былай ҚР мәтінде) Үкіметінің 3.12.97 ж. N 1678 P971678_ қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі жанында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы (СӨСҚП ҰО) құрылды. Осы кезде біздің елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылған.
      ҚР Президентінің 10.01.98 ж. N 18-И тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының қағидаларын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі "Салауатты өмір салты" Республикалық кешенді бағдарламасын жасады, ол республикада салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізі және іс-әрекет жоспары болып табылады.
      Бағдарламасының негізгі компоненттері: сапалы және тиімді тамақтану; есірткімен, алкогольмен және темекімен күрес; қауіпсіз секс, ВИЧ/СПИД-тің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, жұқпалы аурулардың алдын алу; дене тәрбиесі; денсаулық және қоршаған орта болып табылады. Бағдарламаның аталған компоненттерін жүзеге асырудағы басымдық бағыттар ретінде: ақпарат, білім, коммуникация; оқу бағдарламаларын жасау; қолданбалы жасалымдар; құқықтық орта; медициналық-санитарлық алғашқы көмек анықталған.
      Бағдарлама қысқа мерзімді (1999-2000 ж.ж.), орта мерзімді (2001-2005 ж.ж.) және ұзақ мерзімді (2006-2010 ж.ж.) сипаттағы шараларды қамтиды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "XXI ғасырда денсаулық баршаға" Стратегиясының принциптеріне сәйкес келеді.
      Бағдарламаны орындауға республикалық және жергілікті бюджеттерде салауатты өмір салтын қалыптастыруға бөлінген қаражаттар, сондай-ақ халықаралық донор ұйымдардың инвестицияларын тартылу жоспарлануда.
                                  1 тарау



                 Салауатты өмір салты: Халықаралық тәжірибе
                        және Қазақстанның стратегиясы
      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының отызыншы сессиясы 1977 жылдың мамырында "Үкіметтер мен ДДҰ алдағы онжылдықтағы негізгі әлеуметтік міндеті 2000 жылы жерді мекендеген барша тұрғындардың әлеуметтік және экономикалық тұрғыда жемісті өмір сүруіне мүмкіндігі болатындай денсаулыққа ие болуына қол жеткізу" деп нақты мақсат қойып баршаға арналған денсаулықтың негізін қалады.
      Денсаулық күйіне ықпал ететін факторлардың ішінде өмір салты - 50%ке дейін жетекші орын алатыны белгілі, басқа факторлардың үлесі 20%-10% жүйесімен байланысты. Сондықтан халықтың денсаулығын жақсартудағы басты міндет салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулыққа деген жаңаша көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Деннің саулығы - әрбір адамның ішкі қажеттілігі болуы тиіс. Денсаулық - барша қоғамның құн жетпес байлығы.

      Соңғы жылдары "өмір салты" тұжырымдамасы ерекше маңызға ие болып отыр.
      Денсаулық сақтауды реформалар, мемлекеттік, мемлекеттік емес және жекеменшік құрылымдардың, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығын арттыру және тиімді үйлестіру - бұл жеке адамның, отбасының, әртүрлі әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа саясаты мен бағдарламасының негізі.
      Қазақстан егеменді мемлекеттік ретінде қалыптасуы процесінде жаңа қоғамдық қатынастарға көшудің қиын да күрделі жолдарын біртіндеп артта қалдырып келеді. Экономикалық өтпелі кезеңнің қиыншылықтары халықтың денсаулық күйінің нашарлауын үдетіп отыр: аурулар, жалпы және балалар өлімі өсіп келеді, өмір сүру ұзақтығы қысқаруда, әсіресе жұмыссыздар арасында маскүнемдіктің таралуы жалғаса түсуде, темекі мен әртүрлі есірткіге әуестік кең етек алып келеді. Қазақстанның болашақ адам ресурстарының саны мен сапасы ерекше алаңдаушылық туғызуда.
      Халықтың денсаулық күйін мемлекеттік деңгейде де, жергілікті деңгейлерде де өзара байланыстағы ведомствоаралық денсаулықты қорғау және күшейту жүйесі қызметінің нәтижесі деп қарау керек.
      Өмір салты негізінен адамдардың күнделікті тіршілігінің ажырамас көріністері болып табылатын құндылықтарға, басымдықтарға, практикалық мүмкіндіктер мен қиыншылықтарға байланысты және біркелкі қайталанып отыратын іс-қимылдардың, мінез-құлықтың, машықтық пен дағдының, қоғам мен жеке өміріндегі болып жатқан өзгерістерге көзқарастарының нәтижесінде қалыптасады. Осыған байланысты салауатты өмір салты стратегиясы адамдардың күнделікті тіршілігінде пайдасына жарайтындай шынайы және тартымды перспективаға арқа сүйеуі керек.
      Алматы қаласында (қыркүйек, 1978 ж.) өткен ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі халықаралық конференциясы өзінің қорытынды құжаттарында медициналық-санитарлық алғашқы көмек, соның ішінде алдын алу бағдарламалары денсаулыққа және салауатты өмір салтына қол жеткізудегі шешуші элемент болып табылады деген қағиданы бекітті.
      Алматы конференциясы денсаулықтың шешуші әлеуметтік міндеттердің бірін құрайтын адамның негізгі құқығы екендігінің маңызын батыл растап берді. Экономикалық және әлеуметтік даму барлық адамдар денсаулығын мүмкіндігінше ең жоғары болатын деңгейіне қол жеткізуінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек әрбір адамның қолы жететіндей практикалық ғылыми және әлеуметтік қолайлы әдістер мен технологияларға негізделе отырып медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің маңызды бөлігін құрайды.
      1980 жылы Европалық аймақтық комитеттің отызыншы сессиясында баршаға арналған денсаулыққа қол жеткізудің жалпыевропалық стратегиясы бекітілді. Стратегияда денсаулық сақтауды дамытуға көзқарасты түбегейлі өзгертуге үндеу тасталды. Және де ерекше алаңдаушылық тудырар төрт салаға: өмір салты мен денсаулыққа; халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықпал етуші қатерлі факторға; денсаулық сақтау жүйесін басқа бағытқа бұруға; қажетті өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында саяси, басқару және технологиялық қолдау көрсетуді мобилизациялауға ерекше көңіл бөлінді. Стратегияда денсаулықты күшейту және аурудың алдын алу мәселелерінің басымдығын арттыру, денсаулыққа ықпал ететін қоғамның барлық секторларында оң шаралар қабылдау, жеке адамдардың, отбасылардың және халық топтарының рөліне үлкен назар аудару ұсынылды. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жақсарту осы өзгерістерді жүзеге асырудың басты тәсілі ретінде қарастырылды.
      Баршаға арналған денсаулыққа қол жеткізу философиясының және де әсіресе денсаулықты күшейтудің жетекші принциптерінің бірі "салауатты таңдауды неғұрлым қарапайым таңдау ету" қажеттігіне қатысты және практикалық іс-қимылдар үшін тиісті мүмкіндіктерді жасаудың қажеттігін білдіреді.
      1982 жылы ДДҰ Жұқпалы емес аурулардың интеграцияланған алдын алу жалпыұлттық бағдарламасы - "СИНДИ" құрылды, оның басты мақсаты денсаулықты, тіршілік сапасын жақсарту, мезгілсіз өлімдер, аурулар санын және коммунальдық деңгейдегі мүгедектер санын азайту болып табылады. Бұл бағдарлама созылмалы жұқпалы емес аурулар үшін ортақ қатер туғызушы факторлардың: темекі тартудың, жоғары қан қысымының, гиперхолестеринемияның, маскүнемдікке салынудың және т.б. алдын алуға және бақылауға ерекше назар аударды. Бағдарламада қоршаған ортаның психикалық-әлеуметтік және басқа да факторларына да үлкен назар аударылды.
      Интеграциялық тәсілдің қажеттігі идеясы жүрек-қан тамыры ауруларымен, ішінара алғанда жүректің біржерде қан азаю (ишемиялық) аурумен және артериялдық гипертензиямен күресудің кешенді коммуналдық бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды.
      Темекі тарту, артерияльдық гипертензия, гиперхолестеринемия және басқалар сияқты жүректің біржерде қан азаю ауруы қатерін туғызатын жекелеген факторларды бақылау жүректің біржерде қан азаюы ауруынан және басқа да жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлімді азайтып қана қоймай, қатерлі жаңа ісіктер мен өзге де созылмалы ерекше аурулардан болатын жалпы өлім-жітімді азайтатыны айқындалған.
      Соңғы жиырма жылдықта әлемнің көптеген елдерінде (АҚШ, Финляндия, Канада, Ұлыбритания және т.б.) алдын алу бағдарламаларын орындау кезінде анағұрлым көңіл қуантар нәтижелер алынған. 1987 жылдан соң Европаның 20 мемлекеті темекі тартуға қарсы күрес жөніндегі заңдарын немесе бағдарламаларын қабылдаған. Қазақстан да СИНДИ бағдарламасына қатысады.
      1986 жылы Оттава (Канада) қаласында болып өткен Денсаулық күшейту жөніндегі Халықаралық Конференция денсаулық үшін қолайлы өмір салты мәселелерін қарап, денсаулықты күшейтудің Оттава Хартиясын қабылдады. Хартияда денсаулықты күшейтудің кешенді стратегиясы баяндалып, ол бес аспектіні: денсаулықты күшейтуге ықпал жасайтын қоғамдық саясатты; денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны; жеке дағдылар мен қабілетті; халықтың іс-қимылдары мен денсаулық сақтау қызметтерін оларға ауруға емес, денсаулық мәселелеріне көп көңіл бөлуге және денсаулық сақтау қызметтері мен халықтың өзара қарым-қатынасының сипатын өзгертуге неғұрлым кең ауқымды өкілеттіктер бере отырып қайта бағыттауды қамтиды. Өмір салтының, қоршаған ортаның және денсаулықтың өзара байланысы өте күрделі. Денсаулықты күшейту жөніндегі Оттава Хартиясында осы қиын міндетті шешуге әрекеттер жасалды. Онда денсаулық сақтау секторының жаңа міндеттері мен өкілеттіктері атап өтілді, олар дәстүрлі медициналық көмек қызметі шеңберінен шығады және баршаға арналған денсаулыққа қол жеткізу стратегияларына негізделген. Бұл құжат негізгі үш ерекшелікті сипаттайды. Біріншіден, онда адамдарға денсаулық тұрғысынан өзінің әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектесу; екіншіден, денсаулықты қорғау мүддесіндегі іс-қимыл көтермеленеді; және де үшіншіден, денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтауды дамытуға қолдау көрсету мақсатында қоғамдағы бір-біріне керағар мүдделерді тіл табыстыруға бағытталған делдалдық қызметті өз мойнына алуға тырысады.
      Алайда, мемлекеттердің халықтың денсаулығын күшейтуге ықпал ететін саясатты ұстануға бейімдігінің дәрежесі бір-бірінен айтарлықтай алшақ, өйткені елдердің экономикалық және саяси басымдықтары көп жағдайда денсаулықты күшейтуге ықпал ететін қоғамдық саясаттың жылдамдығына сәйкес келмей жатады. Осы қайшылық ДДҰ конференцияларында, атап айтқанда 1988 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткен темекіге қатысты саясат жөніндегі Европалық конференцияда және 1990 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен азық-түлік пен тамақтану саласындағы саясат жөніндегі Европалық конференциясында талқыланды. Халықтың әл-аухаты, қоршаған орта және экология мәселелеріне қатысты қоғамның өсіп келе жатқан алаңдаушылығы, тұтынушылар тобының өсіп келе жатқан белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудағы табысқа жету үшін қажетті қолдауды көрсете алады.
      1997 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен денсаулықты күшейту жөніндегі 4-ші Халықаралық конференция да осы проблемаларды шешуге бағышталды. Бұл форум жұмысының материалдары бойынша Джакарта декларациясы қабылданды, онда 21 ғасырдағы денсаулықты күшейтудің негізгі басымдықтары ұсынылды: денсаулық үшін қоғамдық жауапкершілікті дамыту; денсаулықты дамытуға арналған инвестицияларды арттыру; денсаулық мүддесіне бірлесу және әріптестікті ұлғайту; қоғам мен жеке адамдардың қуатын дамыту; денсаулықты күшейтудің инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету.
      Денсаулық үшін қоғамдық жауапкершілікті дамыту жеке адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруді болдырмау; қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; денсаулыққа зиянды тауарларды өндіруді және сатуды шектеу; нақты өмір сүру, жұмыс істеу және т.б жағдайда денсаулықты күшейту жолымен жүруі керек.
      Осылайша, уақыттың өзі халықты сауықтырудың қажеттігін алға тартып отыр, бұл Президенттің "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аухатының артуы" атты халыққа жолдауында да көрсетілген, онда "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және әл-аухатының артуы" жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып табылады.
      Бұл құжатта денсаулықты қорғау және күшейтудің анағұрлым өзекті және көкейтесті проблемаларына баса көңіл аударылған, олар ел стратегиясының негізін қалайды: ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру; алкоголь мен темекіні тұтынуды қысқарту; әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту; тамақтануды жақсарту; қоршаған ортаның тазалығы және экология. Еліміздің Президенті барлық мемлекеттік ведомстволарды, қауымдастықты, діни конфессияларды, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды, сондай-ақ еліміздің барлық азаматтарын осы стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға атсалысуға үндеп отыр.
      ҚР Президентінің Жолдауында "күшті стратегиямыз бен мақсаттылығымыз барда біздің жолымызда тұрған кез келген үлкен кедергілерден мүдірмей өте аламыз" делінген.
                                  2 тарау



              Қазақстан Республикасы халқы денсаулығы мен өмір
                        салтының басты сипаттамалары

      Қоғамның әлеуметтік аман-саулығының деңгейін анықтайтын көрсеткіш болып табылатын халық денсаулығының күйі белгілі бір дәрежеде экономикалық, экологиялық және үлкен дәрежеде әлеуметтік факторларды айқындайды. Көп жылдар бойы қалыптасқан халықтың денсаулық күйінің көп өзгере қоймаған көрсеткіштері теріс үрдістерден арыла қойған жоқ. Халықтың өсуі мен бала туу қарқыны төмендеп келеді. Әйелдер мен балалар денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер төмен күйінде қалуда. Бұрынғысынша жалпы өлім-жітімнің көрсеткіші жоғары. Туберкулез, вирустық гепатит бойынша жағдай шиеленісуде, жыныс жолымен берілетін аурулар және СПИД бойынша жағдай бұрынғысынша алаңдатарлықтай.
      1970-ші жылдардан бастап Қазақстан халқының өлім-жітім көрсеткіші біртіндеп өсе бастаған. 1980-ші жылдары жағдай бірыңғай тұрақтанған. Алдағы өмір сүрудің орташа ұзақтығының 1980 жылы 66,9 болған көрсеткіші 1990 жылы өзінің шыңына (68,7) жетті. Бірақ бұл сан әйелдерге қарағанда (73,4) ер кісілерде анағұрлым төмен (63,9) болды.
      Алайда, бұл көрсеткіштер ДДҰ Европалық аймағындағы 50 елдің ішіндегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болатын. Соңғы (1990-1996) жылдары республика халқының алдағы орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші: ерлерде 59,7 жасты құрап 4,1 жылға және әйелдерде 70,4 жысты құрап 2,7 жылға күрт төмендеді. Жоғарыда айтылған мәліметтер Қазақстан халқының денсаулығы күйінің қолайлы жағдайда еместігінің куәсі.
      ҚР облыстарындағы алдағы орташа өмір сүру көрсеткіші бір-бірінен өзгеше: алдағы орташа өмір сүру ұзақтығының ең төменгі көрсеткіші Қарағанды облысында (61,3) болса, ал ең жоғары көрсеткіші (66,6) Алматы облысында.
      Бұл көрсеткіштің ер кісілерде 60 жастан асатыны екі облыста ғана (Алматы - 61,4, Оңтүстік Қазақстан - 61,2).
      Қазақстан Республикасы алдағы орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Орталық Азиядағы 5 елдің ішінде Түркменстанның алдындағы соңғы орынды иеленеді. Бұл көрсеткіш Батыс Европа елдерінде Қазақстандағыдан 10-15 жылға артық.
      Өлім-жітім мен алдағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштері жігіт жасындағы ер-азаматтардың бойындағы келеңсіздіктерді көрсетіп отыр. Мұндай жағдай экономикалық, әлеуметтік және адами тұрғыдан үлкен зиян шеккізеді. Сондықтан да салауатты өмір салтын дамытудың саяси стратегиясы қажет.
      Стратегияны жасарда осы теріс құбылыстардың ғылыми түсіндірілуіне аяқ тіреу керек.
      Соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтары халықтың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендеп кетуіне, қоғамдық теңсіздіктерге және елдегі болып жатқан өзгерістерге психологиялық бейімделудің қиындықтарына әкеліп соқты. Мұның барлығы да халықтың денсаулығына өте кері әсерлерін тигізді.
      Өлім-жітімнің негізгі себепкері жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары болып табылады. Соңғы жылдарда олар барлық себептердің шамамен 50% құраған және Қазақстанда бір жылдың ішінде олардан 45 мың науқас қаза табады.
      Келесі орындарда бақытсыздық жағдайлары, улану және жарақаттар, жаңа пайда болатын ісіктер.
      Өлім-жітімнің негізгі себепшілерін анағұрлым төмен жастағы топтарда кең ауқымда аластатуға болады. Бұл себепшілердің қатер туғызу факторлары да жақсы таныс және де әлемдік зерттеулерде дәлелденген. Олар темекі тарту, маскүнемдікке салыну, дұрыс тамақтанбау (майды көп пайдалану, көкөністер мен жемістерді аз тұтыну), қимылдың аздығы және психикалық-әлеуметтік проблемалар болып табылады. Бұл факторларға экономикалық, әлеуметтік және табиғи айналаны, қолайсыз экологиялық жағдайлар мен кедейлікті қосыңыз.
      Дене шынықтыру
      Республикада 100 ересек адамның 8 ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады, балалар мен жасөспірімдердің 5%-інде ғана мектептен тыс мекемелердегі спорт секцияларында шұғылдануға мүмкіндігі бар.
      Жалпы алғанда қабылданған есептік үлгідегі нормативтердің спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу проценті аймақтағы халық санының: спорт залдары бойынша - 24,4%, жүзу бассейндері бойынша - 35,5%, жазықтық спорт ғимараттары бойынша - 19,9% шаңғы базалары бойынша - 37,9% құрайды.
      Жалпы және кәсіби білім алушы оқушыларға арналған оқу сабақтарының көлемі ғылыми-негізделген нормативтерден 3-4 есе төмен. Арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылар мен студенттердің тек 47,3%-не ғана мамандандырылған топтарда сабақ алуына жағдай жасалған.
      Балалардың жасөспірімдік спорт мектептерінің саны айтарлықтай төмендеп кеткен. Жаттықтырушы кадрлар 35%-ке, шұғылданатындардың саны 50%-тен артық қысқарған.
      Ұйымдар мен мекемелерде, сондай-ақ халықтың тұратын және демалатын орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және алдын алу жұмыстары жүйесі жоқ.
      Диспансерлік және консультациялық қызметтер жүйесі, емдеу-алдын алу кабинеттері жоқ болды.
      Дене тәрбиесі, көпшілік спорты мен дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған қосымша қаражаттарды тарту үшін материалдық ынталандыру және салық жеңілдіктері жүйесін қаржыландыру жеткілікті емес.
      Тамақтану
      Антропометрия мәліметтеріне сүйене отырып, 15 жастан жоғары халықтың 47% (30% ерлер және 53,0% әйелдер) тойып тамақтанбайды.
      Жалпы республика бойынша бала табатын әйелдер 46% темір жетіспейтін анемиямен ауырады, темірдің жетіспеушілігінің ауыр емес түрі 70% жағдайда, ал анемияның ауыр түрі 2,8% жағдайда кездеседі. Ерте жастағы балалардың ішінде 69,2%-нің анемиясы бар, олардың ішінде үштен бірінде айқындалған анемия, 5%-інде оның ауыр түрі кездеседі.
      Топырақтағы, судағы және тамақ өнімдеріндегі йодтың жетіспеушілігі жөнінен республиканың 14 облысының 11-і эндемиялық болып табылады, оңтүстік және шығыс аймақтардағы жағдай анағұрлым өте күрделі. Қазақстанның оңтүстігін мекендеген халықтың ішінде гипотиреоз (қалқанша без қызметінің нашарлауы) 6-8%-інде кездессе, ал гипотиреозбен сырқаттанған әйелдерден туған балалардың ішінде ол 14 процент. Неонтальді гипотиреоздің жиілігі 7,3%-ті құрайды. Емізулі әйелдердің ішінде гипогалактия (емшек сүтінің азаюы) республика бойынша орташа есеппен 32% құрайды. Нәрестелердің 40%-тен астамы 4 айлығынан бастап жасанды немесе аралас тамақтанады.
      Республикада мамандандырылған емдік-алдын алу тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
      Таңдап тексерулер халықтың тиімді тамақтану, тамақтанудың ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтау саласындағы білімділігі өте төмен екендігін көрсетіп отыр.
      Темекі тарту
      Темекі шегетіндердің саны және олардың Қазақстан халқы қоғамындағы әртүрлі топтардың ішіндегі таралуы туралы тексерілген тура мәліметтер жоқ, тек жекелеген зерттеулер ғана бар. "Қазақстан-Синди" бағдарламасының мәліметтері бойынша Алматы облысының Іле ауданында ерлердің 61,5% және әйелдердің 9,2% темекі тартады. Барлық жастағы топтардың ішінде ең көп темекі тартатындары 20-49 жас аралығында ерлер.
      Темекіге байланысты өлімнің болжанған санының Европа аймағының шығыс бөлігінде тіркелген жоғарғы көрсеткіштері ерлерде ДДҰ мәліметтері бойынша бірінші орында Қазақстан тұр.
      Транснациональды темекі компаниялары экономикалық тұрақсыздық пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясаттың әлсіздігін пайдалана отырып жаңа клиенттерді өзіне тартуда.
      Жастар мен әйелдер темекі өнеркәсібі үшін мақсат тұтқан топтар болып табылады.
      Әлсіз темекі тарту (ауадағы темекінің исін жұту) кең етек алған, ол өкпе рагін, жүректің біржердегі қанның азаюы ауруын, тыныс ауруларын, сондай-ақ кенеттен болатын жастай өлімді туғызу қатерін күрт асырды, адамдардың салауатты және ластанбаған қоршаған ортаға деген құқықтарын бұзады.
      Темекі жекелеген адамдарға, отбасыларына және қоғамға экономикалық зардабын тигізуін жалғастырып келеді.
      Алкоголь
      Алкогольді тұтынудың таралуы туралы тексерілген ұлттық мәліметтер жоқ. Соңғы уақыттарда республикада маскүнемдікке салынған адамдар санының өсіп келе жатқаны көрініп отыр. Маскүнемдік психоздардың саны үш есеп өскен, олардың ішінде ауыр түріндегілері басым. 1987 жылы ішімдік ішу нәтижесінде өмірінде бірінші рет мінез-құлқы мен психикасы бұзылған 37689 адам есепке алынған. Диспансерлік және алдын алу есептерінде 203672 ауру адам тұр. Соңғы жылда 4565 төсекте 5292 адам жатып емделіп, 1997 жылғы стационарлық емдеуден 31 мың адам өткен.
      Есірткілер
      Нашақорлықтың тексерілген ұлттық мәліметтері жоқ. Соңғы жылдары республикада есірткіні пайдаланған адамдардың саны өсіп келе жатқаны белгілі боп отыр, ал есірткіге тәуелділердің орташа жасы төмендеуде. Проблема криминогендік жағдайға, СПИД пен гепатитті қоса алғандағы әртүрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру қатеріне байланысты одан әрі шиеленісе түсуде. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері бойынша 1996 жылы 20683 нашақорлықпен ауырғандар тіркелсе, 1997 жылы ол 26584 адамға жеткен. Өмірінде бірінші рет нашақорлық, токсикомания диагнозы қойылған аурулар саны жағынан республикамыз бірқатар ТМД елдерін (Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және т.б.) басып озуда. Нашақорлық патологиясымен тіркелген аурулардың саны Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жоғары. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы есірткіні пайдаланудың таралуы ерекше алаңдатады, олардың үлесі 2/3. Соңғы 5 жыл ішінде айқындалған нашақорлықпен байланысты қылмыстардың саны 2,5 еседен көп артып, 1997 жылғы 14817 жағдайға жеткен.
      Нашақорлық тәуелділік түрлерінің ішкі құрылымы бүгінгі таңға әлі зерттелмеген.

      Жыныстық жолмен берілетін аурулар
      1997 жылы Қазақстан Республикасында жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырудың саны арта түскен. Мерезбен ауыру қарқыны жалпы алғанда елімізде әрбір 100000 адамға шаққанда 268,9 жеткен: оның азы Ақтөбе облысында - 134,6 және ең көбі Алматы қаласында - 465,5 адам. Ауыруға ұшыраудың келеңсіз жағдайлары байқалуда. Мерез ауруымен тіркелгендердің тек 1/4 ғана өз бетінше медициналық көмек сұраған. Қалған аурулардың барлығы белсенді түрде, негізінен халықтық серомониторингі арқылы анықталған. Жылдан жылға мерезбен ауырудың бастапқы кезеңдерін айқындау төмендеп келеді. Серологиялық тексеруден өткен стационарлық терапевтік және неврологиялық аурулардың ішінен 9320 адамда (2,3% жағдайда!) мерез анықталған, бұл ауруды жасырудың жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.
      1996 жылдан бастап туа біткен мерездің жиілігі 2 есе көбейген, ол 1997 жылы жаңа туылған әрбір 10000 адамның 0,41-де тіркелген.
      Қазақстанда 1997 жылы тіркелген соз аурулары, хламидиоз, трихомониаз, аногенитальды герпес аурулары әрбір 100000 адамға шаққанда тиісінше 91,1; 20,0; 148,6; 0,9. Бұл мерез бен несептік жыныс мүшелері жұқпалы ауруларының табиғи арақатынасынан айтарлықтай төмен көрсеткіштердің жоғарылығына қарамастан жыныстық жолмен берілетін аурулардың әлі де болса толық тіркелмегендігін көрсетеді.
      Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауру жағдайы эпидемия ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл эпидемияның қауіптілігі халықтың гендік қорына, өрбу, психикалық және тән денсаулығына қатер төндіруімен ғана емес, ВИЧ жұқтырудың күшеюі қаупімен де анықталады. Әлемде тіркелген ВИЧ жұқтырғандардың 51% жыныстық жолмен жұқтырған, мұндай 10 адамның 9 соның алдында жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырған.
      СПИД-тің алдын алу және күресу жөніндегі Республикалық Орталықтың мәліметі бойынша 1998 жылдың 1 мамырында 667 ВИЧ жұқтырғандар айқындалған, олардың ішінде СПИД-пен ауырғандары - 18, 15 жасқа дейінгі балалар - 10. ВИЧ-тің негізгі берілетін жолы есірткіні қан тамырға жіберу - 83,3%, бұл әсіресе жұмыссыздарда басым.
      Осы көрсеткіштердің өсу тенденциясы алаңдаушылық туғызуда.

      Вирустік гепатиттер, жедел ішек аурулары және туберкулез
      Республикада өсіп бара жатқан вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жөніндегі жағдай едәуір қиындап отыр. Жыл сайын 44 мыңнан 55 мыңға дейін вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жағдайлары тіркеледі, олардың 80%-і - балалар. Олармен күрес денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі ретінде қарастырылады. 1996 жылмен салыстырғанда вирустік гепатитпен ауыру 1997 жылы 30,1%-ке, жедел ішек ауруы - 18,7%-ке өскен. Ауырудың өсуі республиканың барлық облыстарында да орын алып отыр.
      Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері:
      - халықтың ауыз сумен, соның ішінде су құбырлары желісімен және құрылымдарымен қанағаттанарлықтай қамтамасыз етілмеуі; елді мекендердің санитарлық жағдайының нашарлауы, санитарлық тазарту мен жақсарту жұмыстарының жеткіліксіздігі;
      - мектептердің санитарлық-техникалық жағдайының нашарлауы және оқушылар санының артық болуы, ұйымдастырылған тамақтандырудың және ауыз су мен температуралық режимді сақтауға арналған жағдайдың жоқтығы болып табылады.
      Қазақстан Республикасы туберкулез бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға ие мемлекеттердің біріне жатады. Туберкулез әлеуметтік проблема болып табылады. Республикада жыл сайын 13-14,5 мың туберкулезбен ауыратындар анықталды, 52,2 мың аурулар есепте тұр, олардың 14 мыңы бактерия бөлетіндер. 12,1 мың ауру еңбекпен түзету мекемелерінде жүр. Жыл сайын туберкулезден 6 мың ауру қаза табады.

      Қоршаған орта
      Бұрынғы жоспарлау идеологиясындағы өрескел қателіктер, экологиялық жобалардың алысты болжай алмауы, өнеркәсіптің тау-кен өндіруді өңдеу секторы басым шаруашылық етудің ерекшеліктері, әскери техникалар мен қаруларды сынауға арналған полигондардың бар болуы, тың және тыңайған жерлерді игерудегі қателіктер ауыр экологиялық зардаптарға: ормандардың біртіндеп азаюына, топырақтың эрозиялануына, Арал теңізінің құрғауына, өзендердің және топырақтардың химиялық ластануына, қышқыл жаңбырларға және т.б. әкеп соқты.
      Қазақстан Республикасының 630 мың шаршы метр алаңы экологиясы нашар жерлерге жатады. Әдеттегідей, экологиялық нашар аймақтар еліміздің адамдар тұратын жерлерінде орналасқан.
      Республикада қоршаған ортаның қатер туғызу факторларының мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ, сондықтан да экологиялық апатты дұрыс түсіну үшін мәліметтер банкін жасау - әрі қарай дамуымыздың қажетті шарты.

      Кедейлік
      Джакарта декларациясы бойынша кедейлік денсаулықтың басты жауы болып табылады. 1996 жылдың маусымында Қазақстан халқының 35%-тен астамы кедейлікте тұрмыс (өмір сүру минимумы көрсеткішінің негізінде).
      Қазақстанда қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық еліміздің әртүрлі аймақтар арасындағы сияқты айтарлықтай үлкен емес. Еліміздің оңтүстік облыстарында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) халықтың 2/3 кедейлікте өмір сүруде.
      Отбасының өлшемі мен кедейлік деңгейі өзара тығыз байланысты. Өтпелі кезең көп баланы және асырап отырған адамды бағып-қағып отырған отбасыларына өте қиын соқты. Кедейлік едәуір жағдайда жұмыссыздықпен байланысып жатады. Өтпелі кезеңде өзіміздің азық-түлік өндірісіміз маңызды

тамақтану көзі болды, 1996 жылдың маусымында оның үлесіне барлық тұтынған 
тамақ өнімдерінің 1/3 сәйкес келді. Өз азық-түлік өнімдерімізді шығарудың 
мүмкіншілігі аман қалу стратегиясының маңызды элементтері болып табылады. 
Қазақстанда отбасылар арасында едәуір көлемде жеке материалдық көмек 
көрсету дәстүрі бар, ол әлеуметтік қорғаудың биресми желісі қызметін 
атқарады.
     
                               3 тарау 
     
                       "Салауатты өмір салты" 
                       Республикалық кешенді 
                       бағдарламаның басымдық 
                             бағыттары 
     
     Осы бағдарламаның басты мақсаты өмір сүру мен тіршілік ету ортасының 
сапасын жақсартуға ықпал ету, жеке адам және жалпы қоғам үшін денсаулық 
пен салауатты өмір салтына деген жаңа қарым-қатынасты қалыптастыру жолымен 
халықтың денсаулығын жақсарту болып табылады.
     Бағдарламаның басты мақсатын жүзеге асырудың басымдықтары мыналар 
болып табылады:
     - халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын 
жасау;
     - қауіпсіз және сенімді тіршілік ортасын қамтамасыз ету;
     - денсаулықты сақтау және күшейту үшін әлеуметтік шарттар жасау;
     - салауатты өмір салтына жәрдемдесу;


      - денсаулық сақтау жүйесін медициналық-санитарлық алғашқы көмек

деңгейінде алғашқы алдын алу мен денсаулықты күшейтуді бағыттай отырып 
қайта құру.
     Негізгі принциптері:
     - халықтың денсаулығын алдын алу және күшейтуге үйлестірілген 
салааралық қадам жасау;
     - жеке адам, отбасы және жалпы адамзат деңгейінде денсаулықты сақтау 
мен күшейту жөніндегі коммуникациялар мен халықтың білім алуына кешенді 
қадам жасау;
     - бағдарламаның ғылыми жолмен жүруі, халықтың салауатты өмір салтын 
қалыптастырудың ұлттық стратегиясының тұжырымдамасын жасау және 
басымдықтарын анықтау;
     - аурулардың алдын алу, денсаулықты күшейтуді және салауатты өмір 
салтын ынталандыру жүйесін құру.
     Бағдарламаларды дайындау кезінде мына ақпараттық базалар пайдаланылды:
     - эпидемиологиялық мәліметтер;
     - халықтың мінез-құлқы мен ұстанған бағыттары;
     - халықтың қажеттіліктері, қоғамдық пікір;
     - салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің желісі мен құрылымы;
     - адам ресурстары;
     - халықаралық озық тәжірибе;
     - қаржылық мүмкіндіктер;
     - салауатты өмір салтын дамытудың негізгі құндылықтары.
     Бағдарламалардың басымдық компоненттері мыналар болып табылады:
     1. Сапалы және тиімді тамақтану.
     2. Дене шынықтыру мен спортты дамыту.
     3. Ішімдік пен маскүнемдікке салынуға қарсы күрес.
     4. Темекі шегудің алдын алу.
     5. Есірткілермен күрес.
     6. Қауіпсіз жыныстық мінез-құлық.
     7. Жұқпалы аурулардың алдын алу.
     8. Қоршаған ортаны қорғау.
     
                               3.1 тарау 
     
                    Сапалы және тиімді тамақтануға 
                        жәрдемдесу стратегиясы 
     
                     Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. ҚР халқының сапалы және тиімді тамақтануының нормаларын тарату.
     2. Осы заманғы нормаларға сәйкес келетін азық-түлік өнімдерінің 
жеткілікті болуы.
     3. Жұмыс орындары мен оқу орындарында осы заманғы денсаулық нормалары 
бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету.


      4. Азық-түлік өнімдерінің сапасын халықаралық талаптарға сәйкес қамтамасыз ету саласында заң актілерінің жобасын жасау.
      5. Ерте жастағы балалар мен бала туатын әйелдер арасында темір жетіспейтін анемияны толығымен жою.
      6. ҚР гипотиреозды (қалқанша без қызметінің нашарлауын) спораттық жағдайға дейін төмендету.
      7. Емшек емуді 90%-ке дейін жеткізу.
      8. Балалардың және арнайы тамақтар өнімдерін, тағамға қосылатын биологиялық активті қосатын заттарды өндіру индустриясын құру.
      9. Экологиялық таза өнімдер шығару индустриясын құру.
      10. ҚР-на сапасыз өнімдерді алып келудің жолын кесу шараларының тиімді жүйесін жасау.

              Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы заңның жобасын жасау.
      2. ҚР Үкіметінің тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сертификаттау сынақтарын өткізетін ведомствоаралық қызметтердің өзара қарым-қатынасы туралы ҚР Үкіметінің Қаулысын қабылдау.
      3. Халықтың анағұрлым осал топтарының (балалар мен бала туатын әйелдер) арасында темір жетіспейтін жағдайлардың алдын алу шараларын жасау.
      4. Тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысатын ұйымдардың қызметін дамыту және қолдау көрсету.
      5. Тамақ өнімдері жөніндегі тұтынушылардың ақпараттық жүйесін дамыту.
      6. Аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып салауатты тамақтану мәдениетін көтеру.
      7. ҚР Үкіметінің "Йод жетіспеушіліктен болатын бұзылуды және оның ҚР халқы ішіндегі салдарын жою және алдын алу туралы" кешенді бағдарламаны бекіту қаулысын қабылдау.
      8. Сүттік, астық, жеміс-жидек және еттік негіздегі балалардың тамақ өнімдерін өндіретін отандық индустрияны ұйымдастыру.
      9. Аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тиімді тамақтану принциптерін барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты кеңінен насихаттау.
      10. ҚР сүт зауыттарында айраннан жасалған анемияға қарсы өнімдерді енгізу және шығару.
      11. Облыс орталықтары мен ірі қалалардағы балалардың сүт тағамдары асханаларында технологиялық желілерді орнату.
      12. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерге арналған салауатты тамақтану жөніндегі оқу бағдарламаларын дамыту.
      13. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тиімді тамақтануды қамтамасыз ету.

                Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      I Мақсат: Аурулардың алдын алу және ҚР халқының денсаулығын күшейтуге

арналған сапалы және тиімді тамақтануға жәрдемдесудің стандарттарын 
анықтау және заңдық-нормативтік базасын жасау.
     
                          Іс-қимыл жоспары: 
     1. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен 
қауіпсіздігі туралы Заңның жобасын әзірлеу.
     2. ҚР Үкіметінің барлық тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін 
сертификаттау қызметтерінің өзара қарым-қатынасы туралы ҚР Үкіметі 
қаулысының жобасын әзірлеу.
     3. Тамақ өнімдерінің стандарттарын және бақылаудың бірыңғай әдістерін 
жасау.
     
                         Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Заңгерлік (жаңа заң актілерін қабылдау, қолданылып жүргендерін 
жетілдіру).
     2. Биохимиялық және микробиологиялық (тиімділіктің мониторингі және 
бағалаудың лабораториялық әдістері).
     
                         Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Заңды      
          қабылдау туралы ұсыныс енгізу. 
               Ұлттық және жаңадан жасалған тамақ өнімдері сапасының, 
          қауіпсіздігінің және мемлекеттік стандарттарының регламенттерін 
          жасау және жетілдіру. 
               Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен 
          қауіпсіздігі параметрлерін анықтаудың экспериментальдық-
          лабораториялық әдістерін жетілдіру және жедел әдістерін жасау. 
2000 ж. -      ҚР аумағында азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің 
          сапасы мен қауіпсіздігі көрсеткіштерін халықаралық талаптарды 
          ескере отырып экспертизалау тәртібін реттейтін жаңа нормативтік 
          құжаттар мен ведомствоаралық қаулыларды әзірлеу.
     
                           Атқарушы ұйымдар: 


      ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

      II Мақсат: Ерте жастағы балалар мен бала туатын әйелдер арасында темір жетіспейтін анемияны сатылап жою.

                            Іс-қимыл жоспары:
      1. Кең ауқымды популяциялық деңгейде халықтың анағұрлым осал топтары

(балалар мен бала туатын әйелдер) арасында темір жетіспейтін анемияны жою 
жөніндегі шұғыл алдын алу шараларын өткізу.
     2. Барлық ұн тарту кәсіпорындарында өндірілген ұндарды темір 
препаратымен күшейту.
     
                         Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Технологиялық (барлық ұн тарту кәсіпорындарында өндірілген ұндарды 
темір препаратымен күшейту технологиясын енгізу).
     2. Терапевтік (жалпы республика бойынша халықтың тиісті топтарының 
апта сайын темір препараттарын қабылдауы).
     
                         Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      0,5-2 жастағы балалардың перифериялық қаны құрамындағы 
          гемоглобинді міндетті түрде өлшеуді ұйымдастыру. 
               Ұн тарту кәсіпорындарының тізбесін анықтау және ЮНИСЕФ 
          тарапынан ұнды күшейтуге арналған құрал-жабдықтар мен 
          аппаратураны жеткізуді қамтамасыз ету. 
1999-2000 ж.ж.- күшейтілген ұн қабылдаған адамдардың (ерте жастағы балалар,
          бала туатын және екіқабат әйелдер) перифериялық қаны құрамындағы 
          гемоглобинді өлшеуді ұйымдастыру.
     
                            Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ауыл 
шаруашылығы министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, 
ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты, жергілікті атқару органдары.
     
     III Мақсат: Йод жетіспеушіліктен болатын бұзылуды және оның Қазақстан 
Республикасының халқы ішіндегі салдарының алдын алу.
     
                            Іс-қимыл жоспары: 
     1. Йодталған ас тұзының мемлекеттік стандарттарын жасау және бекіту.
     2. Йод жетіспеушілік күйіне мониторингті ұйымдастыру.
     
                          Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Биохимиялық (тиімділіктің мониторингі және бағалаудың 
лабораториялық әдістері).
     2. Терапевтік (жалпы республика бойынша халықтың тиісті топтарының 
йод препараттарын қабылдауын енгізу).
     
                              Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Йодталған ас тұзының мемлекеттік стандарттарын жасау және
          оны бекіту, йод жетіспейтін күй бойынша қатерлі топтарды анықтау 
          үшін эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру. Эпидемиологиялық 
          зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді талдау; тұзға арналған 
          тиісті қорапты жасау және оны ҚР аумағындағы тұз шығаратын 
          барлық кәсіпорындарға енгізу.
2000 ж. - Йод жетіспейтін күйді мониторингтік зерттеуді ұйымдастыру және 
          жүргізу. 
     
                              Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Энергетика, 
индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану 
институты. 
     
     IV Мақсат: Емшек емізуді қолдау және тарату. 
     
                              Іс-қимыл жоспары: 
     1. Барлық босануға көмектесу мекемелерінде емшек емізуді қолдау 
жөніндегі ДДҰ 10 принципін енгізу.
     2. Барлық босануға көмектесу мекемелерінің "нәрестеге мейіріммен 
қарайтын аурухана" мәртебесін алуы.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Заңгерлік (нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау).
     2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу және 
медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің 
санитарлық-ағартушылық ролін көтеру. 
     
                              Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -     ҚР-ның барлық босануға көмектесу мекемелерінде емшек емізуді 
          қолдау жөніндегі ДДҰ 10 принципін енгізу жөнінде ұсыныс енгізу, 
          емшек емізу принциптерін енгізу жөніндегі орта медицина 
          қызметкерлеріне арналған жүйелі тренингті ұйымдастыру.
               Емшек емізудің пайдасы туралы радио мен теледидарда 
          хабарлар, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар ұйымдастыру. 
2000 ж. - Барлық босануға көмектесу мекемелерінің "нәрестеге мейіріммен 
          қарайтын аурухана" мәртебесін алуы.
     
                              Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Ғылым академиясының 
Тамақтану институты. 
     
     V Мақсат: ҚР халқының тиімді тамақтану саласындағы білімділік. 
     
                              Іс-қимыл жоспары: 
     1. Тиімді тамақтану принциптері туралы халықтың білім деңгейін 
бағалау.
     2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиімді тамақтану принциптерін 
тарату.
     3. Мамандарды оқытуға және көпшілік қауымға арналған салауатты 
тамақтану мәселелері жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді жасау және басып 
шығару. 
     4. Тамаққа деген коммерциялық мүдделер мен ғылыми емес көзқарастарға 
қарсы күрес.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Халыққа сауалдама жасау.
     2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу және санитарлық- 
ағартушылық жұмысты жоғары көтеру. 
     
                            Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -     Тиімді тамақтану жөніндегі білім деңгейін бағалау үшін халық 
          арасында анкеталау жұмыстарын жүргізу. 
               Бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мен оқытудың 
          әдістемесін негіздеу. Тамақтану мәселелері жөніндегі әдістемелік 
          ұсыныстарды басып шығару. 
               Бұқаралық ақпарат құралдарында тамақтану мәселелері 
          жөніндегі мақалалар, радио мен теледидарда салауатты тамақтану 
          туралы хабарлар ұйымдастыру. Анкета жүргізу нәтижелерін талдау. 
          Тамақтану мәселелері жөніндегі басылымдарды, бұқаралық ақпарат 
          құралдарында айдарлар мен колонкалар ұйымдастыру. Халықтың 
          әртүрлі топтарының тамақтануы мәселелері бойынша әдістемелік 
          ұсыныстар мен ғылыми-практикалық әдебиеттерді басып шығару. 
2000 ж. - Анкета жүргізу жолымен тағамдық мінез-құлықтың өзгеруін бағалау. 
          Халықтың әртүрлі топтарының тамақтануы мәселелері бойынша 
          әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми-практикалық әдебиеттерді басып 
          шығару. Бұқаралық ақпарат құралдарында тамақтану мәселелері 
          жөніндегі мақалалар, радио мен теледидарда салауатты тамақтану 
          туралы хабарлар ұйымдастыру. 
     
                              Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Ғылым академиясының 
Тамақтану институты. 
     
                                 3.2 тарау 
     
                        Дене шынықтыру мен спортты 
                          дамытудың стратегиясы 
     
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 


      1. Халық арасында өмір сүрудің сапасын арттыру, моральдық және дене жетілуіне қол жеткізу үшін дене шынықтыру мен спортты кеңінен таратуға ықпал жасау.
      2. Халықтың дене шынықтыру-сауықтыру объектілеріне, спорт киімдері мен заттарына деген қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандыру.
      3. Дене шынықтыру мен спортты дамыту ісінде әртүрлі ведомстволардың күш салуын басқару және үйлестіру механизмдерін жетілдіру.
      4. Саланы қамтамасыз етудің ұйымдық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік және медициналық жүйесін құру.

              Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігінің ғылыми-негізделген көлемін (аптасына 10-12 сағат) орындауға қажетті шарттарды жасау.
      2. Студент және оқушы жастардың қозғалыс белсенділігі көлемін (аптасына 8-10 сағат) орындауы.
      3. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың ғылыми-ұсынылған көлемін (аптасына 3-4,5 сағат) орындауын қамтамасыз ету.
      4. Дене шынықтыру-емдеумен және спортпен шұғылданатын адамдардың денсаулығына медициналық бақылау жасау жүйесін құру.
      5. Жекелеген аймақтардың кадрларға деген сұранысын қамтамасыз ету,

арнайы семинарларда спорт қызметкерлерін дайындау.
     6. Тұрғын үй массивтерін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт 
ғимараттарымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін орындау.
     7. Ірі оқу орындары мен кәсіпорындардың базасында мәдени-спорт 
кешендерін құру.
     8. Жалпы халық арасында бос уақытын салауатты дене белсенділігіне 
арнауды танымал ету. 
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Халықты дене шынықтыру мен спорттың денсаулық үшін 
пайдалылығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
     
                              Іс-қимыл жоспары: 
     Бұқаралық ақпарат құралдарында дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ 
жоғары дене белсенділігі мен спортпен шұғылданудың денсаулыққа оң ықпалын 
насихаттауды мақсатты түрде ұйымдастыру.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Дене тәрбиесінің мәселелері бойынша радиода, теледидарда және 
баспасөзде арнайы хабарлар, айдарлар ұйымдастыру.
     
                            Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар санын 20%-ке 
          арттыру.
2000 ж. -      Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар санын 20%-ке 
          арттыру. 
     
                              Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс  
министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, 
жергілікті атқару органдары. 
     


      II Мақсат: Дене шынықтыру және спорт жөніндегі базалық мектепке дейінгі, мектеп және студенттік бағдарламаларды жасау.

                               Іс-қимыл жоспары:
      Мектептер және мектеп жасына дейінгі мекемелердің барлық түрлеріне

арналған дене шынықтыру мен спорт жөніндегі бағдарламаларды жасау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Жалпы білім беретін мектептің базистік жоспарына дене шынықтырудың 
үшінші сабағын біртіндеп енгізу.
     2. 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыздарды дене шынықтыру сабағында 
бөлек оқытуды біртіндеп енгізу.
     3. Жоғары және орта оқу орындарындағы оқу кезеңінде көлемі 450 
сағаттық міндетті дене шынықтыру сабағын енгізу - аптасына 4 сағат.
     4. Барлық оқу орындарында Президенттік тесттен өтуді енгізу.
     5. Жалпы білім беру мектептерінің күн режиміне таңертеңгілік 
жаттығуды, "денешынықтыру кідірісін", "денешынықтыру минутын", "қозғалысты 
үзілістерді" енгізу.
     
                            Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Оқушылар мен студент жастар арасында қимылдау белсенділігін 
          аптасына 8-10 сағатқа дейін арттыру.
2000 ж. -      Президенттің тест нормативтерін орындаған оқушылар, 
          студенттер санын 30%-ке арттыру.
     
                              Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары. 
     
     III Мақсат: Оқу орындарындағы дене шынықтыру мен спорттың базалық 
сабақтарына толықтыру ретінде дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың 
оқудан тыс түрін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Оқудан тыс спорттық ұйымдар желісін дамыту.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Тұрғылықты жерлерде спорт секциялары мен клубтарын құру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Спорттық және сауықтыру объектілерінің желісімен 30%-ке 
          қамтамасыз ету.
2000 ж. -      Спорттық және сауықтыру объектілерінің желісімен 60%-ке 
          қамтамасыз ету.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 


      ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет,

ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, пәтер иелері кооперативтері, 
жергілікті атқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары. 
     
     IV Мақсат: Кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек пен демалысты 
ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру мен спортты енгізу.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Жұмыс орындарында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай 
жасау.
     2. Жұмыс істейтіндерге арнап салауатты өмір салтын сақтаудың 
дәлелдері мен ынталандыруларын жасау. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Кәсіпорындар мен мекемелерде, демалыс орындарында және тұрғылықты 
жерлерде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын орындарды бөлу және 
жабдықтау.
     2. Еңбек күні режиміне дене шынықтырумен шұғылдануды енгізу.
     3. Салауатты өмір салтын сақтауға халықтың қызығушылығын тудыратын 
экономикалық ынталандыру мен материалдық көтермелеуді және марапаттауды 
енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Жұмыс істейтіндердің ауруға шалдығуын бастапқыдан 20%-ке 
          төмендету. 
2000 ж. -      Жұмыс істейтіндердің ауруға шалдығуын бастапқыдан 30%-ке 
          төмендету. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 


      ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс

министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындар мен 
ұйымдар, пәтер иелерінің кооперативтері. 
     
     V Мақсат: Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға халықтың анағұрлым 
осал топтарын тарту.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Мүгедектердің, тұрмысы нашарлардың, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің 
дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Мүгедектерге арналған мамандандырылған спорт мекемелерін құру.
     2. Халықтың тұрмысы нашар топтарының арасында дене шынықтыру және 
спортпен шұғылдануына барынша мүмкіндіктер туғызу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -     Халықтың анағұрлым осал топтары арасында дене шынықтыру және 
          спортпен шұғылданатындарды 20%-ке арттыру.
2000 ж. -     Халықтың анағұрлым осал топтары арасында дене шынықтыру және 
          спортпен шұғылданатындарды 30%-ке арттыру. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Еңбек және  
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындар мен 
ұйымдар. 
     
                                 3.3 тарау 
     
                     Маскүнемдікпен және алкоголизммен 
                         күресу жөніндегі кешенді 
                           мақсатты бағдарлама 
     
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. Спирт ішімдіктерін тұтыну мөлшерін төмендету мақсатымен 
әлеуметтік-мәдени климат жасау.
     2. Спирт тұтынудан болатын медициналық және әлеуметтік проблемаларды 
азайтудың нәтижелі бағдарламаларын енгізу.
     3. Алкоголь өндіруді, таратуды және жарнамалауды бақылауға алу.
     4. Алкогольды шамасымен және мәдениетті түрде тұтыну мүддесіндегі 
бұқаралық ақпарат.
     
             Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 


      1. Спирт ішімдіктерін пайдаланудың өсуінен болған экономикалық зардаптарға (алкоголизмді, спирт ішімдіктерін пайдаланудан болған алкогольдік асқынуларды емдеуге кеткен шығындар, маскүнемдердің кінәсінен болған төтенше оқиғалар мен өрттер және т.б.), жол-көлік оқиғаларына талдау жасалсын.
      2. Республикалық және аймақтық деңгейлерде халықпен психикалық алдын алу жұмыстарын жүргізуге әкімшілік және қаржылай жәрдемдесу, салауатты өмір салтын насихаттаушы коммерциялық ұйымдар мен өзіне өзі көмектесу топтарына қолдау көрсету жөніндегі шараларды жасау және рет-ретімен жүзеге

асыру.
     3. Халықтың әртүрлі топтарының маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы 
күрес шараларының тиімділігі туралы, құқық қорғау және басқа да 
мемлекеттік органдардың қызметіне берер бағалары туралы қоғамдық 
пікірлерін зерттеу.
     4. Жастардың алкогольды мәдениетті түрде және шамасымен тұтынуы 
мақсатында жастардың ұйымдарымен, жастардың субмәдениетіне тән топтармен 
ынтымақтасу.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, заңдық қамтамасыз 
ету. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 


      Алкогольды тұтынуға бақылау жасаудың мемлекеттік саясаты заңдылық ықпал етуді күшейту, спирт ішімдіктерін заңды өндіру және сатудың тәртібін бекітетін, құқық бұзушылыққа жауапкершілікті, осы мәселелер жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілейтін бірқатар нормативтік актілерді қабылдау.
      1. Мына заң актілерінің қолданысқа енгізілуін қамтамасыз ету:
      - ұйымдарда, қалалық көліктердің барлық түрлерінде спирт ішімдіктерін пайдалануға тыйым салу туралы;
      - спорттық және мәдени-қойылымдар шараларын спирт ішімдіктерін пайдаланудан азат аймақтар деп жариялау туралы;
      - жаңа заңдарды қабылдау, не болмаса қолданылып жүрген заңдарға толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды жасау.
      2. "Әкімшілік жауапкершілік туралы" заңға:
      - сауда ұйымдарының, жеке фирмалардың, коммерциялық және басқа да

сауда кәсіпорындарының 18 жасқа толмаған адамдарға спирт ішімдіктерін 
сатқаны үшін жауапкершілігін белгілейтін нормаларды;
     - 18 жасқа толмаған жас жеткіншектердің қоғамдық орындарда мас, адам 
намысын және қоғамдық парасаттылықты қорлайтын түрде пайда болуы, дәл сол 
сияқты спирт ішімдіктеріне салынуына олардың ата-аналарының жоғары 
жауапкершілігін енгізу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Заң актілерін енгізу және жүзеге асыру.
     2. Жоспарлау, дайындау, әкімшілік тәртіппен шешімдер қабылдау.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындау, оларды 
          қабылдау, қоғамдық пікірлерді зерттеу.
2000 ж. - Нормативтік құқықтық актілерді түзету. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 


      ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Алкоголь өнімдерін өндіруге және айналымға салуға мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет, жергілікті атқару органдары.

      II Мақсат: Спирт ішімдіктерін тұтынуға қарсы күрестің ұйымдастыру шараларын жетілдіру.

                              Іс-қимыл жоспары:
      1. Мемлекеттік атқару және заң шығару органдарының, ҚР Ішкі істер министрлігінің және бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына арналған спирт ішімдіктерін ішуден халықтың денсаулығына және елдің экономикасына келтірілетін үлкен зардаптарға байланысты проблемалар жөніндегі ақпараттық-оқыту бағытындағы семинарлар өткізу.
      2. Денсаулық сақтаудың бастауыш звеноларында жалпы сипаттағы араласу.
      3. Мектептердегі мақсатты жұмыстар.
      4. Алкогольді пайдаланудың денсаулыққа, от басына және қоғамға тигізер салдарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы спирт ішімдіктеріне салынудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын мақсатты жүргізіп отыру.

                            Жүзеге асыру әдістері:
      1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметкерлерін (медбикелерді, дәрігерлерді, фармацевтерді, тіс дәрігерлерін) дайындау бағдарламасын жасау, енгізу және енгізілуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету.
      2. Спирт ішімдіктеріне әуес болудың алдын алуға бағытталған сабақтардың тақырыптамаларын жасау және мектеп оқушыларына арналған валеология бағдарламаларына енгізу.

                            Қозғалысты мониторинг: 1999-2000 ж.ж. - Мүдделі медициналық қызмет мекемелерінің есептері. 2000 ж. - Ғылыми талдау.

                              Атқарушы ұйымдар:
      ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқару органдары.

      III Мақсат: Алкогольді ішімдіктерді шектен тыс пайдаланудың алдын ала ескерту.

                              Іс-қимыл жоспары:
      1. Маскүнемдікпен күресті орталықтан бөлу, бұл проблеманы (бюджеттік, экономикалық, әлеуметтік, медициналық) шешуде жергілікті өкімет органдарына үлкен дербестік беру.
      2. Маскүнемдікті, алкоголизмді алдын алу және жеңудің облыстық, қалалық және аудандық кешенді бағдарламаларын жасау.
      3. Қажетті талдаулар жасау және тиісті ведомстволарға халықтың алкоголь ішімдіктерін тұтыну қатері жоғары топтарын анықтау жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар беру.
      4. Отандық және шетелдік жұмыс тәжірибелерін ескере отырып алкогольді пайдаланудың зияны туралы ағарту бағдарламаларын құрастыру және өткізу жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау.
      5. Халық арасында алкогольге салынудың зиянды салдарлары туралы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
      6. Діндар адамдарға діни уағыз және басқа да салт-дәстүрлер кезінде маскүнемдік пен алкоголизмнің проблемаларына жиі тоқталу туралы ұсыныс жасау.
      7. Денсаулық сақтаудың наркологиялық мекемелері мен қалалық, аудандық

әскери комиссариаттар жанындағы медициналық дәрігерлік комиссия арасында 
дер кезінде алдын алу және медициналық сипаттағы шараларды қабылдау үшін 
алкогольге әуестенген әскер жасына дейінгі жеткіншектерді зерттеу 
жөніндегі өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Листовкалар, брошюралар, плакаттар жариялау.
     2. Барлық оқу орындарында, мәдениет үйлерінде, театр-концерт 
мекемелерінде әңгімелер, тақырыптық кештер, плакаттар, кітаптар көрмесін 
ұйымдастыру.
     3. Теле-, радиохабарларын, мерзімді баспасөздегі мақалаларды 
ұйымдастыру.
     4. Тиімді ұйымдастыру нысандарының негізінде жоғары қатерлі топтармен 
алдын алу жұмыстарын орындау үшін педагогтарды, медицина, әлеуметтік және 
құқық қорғау қызметі қызметкерлерін тиісінше дайындау.
     5. Алкоголизмнің зиянды салдарларын жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан 
зерттеп отыру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -        Ғылыми талдау. 
1999-2000 ж.ж. - Алкоголизмнің дамуы үрдісінің, алкогольге салынумен 
                 байланысты аурулардың таралуының мониторингі.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет  
министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР 
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару 
органдары. 
     
                                 3.4 тарау 
     
                       Темекі мен темекі бұйымдарын      
                        қысқарту жөніндегі кешенді 
                           мақсатты бағдарлама 
     
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. 2010 жылға темекі шекпейтіндердің санын айтарлықтай көбейту.


      2. 2010 жылға шылымдағы смола мен никотиннің құрамының ең жоғары рұқсат етілетін деңгейін тиісінше 12 және 1 мг деп белгілеу.
      3. Өндірілетін темекі бұйымдарының сапасына бақылау қою.
      4. Әйелдер арасында темекі тартудың алдын алу - әйелдер, бойжеткендер (жастар) арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
      5. Темекіден бас тартуды көтермелейтін әлеуметтік-экономикалық, мінез-құлықтық және басқа да ынталандыруларға оң ықпал жасау.
      6. Темекінің халықтың денсаулығына ықпалының тұрақты мониторингін жүргізу және бағалау.

              Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Түтінсіз өмір салтын насихаттау, санитарлық ағарту.
      2. Кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында және кез келген өзге де түрінде темекі мен темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салу.
      3. Темекі шегумен күрес жөніндегі заңдық және нормативтік-құқықтық актілердің жобасын жасау.
      4. Темекі бұйымдарына баға құрау және салық салудың жаңа жүйесін

жасау, темекі салығынан алынған қаражатты санитарлық-ағарту және 
медициналық бағдарламаларға жұмсау.
     5. Темекі бұйымдарын контрабандалық жолмен әкелумен күрестің тиімді 
механизмдерін енгізу, темекі өнімдерін сатуға, лицензиялық алып келу мен 
алып шығуға мемлекеттің монополиясын бекіту.
     6. Өндірушілердің шығарған өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілігін 
енгізу. 
     7. Халықтың темекі тұтынуының өсуінен келетін экономикалық зиянға 
талдау жүргізу.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Заңдық ұсыныстарды қабылдау (темекі мен темекі бұйымдары 
жөніндегі заң жобалары арқылы):
     1. Темекі бұйымдарына салық салу саясатын өзгерту туралы.
     2. 18 жасқа толмаған жастардың темекі бұйымдарына жолын шектеу.
     3. Темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салу.
     4. Темекі бұйымдарын бақылау және сәйкестігін тексеру туралы.
     5. Темекі түтінсіз қоршаған орта туралы.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Темекі бұйымдарына салықты 3%-ке көтеру.


      2. Салық есебінен алынған кірістерді темекіге қарсы күрес шараларын қаржыландыруға пайдалану (темекі бұйымдарын сатудан алынған акциздік салықтардың 2-3%).
      3. Темекі бұйымдарының үлгілерін оларды жасаушылардың, таратушылардың және сатушылардың тегін таратуына тыйым салу.
      4. Темекі бұйымдарының қораптарының алдыңғы және сырт беттерінде

темекі шегудің зияндылығын медициналық ескертулер алаңын 20%-ке көбейту.
     5. Барлық жұмыс және қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық 
көліктердің барлық түрлерінде темекі тартуға тыйым салу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Мүдделі министрліктер және ведомстволармен, Парламент 
депутаттарымен республикадағы темекі мен темекі бұйымдарының айналымын 
реттейтін заңдық ұсыныстарды өткізуге күш салу.
     2. Темекі жөніндегі кешенді мақсатты бағдарламаны қабылдау.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Заңдарды әзірлеу және енгізу. 
2000 ж. - Қабылданған заңдарды өмірге енгізу туралы, қоғамдық пікір 
          туралы ақпарат. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Әділет  министрлігі, ҚР 
Қаржы министрлігі, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі, жергілікті атқару 
органдары, жұмыс берушілер. 
     
     II Мақсат: Темекі шегуді тастағысы келгендерге тиімді және кеңінен 
қолданулар көрсету. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Темекіні тастағысы келетіндерге көмек көрсетудің (арнайы ерлер, 
әйелдер және жеткіншектерге арналған) бағдарламаларын жасау және кеңінен 
енгізу.
     2. Денсаулық сақтаудың бастауыш звенолары деңгейінде жалпы сипаттағы 
араласулар. 
     3. Екі қабат әйелдермен жүйелі бағытта жұмыстар жүргізу.
     4. Никотиналмастыру терапиясын пайдалану және енгізу.


      5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен темекіні тастағандарға қолдау

көрсету жөніндегі үйлестірілген және орнықты жұмыстарын өткізу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметкерлеріне арналған 
арнайы дайындық бағдарламаларын жүргізу.
     2. Темекі шегу әдетінен арылудың дәлелдерін күшейту жөніндегі 
қызметтер (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы санитарлық ағарту, қоғамды 
хабардар ету).
     3. Теле-, радиохабарларын тарату арналары және баспа өнімдері арқылы 
"Темекіні қалай тастауға болады" тақырыбындағы ақыл-кеңес беретін 
бағдарламалар жүргізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Қара базарды зерттеу және оны қысқарту. 
2000 ж. - Ғылыми талдау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару 
органдары. 
     
     III Мақсат: Халықтың темекінің зияны туралы хабардар болуы деңгейін 
жоғарылату, темекі шегудің таралуын төмендетуге жәрдемдесетін әлеуметтік 
климат жасау. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Бұқаралық ақпарат құралдарында темекіге қарсы күрес жөніндегі 
тұрақты жұмыс істейтін бағдарламаларды құру.
     2. Санитарлық ағарту, ақпарат және қоғамдық пікірді дамыту.
     3. Практикалық ұсыныстарды жасау үшін ғылыми әлеуметтік зерттеулер 
жүргізу.
     4. Темекі шегуді болдырмауға және доғаруға бағытталған ағарту және 
насихаттаудың тиімді бағдарламалары.
     5. Барлық мектептерде темекі шегумен байланысты мәселелер жөніндегі 
тиімді ағарту бағдарламаларын жүргізу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Темекіге қарсы кешенді бағдарламаны жасау және енгізу.
     2. Түтінсіз өмір салтын насихаттаудың кең ауқымды желісі.
     3. Теледидар арналары мен баспасөз басылымдарына темекі шегудің зияны 
туралы хабарлар мен айдарлар енгізу.
     4. "Темекі шегу - көптеген аурулардың қатерін туғызатын фактор" 
бейнеролигін жасау және енгізу.
     5. Темекі өнеркәсібінің құрылымдары, қаржылық қызметі, мәліметтер 
базасы және саяси ықпалы туралы ашық ақпарат.
     6. Листовкалар, брошюралар, плакаттар және басқа материалдарды жасау.
     7. Жыл сайын Дүниежүзілік темекісіз күнді өткізіп тұру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. - Темекі шегу мен темекіні пайдаланудың басқа түрлерінің 
        дамуы үрдісінің, темекі шегумен байланысты аурулардың таралуының 
        және жергілікті, ұлттық, халықаралық деңгейдегі темекіге бақылау 
        жасау жөніндегі ұлттық іс-әрекеттердің тиімділігінің мониторингі.
1999 ж. - Ғылыми зерттеулер. 
2000 ж. - Темекіні пайдаланудың көрсеткіштері, денсаулыққа зияны туралы 
          кешенді баяндама. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. 
     
                                 3.5 тарау 
     
                     Есірткіні пайдалануды қысқартуға 
                          жәрдемдесу стратегиясы 
          
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. Есірткіні пайдаланумен байланысты қатерлі өмір салты туралы 
халықтың хабардарлығын арттыру.


      2. Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін түзетуіне жәрдемдесу, психологиялық орнықтылығын, есірткіні және адамды психотропты дәрілерді пайдалануды, тоқтатқан кездегі психологиялық проблемаларды жеңу қабілетін дамыту.
      3. Жеке бастың және әлеуметтік проблемаларды жеңуге әлеуметтік қолдау

көрсету жүйесін дамыту.
     4. Балалар мен жастардың есірткі туралы алған ақпараттарын талдау 
және сын көзбен бағалау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
     
             Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     1. Алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерін жасауға бағытталған ғылыми 
зерттеулер жүргізу.
     2. Есірткіге тәуелдіктің ерте диагностикасында медициналық-санитарлық 
алғашқы көмектің ролін күшейту.
     3. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін психотропты 
дәрілерді талапқа сай тағайындау мәселелеріне терең ден қоя отырып көтеру.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Есірткілерге сұраныс пен сатуды шектеуге ықпал ету 
бөлігінде заң актілерін жасауға қатысу. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Есірткілерді пайдалану проблемаларына қатысты заң және 
нормативтік-құқықтық актілерді талдау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Қолданылып жүрген заңдардың атқарылуы туралы ақпараттарды жинау 
және талдау.
     2. Қолданылып жүрген заңдарға өзгертулер мен толықтыруларды әзірлеу 
және енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Нашақорлық проблемаларына қатысты заң және нормативтік 
          актілерді талдауды аяқтау. 
               ҚР наркологиялық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды 
          енгізу. 
2000 ж. -      Қазақстан Республикасында нашақорлық проблемалары жөніндегі 
          заң және нормативтік актілердің жүзеге асырылуына талдау жасау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет 
министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Есірткілерді бақылау жөніндегі 
мемлекеттік комиссия. 
     
     II Мақсат: Мемлекеттік, халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес 
бірлестіктермен есірткілерге сұранысты шектеу жөніндегі сектор аралық 
ынтымақтастықты дамыту.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Есірткілерге сұранысты шектеу жөніндегі ынтымақтастық түрлерін 
ұлғайту. 
     
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     Мәжілістер, конференциялар өткізу, ақпарат алмасу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер 
министрлігі, Республикалық СПИД-пен күрес орталығы. 
     
     III Мақсат: Мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, 
кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында білім беру 
бағдарламаларын жүргізу.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Оқушылар мен жастарды оқыту. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Педагогтар даярлау.
     2. Білім беру бағдарламаларын жасау.
     3. Мектептерде валеология бойынша оқу бағдарламаларын жүргізу.
     4. Сабақтан тыс оқулар өткізу.
     5. Жастар телехабарларын, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз алуды 
ұйымдастыру.
     6. Жастарды нашақорлықпен тығыз байланысты СПИД-тің және 
ВИЧ-инфекциялардың таралуының қаупі туралы хабардар етіп отыру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -     Алматы қаласының, Алматы және Жамбыл облыстарының 
          мектептерінде, орта арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық 
          мектептерінде, жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын 
          жүргізу. 
              Республиканың жоғары оқу орындарында, ірі өнеркәсіп 
          кәсіпорындарында оқыту бағдарламаларын жүргізу. 
2000 ж.- Өткізілген оқыту бағдарламаларының тиімділігіне талдау жасау және 
          оларды жетілдіру. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару 
органдары. 
     
     IV Мақсат: Халықтың әлеуметтік-осал топтарымен жұмысты ұйымдастыру. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Қатерге бас тігетін топтардағы психологиялық алдын алу және 
психотерапевтік жұмыстар. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Қатерге бас тігетін топ адамдар психикасын жөндеу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қатерге бас тігетін топтардағы психологиялық алдын алу және 
          психотерапевтік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік 
          материалдарды дайындау, білікті мамандарды іріктеу. Қатерге бас 
          тігетін топтардағы психологиялық алдын алу және психотерапевтік 
          жұмыстарды жүргізу.
2000 ж. -      Жүргізілген жұмыстардың алдын ала нәтижелерін талдау, 
          тиімділігін бағалау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер 
министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 
жергілікті атқару органдары. 
     
     V Мақсат: Денсаулық сақтаудың бастауыш звенолары дәрігерлерінің 
есірткіге салыну проблемалары жөніндегі қызметін жетілдіру.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Есірткіге салынудың проблемалары бойынша денсаулық сақтаудың бастауыш 
звенолары дәрігерлерін даярлау және қайта даярлау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нашақорлықтың алдын алу әдістерін жасау.
     2. Күйзеліске қарсы күрестің балама әдістерін енгізу.
     3. Дәрігерлерге психотропты дәрілерді дұрыс тағайындауды үйрету.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Әдістемелік құжаттарды әзірлеу, тиісті мамандарды таңдау. 
          Нашақорлық жөніндегі бастауыш звено дәрігерлерін даярлау.
2000 ж. -      Жүргізілген жұмыстарды кейіннен жетілдіру үшін тиімділігін, 
          кемшіліктерін бағалаудың алдын ала нәтижелерін талдау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
                                 3.6 тарау 
     
                     Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрысқа 
                     және жыныстық жолмен берілетін 
                     аурулар мен ВИЧ/СПИД-тің алдын 
                      алуға жәрдемдесу стратегиясы 
          
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс принциптерін енгізе отырып жалпы 
халықтың мінез-құлқына ықпал ету. 
     2. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың біріншілікті алдын алу. 


      3. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың етек алуына қарсы тұру ісіндегі, әртүрлі ведомстволар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерлерін үйлестіру механизмін жетілдіру.
      4. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны, оларды маскүнемдікке, есірткі пайдалануға, қаңғыбастыққа, жезөкшелікке, азғындыққа жетелегені үшін жаза қолдануды енгізу.

              Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Сексуальдық қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің денсаулық күйіне бақылау жасау, мұндай қызмет көрсету аймақтарын шектеу.
      2. Есірткілерді инемен қабылдау мүмкіндіктерін азайту.
      3. Елді мекендерде секс қызметін көрсету аудандарын шектеу, мұндай қызмет көрсетудің жарнамаларына тыйым салу.
      4. Әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсарту саясатын, неке мен отбасының жоғарғы мәртебесін бекіту, балаларды тәрбиелеу саясатын,азшылық секс топтарына төзе білудің мәдениетті саясатын жүргізу.
      5. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс принциптері жөніндегі бұқаралық ақпарат, білім беру.
      6. Азаматтардың жыныстық жолмен берілетін аурулар және ВИЧ/СПИД туралы қажетті ақпаратты алуы үшін оқыту мен тәрбиелеуді заң жүзінде реттеу.
      7. Сексуальдық жүріс-тұрыстың қалыптасуының заңдылықтарын іздеу

аясында медицина мен педагогиканы қиюластыра ғылыми зерттеулер жүргізу.
     8. Әртүрлі деңгейлердегі үйлестіру кеңестерін құру, Дәрігерлердің, 
психологтардың, мәдениет, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес 
ұйымдардың қызметкерлерінің бірлескен акцияларын өткізу.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     
     I Мақсат: Халықтың әртүрлі әлеуметтік мақсатты топтарын осал 
социумдар мен кәсіпқойларды даярлауға ерекше мән бере отырып жыныстық 
жолмен берілетін аурулар мен ВИЧ/СПИД және қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс 
туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Ақпарат тарату:
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Листовкалар, брошюралар жариялау, мерзімді баспасөзде, 
теледидарда, радиода сөз алу.


      2. Аудиторларда сөз алу, көш бастаушыларды даярлау, жекелеген

социумдарда "жеткіншек - жеткіншекке", "әскери қызметкер - әскери 
қызметкерге", "осал топтың адамы - осал топтың адамына" түрінде жұмыстар 
жүргізу.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау министрлігі. 
     
     II Мақсат: Мектепте білім беруді жетілдіруге дәрігерлерді, орта 
медицина қызметкерлерін және педагогтарды дайындау.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Кәсіпқойлардың сексология, соксопатология, қауіпсіз жыныстық 
жүріс-тұрыс мәселелері жөніндегі білімін көтеру бағытындағы дайындық 
сапасын көтеру.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Бағдарламаларға өзгерістерді дайындау және енгізу.
     2. Оқу құралдарын жасау.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. - Іс-шаралардың өткізілуі туралы есеп.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     III Мақсат: Қауіпсіз сексті насихаттау және презервативтердің 
жеткілікті болуын қамтамасыз ету. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Презервативтерді пайдаланудың артықшылықтары туралы білімді көтеру 
шараларын жүргізу. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. - Іс-шаралардың өткізілуі туралы есеп. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     IV Мақсат: Халықтың стерильденген медициналық құрал-жабдықтарға еркін 
қол жеткізуіне жағдай жасау. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Стерильді медициналық құрал-жабдықтарды тарату. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. - Техникалық есеп беру. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     V Мақсат: Қауіпсіз секске кедергі жасайтын әлеуметтік нормалары мен 
өмір сүру жағдайларына көңіл бөлу. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрысты нығайту саясатын жүргізу. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Осал топтар қауымдастығының өкілдерімен тікелей жұмыс жасау. 
     2. Әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін көтеру. 
     3. Жұмыспен қамтуды көбейту. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. Атқарылуы туралы есеп. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер 
министрлігі, жергілікті атқару органдары. 
     
     IV Мақсат: Жеткіншектер мен жастардың жыныстық және өнегелілік 
тәрбиесін дамыту. 
     
     Қоғамдағы қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрысқа жәрдемдесу бағытындағы 
заңдық-құқықтық базаны дамыту. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Сексуальдық қызмет көрсету рыногын бақылауға алу бағытындағы 
құқықтық қатынас және отбасыларында, жеткіншектер мен жастардың арасында 
антиәлеуметтік үрдістерге қарсы тұру саясатын реформалау.
     2. Жыныстық жолмен берілетін ауруларды және ВИЧ/СПИД жұқтыру 
қауіптілігімен байланысты жеке адамға қарсы жасалған қылмыс пен қылық үшін 
қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Жаңа заң және нормативтік актілерін жасау.
     2. Қолданылып жүрген заңдардың атқарылуына бақылауды күшейту.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. - Атқарылуы туралы есеп. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары. 
     
                                 3.7 тарау 
     
                      Вирустік гепатиттермен, жедел 
                        ішек инфекцияларымен және 
                       туберкулезбен ауырғандардың 
                       алдын алуға және төмендету 
                          жөніндегі бағдарлама 
          
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 


      1. Вирустік гепатиттердің, жедел ішек инфекцияларының және туберкулездің берілуі деңгейінің жиілігін біртіндеп қысқарту.
      2. Гигиена саласындағы жоғары стандарттар мен нормативтерді қамтамасыз ету.
      3. Халықтың қатерге ұшырауы мүмкін контингенттерін анағұрлым нәтижелі анықтау және мақсатты жұмыс істеу.
      4. Жақсы ұйымдастырылған медициналық-санитарлық алғашқы көмек

жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ерте диагностикамен және 
емдеуде бекітілген алдын алу шараларына қатысты медициналық-санитарлық 
ағартуды күшейту.
     
             Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     1. ҚР облыстарында және Астана, Алматы қалаларында туберкулезбен 
күрестің аймақтық кешендік бағдарламаларын жасау.
     2. Облыс орталықтарында мониторингті жасау және енгізу.
     3. Иммундік алдын алудың, жұқпалы аурулардың инфекциясының жаңа 
әдістерін енгізудің ғылыми негіздемесі.
     4. Жұқпалы аурулардың алғашқы және кейінгі алдын алуларының ролін 
күшейту.
     5. Халықтың гигиена мәдениетін көтеру мүддесінде бұқаралық ақпарат 
құралдарын қарқынды пайдалану.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     
     I Мақсат: Вирустік гепатиттермен, жедел ішек инфекцияларымен, 
туберкулезбен ауруды төмендету мақсатындағы ақпарат және білімділік 
деңгейін көтеру.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Санитарлық-ағарту қызметін ұйымдастыру және жүргізу.
     2. Жұмыс жүргізілетін басымдық мақсатты топтарды анықтау.
     3. Әрбір таңдалған топтың мінез-құлық стереотиптеріне ықпал ететін 
қажетті ақпараттың сипатын анықтау.
     4. Мақсатты аудиторияны ескере отырып бұқаралық ақпарат құралдарымен 
жұмыс өткізу стратегиясын жасау.
     5. Мақсатты аудиторияны ескере отырып оқыту бағдарламасын жасау.
     6. Вирустік гепатиттердің, жедел ішек инфекцияларының және 
туберкулездің алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламаларды жасау және 
енгізу.
     7. Салауатты өмір салтын насихаттаудың кең ауқымды желісі.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Плакаттар, кітаптар, брошюралар, буклеттер, бейнефильмдер басып 
шығару.
     2. Семинарлар, конференциялар және теле- радиохабарларын жүргізу.
     3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін құру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. -     Семинарларды, конференцияларды және бұқаралық ақпарат 
                 құралдарының жұмыстарын тіркеу. 
1999-2000 ж.ж. -      Кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың 
                 қолданыстағы жүйесі. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары. 
     
     II Мақсат: Вирустік гепатиттердің, жедел ішек инфекцияларының және 
туберкулездің алдын алу. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Жақындасқан адамдарды ауру жұқтыру мен ауруға ұшырау туралы 
ескерту. 
     2. Елді мекендердің санитарлық жайлылығын жақсарту.
     3. Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарындағы тұрғындардың 
иммундік жүйе күйін ғылыми зерттеу.


      4. Халық арасындағы жұқпалы ауруларды (вирустік гепатиттер, жедел ішек инфекциялары, туберкулез) тарату көздерін барынша айқындау.
      5. 1 жасқа дейінгі балалардың тамақтануын жақсарту.

                            Жүзеге асыру әдістері:
      1. Елді мекендердің аумақтарын жүйелі түрде санитарлық тазарту, тұрмыс қалдықтарын кез келген жерге тастауды жою.
      2. Су құбырларының санитарлық-техникалық күйін жақсарту жөніндегі шараларды жүргізу.
      3. Рыноктар мен басқа тамақ өнімдерін сатылатын орындарды қалыпты

күйге келтіру, азық-түлікті белгіленбеген жерлерде сатуға тыйым салу.
     4. Жаңа туған нәрестелерді туберкулезбен егу және 6-7 жастағы 
балаларды қайтадан егу.
     5. Бұқаралық ақпарат құралдарында "Туберкулездің алдын алу - 
Қазақстан халқының денсаулығы" тұрақты айдарын ашу.
     6. Кіші жастағы балалардың жеке бас гигиенасын сақтау дағдысын 
қалыптастыру.
     7. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде алдын алу 
шараларын өткізу.
     8. Емшек емізу бағдарламасын белсенді енгізу.
     9. Жыл сайын жаңа туған сәбилерді В гепатитке қарсы егу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999-2000 ж.ж. - Іс-шаралардың өткізілуі туралы есеп және скрининг.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және 
сауда министрлігі, жергілікті атқару органдары. 
     
                                 3.8 тарау 
     
                       Денсаулық және қоршаған орта 
 
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. Халықты қоршаған ортаны қорғау және денсаулық саласындағы саясатты 
жасау процесіне және оны жүзеге асыруға тарту.
     2. Қоршаған ортамен байланысты өлім-жітімді, ауруды және денсаулыққа 
қатерді едәуір төмендету.
     3. Халықтың салауатты қоршаған ортаны сақтау мәселелеріндегі жоғары 
мәдениетіне қол жеткізу.
     4. Қауымдастық пен халықтың барлық топтарының табиғи қоршаған орта 
мен денсаулықты сақтауға белсенді атсалысуы.
     
             Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 


      1. Санитарлық заң шығару саласындағы жұмысты, қоршаған ортаны қорғау және халықтың денсаулығы жөніндегі сектораралық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру.
      2. Ас суымен қамтамасыз ету көздерін, ауаның ластануын талдау және

тәптіштеп бағалау, экологиялық келеңсіздіктердің басты себептерін айқындау.
     3. Қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстарды жасау.
     4. Қоршаған ортаның гигиенасы бойынша мәліметтер базасы мен 
мониторинг жүйесін жасау.
     5. Қалаларда өмір сүру сапасын жақсарту, ДДҰ "Салауатты қалалар" 
бағдарламасының оң тәжірибесін ескере отырып урбанизациялау салдарларын 
азайту.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Оқушылар мен студент жастарды экологиялық-гигиеналық оқыту. 
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен 
өзгерістер енгізу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Қолданылып жүрген заңдық-нормативтік актілерге талдау жасау. 
     2. Қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік актілерді жүзеге асырудың 
механизмі бойынша ұсыныстар жасау.
     3. Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-әрекеттердің Ұлттық 
жоспарының орындалуының бағасы және мониторингі.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік актілердің 
          тиімділігін талдауды аяқтау. Ұсыныстар жасау және енгізу. 
2000 ж. -      Қабылданатын заңдар мен нормативтік актілердің тиімділігін 
          бағалау әдістерін жасау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет 
министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 
     
     II Мақсат: Сектораралық ынтымақтастықты жетілдіру. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Сектораралық ынтымақтастықтың әртүрлі жұмыстарын дамыту. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Қоршаған орта проблемалары жөніндегі халықаралық бағдарламалар 
жасау, бірлескен мәжілістер, конференциялар, дөңгелек столдар өткізу. 
     2. Сектораралық ынтымақтастыққа қоғамдық және халықаралық ұйымдарды 
тарту.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Ұсыныстар жасау жөніндегі мәжілістер өткізу және 
          сектораралық ынтымақтастыққа қатысушыларды анықтау. Бірлесе 
          әрекет ету жоспарын жасау.
2000 ж. -      Халықаралық ұйымдарды қатыстыра отырып қоршаған ортаның 
          гигиенасы жөніндегі бағдарламадағы сектораралық ынтымақтастықты 
          жүргізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі. 
     
     III Мақсат: Халыққа санитарлық-гигиеналық білім беру бағдарламасын 
қалыптастыру және енгізу. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Қоршаған ортаның гигиенасы және халықтың әртүрлі топтарына арналған 
экологиялық тәрбиелеу жөніндегі білім беру бағдарламаларын жасау және 
енгізу. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Балаларға арналған білім беру бағдарламасын жасау. 
     2. Мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының базистік 
оқу жоспарларына қоршаған ортаның гигиенасы мәселелері жөніндегі 
бөлімдерді енгізу. 
     3. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарында қоршаған ортаны қорғау 
мәселелерін жариялап отыруды ұйымдастыру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар ұйымдастыру. 
1999 ж. - Білім беру бағдарламасын жасауды аяқтау.
2000 ж. - Гигиеналық білімдер деңгейін талдау және бағалау.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрлігі.
     
     IV Мақсат: Қоршаған орта объектілерінің (ас суымен қамтамасыз ету 
көздерінің, тамақ өнімдерінің, ауаның, топырақтың) сапасын жақсарту. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Қоршаған орта объектілерінің сапасын талдау және бағалау, ластандыру 
көздерін айқындау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Қоршаған орта объектілерінің күйі және ластандыру көздері туралы 
санитарлық-гигиеналық ақпараттарды жинау. 
     2. Мәліметтер банкін қалыптастыру.
     3. Ақпараттарды талдау және қоршаған ортаның күйін болжау.
     4. Жағдайды өзгерту жөніндегі ұсыныстарды жасау.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Ақпарат жинауды ұйымдастыру және мәліметтер банкін қалыптастыру. 
2000 ж. - Ұсыныстарды іс-қимыл жоспарына қосу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда  
министрлігі, жергілікті атқару органдары.
     
     V Мақсат: Қолданылып жүрген Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі 
Ұлттық бағдарламаға салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі 
ұсыныстарды енгізу.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен ҚР Экология 
және табиғи ресурстар министрлігі жұмыстарын үйлестіру. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі Ұлттық бағдарламаны талқылау, 
Үкіметтің қарауына ұсыныстар енгізу.
     2. Бірлескен іс-қимылдар жоспарын жасау. 
     3. Ұлттық бағдарламаны жүзеге асырудағы әріптестікті дамыту. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Ұлттық бағдарламаны 
          талқылау, ұсыныстар енгізу, бірлескен конференциялар, дөңгелек 
          столдар өткізу. 
2000 ж. -      Қоршаған ортаны қорғаудың Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру 
          жөніндегі бірлескен қызмет.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі.
     
     VI Мақсат: Экологиялық апаттардың салдарының қатерін төмендету. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Экологиялық апаттардың салдарларын жою жөніндегі мемлекеттік және 
халықаралық бағдарламаларға қатысу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Жағдайды талдау, оның денсаулыққа тигізер әсерінің болжамын жасау.
     2. Экологиялық апат аймақтарындағы жағдайды жақсарту жөніндегі 
ұсыныстарды жасау.
     3. Экологиялық апат аймақтарындағы қоршаған ортаның өзгеруінің 
тигізер әсерін анықтау жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу.
     4. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Экологиялық апат аймақтарындағы жағдайды талдау. 
1999 ж. - Жүргізілген ғылыми зерттеулердің негізінде ұсыныстар жасау. 
2000 ж. - Экологиялық апат аймақтарындағы денсаулық көрсеткіштерінің 
          мониторингі.
     
                        Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі, жергілікті атқару органдары.
     
     VII Мақсат: Адамның табиғи, әлеуметтік және өндірістік тіршілік ету 
ортасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Елді мекендер мен жұмыс-орындарын салауаттандыру.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Елді мекендер мен жұмыс орындарын салауаттандыру проблемалары 
жөніндегі ұсыныстарды жасау.
     2. Бұқаралық ақпарат құралдарында елді мекендер мен жұмыс орындарын 
салауаттандыру әдістерін кеңінен жариялау.
     3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірге жұмыс істейтін 
халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Ұсыныстар жасау, оларды кеңінен жариялау.
     
                        Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі, жергілікті атқару органдары, жұмыс берушілер.
     
                                4 тарау 
     
              "Салауатты өмір салты" республикалық кешенді 
                   бағдарламаны жүзеге асырудың басты 
                        стратегиялық бағыттары 
     
     Басымдық бағдарламалар "Салауатты өмір салты" республикалық кешенді 
бағдарламаны жүзеге асыруға арналған тік негізі болып табылады. Сонымен 
қатар "көлбеу" жолы - басты стратегиялық бағыттары да жоспарлануда. Бұл 
көзқарас бірыңғай философияны, ғылыми негізділігін, коммуникациялық 
қолдауды, құқықтық ортаны, адам ресурстарының дамуын, салауатты өмір 
салтының дамуын, іс-қимылдардың ішкі интеграциясын қамтамасыз етеді.
     Басты стратегиялық бағыттар:
     1. Құқықтық орта 
     2. Ақпарат, білім беру, коммуникация 
     3. Оқу бағдарламаларын жасау 
     4. Қолданбалы жасалымдар 
     5. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек 
     
                                 4.1 тарау 
     
                           Салауатты өмір салтын 
                          қалыптастыруға арналған 
                       құқықтық ортаны қамтамасыз ету 
      
                       Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
               Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 


      1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамытуға ықпал ететін денсаулық сақтау саласындағы заң актілерінің біртұтас кешенді жүйесін құру.
      2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті заң актілерін салааралық және ведомствоаралық тиімді үйлестіруді жүзеге асыру.
      3. Денсаулықты қорғау және қоршаған ортаны қорғау мүддесінде

өндірістік және коммерциялық қызметтерді тиімді реттеу.
     4. Өмір салтымен және адамның жеке бас құқығымен байланысты заңдарды 
толығымен үндестіру.
     
             Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     1. Заңдарды салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі осы заманғы 
саясат тұрғысынан қайта қарау және бағалау.
     2. Денсаулыққа зиянды тауар өндіруді заңдық жолымен шектеу.
     3. Денсаулыққа зиянды тамақ өнімдері мен тауарларды жарнамалауға 
тыйым салу.
     4. Денсаулық мүддесіндегі ведомствоаралық және салааралық 
ынтымақтастықты тиімді заңгерлік негіздеу.
     5. Денсаулықты қорғау мүддесіндегі заңдардың тиімділігін зерттеуді 
дамыту.
     
               Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Тамақ өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы заң 
шығару ісін дамыту.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен 
қауіпсіздігі туралы Заңның жобасын әзірлеу.
     2. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі 
сертификациялық сынақтар жүргізетін ведомствоаралық қызметтердің өзара 
іс-әрекеті туралы Үкімет Қаулысын қабылдау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Заңды 
          қабылдау туралы ұсыныс енгізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар:      


      ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты, ҚР Әділет министрлігі, жергілікті атқару органдары.

      II Мақсат: Есірткілердің сұранысы мен пайдалануды төмендету саласында заңдық базаны дамыту.

                              Іс-қимыл жоспары:
      1. Есірткіге деген сұранысты төмендету саласында тиімді өзара әрекет

ету мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін заңдық және 
нормативтік актілерді талдау.
     2. Өзара келісілген заңдар мен заңға сәйкес нормативтік құқықтық 
актілерді жасай отырып есірткілерге мемлекеттік бақылауды, олардың 
қабылдануының реттілігін және олардың сапалы дайындалуына жауапты 
мемлекеттік органдардың тобын құқықтық қамтамасыз ету.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     3. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     4. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Нашақорлық проблемаларына қатысты қолданылып жүрген 
          нормативтік құқықтық актілерді талдау мен бағалауды аяқтау. 
1999 ж. -      Заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу, ҚР 
          наркология қызметін жетілдіру жөніндегі заң мен Үкімет қаулысының
          жобасын әзірлеу.
2000 ж. -      Жаңадан қабылданған заң актілерінің күшіне енуі, ҚР-дағы 
          нашақорлық проблемалары жөніндегі заңдық және нормативтік 
          актілердің жүзеге асырылуын талдау.
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Нашақорлыққа қарсы 
күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссия, ҚР Ішкі істер министрлігі.
     
     III Мақсат: Темекі бұйымдары мен алкогольге сұранысты төмендету 
жөніндегі заңдық базаны қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Шығарылған өнімдердің сапасына жауапкершілікті күшейту.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қолданылып жүрген заң актілерін талдау және бағалау, 
          нормативтік-құқықтық актілердің қолданылып жүргендеріне 
          толықтырулар мен өзгертулер енгізу және жаңасын әзірлеу. 
2000 ж. - Жаңадан қабылданған құқықтық актілердің күшіне енуі.
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет 
министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі.
     
     IV Мақсат: Қауіпсіз сексті тарату, СПИД/ВИЧ және жыныстық жолмен 
берілетін аурулардың алдын алу жөніндегі заңдық базаны қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 


      1. Отбасыларында, жасөспірімдер мен жастар арасында антиәлеуметтік

үрдістерді бақылауға алу мәселелеріндегі құқықтық қатынас саясатын 
реформалау.
     2. Жезөкшелік, сексуальдық азшылық, СПИД/ВИЧ және жыныстық жолмен 
берілетін ауруларға күштеп тексеру мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген 
нормативтік-заң актілерін қайта қарау және оларды халықаралық нормаларға 
сәйкестендіру.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық базаны талдау, 
          бағалау және ол туралы есеп беру.
1999 ж. -      Нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер 
          енгізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет 
министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі.
     
     V Мақсат: Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдық базаны дамыту 
және қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 


      1. Жеке басты дамытуға арналған құқықтық шарттар жасау, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, халықтың дене шынықтыру және спортпен саналы түрде шұғылдануына қызығушылық таныту, материалдық-спорттық базаны одан әрі дамыту.
      2. Қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы қозғалыс тәсілдерін (жаяу жүру,

велосипед тебу) енгізудің анағұрлым кең ауқымды мүмкіндіктерін құқықтық 
қамтамасыз ету, меншік түріне қарамастан өндірісте кәсіптік-қолданбалы 
дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын ұйымдастыру. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер 
          енгізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет 
министрлігі. 
     
     VI Мақсат: Жұқпалы ауруларды болдырмау және алдын алу саласындағы 
заңдық базаны дамыту және қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 


      1. Халықты туберкулезден, карантиндік инфекциялардан, жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғау туралы Заңдардың жобаларын әзірлеу.
      2. Қолданылып жүрген "СПИД-тің алдын алу туралы" Заңға осы аурулардың

құқығын қорғауды күшейту, шетел азаматтарын сертификаттау, пенитенциарлық 
мекемелерде ВИЧ-жұқтырушыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды жақсарту 
мәселелеріндегі халықаралық нормаларға сәйкестендіру үшін өзгерістер мен 
толықтыруларды әзірлеу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қолданылып жүрген заң актілерін талдау, бағалау және 
          есеп беру.
1999 ж. -      Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге 
          толықтырулар мен өзгертулер енгізу, жаңа заң жобалары мен 
          нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу.
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет 
министрлігі. 
     


      VII Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдық базаны дамыту және қамтамасыз ету.

                              Іс-қимыл жоспары:
      1. Өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, автомобильдердегі әртүрлі материалдарды пайдалануға заңдық бақылауды күшейту; заңдық, экономикалық және техникалық шаралармен күшейтілген критерийлерді жасау; қауіпсіз балама шикізат материалдарын, технологияларды пайдалану немесе өндірісті жетілдіру.
      2. Денсаулыққа қауіпті бұйымдарды жарнамалауға шектеу қоюға қатысты

медициналық-санитарлық заңдарды күшейту; өнімдердің, тауарлардың 
этикеткаларына түсінуге оңай және толық қамтылған ақпаратты енгізу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қолданылып жүрген заң актілерін талдау, бағалау және 
          есеп беру.
1999 ж. -      Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге 
          толықтырулар мен өзгертулер енгізу, жаңа заң жобалары мен 
          нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу.
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және 
табиғи ресурстар министрлігі. 
     
     VIII Мақсат: Салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастырудағы 
медициналық-санитарлық алғашқы көмектің заңдық базасын дамыту және 
қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 


      1. Денсаулық сақтау жүйесіндегі алғашқы медициналық-санитарлық

көмектің басым ролін қамтамасыз ететін тиімді заңдарды жасау.
     2. Денсаулық туралы қауіпсіз ақпаратты қамтамасыз ететін және 
салауатты өмір салты мен салауатты қоршаған ортаны қалыптастыруға ықпал 
жасайтын заң шаралары.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық 
және экономикалық сараптау.
     2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Қолданылып жүрген заң актілерін талдау, бағалау және 
          есеп беру.
2000 ж. -      Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге 
          толықтырулар мен өзгертулер енгізу, жаңа заң жобалары мен 
          нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу.
     
                             Атқарушы ұйымдар:      
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
                               4.2 тарау 
     
                         Салауатты өмір салтын 
                       қалыптастыру саласындағы  
                      ақпараттың, коммуникацияның 
                        және білім берудің ролі 
      
                      Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
                Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. Қазақстан халқын денсаулық пен салауатты өмір салты туралы қажетті 
ақпаратпен қамтамасыз ету.


      2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы заңдық және нормативтік актілерді қолдану мақсатында ақпарат, коммуникация және білім беру құралдарын тиімді пайдалану.
      3. Халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту.

                 Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Салауатты өмір салтының әлеуметтік маркетингі жүйесін құру.
      2. Салауатты өмір салтының жаңа ақпараттық жүйесін құру үшін осы заманғы ақпараттық техниканы пайдалану.
      3. Денсаулық мүддесіндегі жеке жүріс-тұрыс пен құндылықтарды дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігін көтеру.
      4. Халықтың әртүрлі топтары мен қоғамның әлеуметтік топтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы бұқаралық коммуникация құралдарына жан-жақты көзқарас.
      5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі модельдік аймақтық кешенді коммуникациялар бағдарламаларын құру.
      6. Салауатты өмір салты саласындағы коммуникациялық материалдар жөніндегі ұлттық ақпарат орталығын құру.
      7. Салауатты өмір салты мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді, мониторингті, білім беруді дамыту.
      8. Өнеркәсіппен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаңа

өнімдер шығару жөніндегі ынтымақтастық (компьютерлік ойындар, 
бейнефильмдер және т.с.с).
     
                Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы ақпараттың, 
білім берудің рөлін талдау.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Қолданылып жүрген ақпараттар жүйесін, оқыту әдістерін, кадрларды, 
сондай-ақ қолда бар салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі құралдар 
мен қосымша материалдарды талдау.
     2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында ақпарат, коммуникация 
және білім беру құралдарын белсенді пайдалану мақсатымен 
нормативтік-құқықтық актілерді өзгерістер мен толықтырулар енгізудің 
қажеттігіне талдау жасау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Ақпарат жинау және талдау, ескертулер, ұсыныстар беру.
     2. Осы мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру.
     3. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми талдау.
     4. Есеп беруді әзірлеу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Республикалық кеңес және есеп. Ғылыми талдау нәтижелерін 
          жариялау. 
2000 ж. - Жалпы есеп. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қазақстан дәрігерлері мен 
провизорларының Ассоциациясы. 
     
     II Мақсат: Адам ресурстарын дамыту. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша жарнама 
жөніндегі мамандар тобын, социологтарды, журналистерді, оқытушыларды, 
волонтерлерді (өз еркімен таңдағандарды) дайындау.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің бұйрықтары.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Бұйрықтар жасау және енгізу.
2000 ж. - Семинарларды, конференцияларды өткізу. 
          Адам ресурстарының дамуы туралы жалпы есеп. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     III Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі 
коммуникация әдістемесін жетілдіру.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі педагогтарға, балалар 
мен мектеп оқушыларына, жалпы халыққа арналған әдістемелік құралдарды 
жасау, теле-, радио- бағдарламаларын шығару.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің бұйрықтары.
     2. Жұмыстық және арнайы топтарды құру.
     3. Семинарлар өткізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Бұйрықтарды жасау және енгізу.
1999-2000 ж.ж. - Семинарлар, конференциялар өткізу.
1999 ж. - Бұқаралық коммуникацияның тиімділігін талдау.
2000 ж. - Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріндегі 
коммуникациясы бойынша жалпы есеп әзірлеу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
     
     IV Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тиімді 
коммуникациялау мақсатында ынтымақтастықтың стратегиясы мен жаңа түрлерін 
дамыту.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Проблеманы шешуде бірыңғай қадам жасау үшін мемлекеттік, халықаралық 
және үкіметтік емес ұйымдармен сектораралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Семинарлар, конференциялар, кеңестер өткізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
2000 ж. - Семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру.
          Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тиімді 
коммуникациялау 
          мақсатындағы стратегия мен ынтымақтастық жөніндегі есеп әзірлеу.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
                               4.3 тарау 
     
                         Салауатты өмір салтын 
                         қалыптастырудағы білім 
                          берудің ролін күшейту 
      
                      Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
                Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     1. Оқушыларға табиғи, психологиялық және әлеуметтік әлеуеттерін толық 
іске асырудың мүмкіндіктерін беру.
     2. Мектептерде табиғи ортаны сауықтыру, оқушылар мен педагогтардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


      3. Жастардың денсаулығына игі әсерін тигізетін қызмет атқару, өзінің және жалпы қоғамның денсаулығына ұжымдық және дербес жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
      4. Оқушы жастардың қауіпсіз табиғи ортаны жақсарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріндегі белсенділігін дамыту.
      5. Білім берудің мектептік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып валеологияны оқытудың ғылыми-негізделген, осы заманғы жүйесін құру.

                 Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Мектептерде санитарлық ағартудың кешенді жүйесін жасау.
      2. Барлық мектеп бағдарламасына жүйелі түрде талдау жасау және оқушылар мен педагогтар арасында салауатты өмір салтын дамыту тұрғысынан қайта қарау.
      3. Мектеп медициналық қызметтерінің алдын алу қызметтерін күшейту.
      4. Мектептер мен басқа да оқу мекемелерінде валеология және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде оқытушылар даярлаудың осы заманғы республикалық жүйесін құру.
      5. ДДҰ "Денсаулықты күшейту мектептері" жобасы бойынша ұлттық желіні құру.
      6. Мектеп ғимараттарын, ойын алаңдарын, мектеп құрал-жабдықтарын,

қауіпсіздік шаралары мен мектепте тамақтанудың сапасын жақсарту жолымен 
мектептердегі инфрақұрылымдарды жетілдіру.
     7. Мектеп ұжымдарында демократияның, өзара түсіністіктің және адамдық 
қарым-қатынастардың принциптерін дамыту.
     8. Оқушылардың денсаулығын күшейту мәселелерінде қоғамның, мектептің 
және отбасының ынтымақтастығы механизмін дамыту.
     
                Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, 
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оларды салауатты өмір салты 
дағдыларына үйрету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мақсатты оқу 
бағдарламаларын жасау және мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының, 
мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу процестеріне 
енгізу.
     2. Оқытудың базистік жоспарына валеология пәнін енгізу.
     3. Барлық деңгейде санитарлық-гигиеналық білімге үйрету сапасын 
көтеру.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 


      1. Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, орта

арнаулы және жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын үйрету жөніндегі 
ғылыми-негізделген ұсыныстарды, мақсатты бағдарламаларды жасау.
     2. Оқу орындарының қызметкерлеріне арналған валеология мен 
медициналық-санитарлық оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік материалдарды 
дайындау.
     3. Қазақстанның ДДҰ "Денсаулықты күшейту мектептері" бағдарламасына 
қосылуы.
     4. Оқу орындарында салауатты өмір салты орталықтарын ұйымдастыру.
     5. "Салауатты жастар - салауатты қоғам" ұранымен конференциялар, 
лекциялар, аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - 1. Оқу бағдарламаларын әзірлеу. 
          2. Валеология пәнін оқу процесіне енгізу.
          3. Есірткілер, алкоголь, темекі, СПИД, жыныстық жолмен берілетін 
             аурулар, туберкулез және т.б. оқу құралдарымен жұмыс. 
          4. Әртүрлі "Салауатты жастар - салауатты қоғам" акцияларын 
             өткізу. 
          5. Оқу орындарында Салауатты өмір салты орталықтарын ұйымдастыру.
2000 ж. - 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі оқу 
             бағдарламаларының тиімділігін талдау. 
          2. Оқу орындарындағы Салауатты өмір салты орталықтарының 
жұмыстарын үйлестіру.
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, жергілікті атқару 
органдары.
     
     II Мақсат: Балалар мен оқушы жастардың оқуына, демалысына және 
сауығуына қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Оқу орындарында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына 
бақылау жасау.
     2. Оқу орындарының инфрақұрылымдарын жетілдіру.
     3. Оқу орындары медициналық қызметінің алдын алу шараларына бағдар 
ұстауын күшейту.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Оқу орындарын қаржыландыруды жақсарту.
     2. Оқу орындары мен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының 
санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін, мемлекеттік стандарттарды 
сақтауына қатаң бақылау жасау.
     3. Мектеп ғимараттарын, ойын алаңдарын, оқу мектеп құрал-жабдықтарын 
жөндеу, оқушылардың қауіпсіздігі шаралары мен тамақтануының сапасын 
жетілдіру.
     4. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру 
жөніндегі іс-шаралар.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Жағдайларды талдау, мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен 
          оқу орындарының санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауына 
          бақылау жасау. 
               Оқу орындарының медициналық қызметтерінің Салауатты өмір 
          салтын қалыптастыру орталықтарымен бірге аурулардың алдын алу 
          және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шараларды 
          жүргізуі. 
2000 ж. -      Балалар мен оқушы жастардың оқуына, демалысына және 
          сауығуына арналған жағдайларды талдау және бағалау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
                               4.4 тарау 
     
                         Салауатты өмір салтын 
                      қалыптастырудағы қолданбалы 
                           зерттеулердің ролі 
      
                      Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
                Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 
     Алдын алу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және үйлестіру.
     
                Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     1. Алдын алу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
     2. Ұлттық ғылыми инфрақұрылымдарды, мониторингті, салауатты өмір 
салтының дамуын халықаралық стандарттар бойынша бағалау жүйесін құру.
     
                Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі басымдықтарын 
анықтау және ғылыми жүргізудің әдістемелік тәсілін жасау.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Денсаулық сақтаудағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды талдау.
     2. Аурулардың бастапқы алдын алу және салауатты өмір салтын 
қалыптастыру жөніндегі ғылыми бағыттарды анықтау және бекіту.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Ғылыми-практикалық семинарлар, кеңестер, конференциялар. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Аурулардың бастапқы алдын алу және салауатты өмір салтын 
          қалыптастыру жөніндегі ғылыми бағыттарды бекіту.
          Аралық есепті дайындау, ғылыми-практикалық конференция. 
2000 ж. - Қорытынды есепті дайындау, ғылыми-практикалық конференция. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және 
жоғары білім министрлігі. 
     
     II Мақсат: Процесстің мониторингі үшін халықтың өмір салтына қатер 
туғызуы мүмкін факторлардың таралуы жөніндегі ҚР эпидемиологиялық жағдайын 
зерттеу.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Халықтың өмір салтына қатер туғызуы мүмкін факторлардың таралуы 
жөніндегі ҚР эпидемиологиялық жағдайын зерттеу және талдау. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     ДДҰ әдістері бойынша эпидемиологиялық зерттеулер. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, өңдеу, талдау, 
          аралық есеп. 
1999 ж. -      Факторлық талдау жүргізу, салауатты өмір салтын 
          қалыптастырудың психологиялық және мотивациялық аспектілерін 
          анықтау. 
2000 ж. -      ҚР халықтарының салауатты өмір салтын қалыптастыру 
          мәселелеріндегі ұлттық, мәдени, діни ерекшеліктерін зерттеу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     III Мақсат: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын алу бағыттарын күшейту.
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     1. Халықтың өмір салтына қатер туғызуы мүмкін факторлардың таралуы 
жөніндегі ҚР эпидемиологиялық жағдайын зерттеу және талдау. 
     2. Мониторинг. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     Ғылыми-практикалық конференциялар.
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Ғылыми-практикалық конференция өткізу. 
1999 ж. - Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру 
          жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасау және бекіту. 
2000 ж. - Ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру, аралық есеп. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және 
жоғары білім министрлігі. 
     
     IV Мақсат: Алдын алу ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы 
әдістемесін жасау. 
     
                             Іс-қимыл жоспары: 
     Ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. - Денсаулық күйін зерттеу әдістерін келісу.
1999 ж. - Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әмбебап әдістемелерін енгізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және 
жоғары білім министрлігі. 
     
                               4.5 тарау 
     
                         Медициналық-санитарлық 
                       алғашқы көмек шеңберіндегі 
                         салауатты өмір салтын 
                        қалыптастыру стратегиясы 
      
                      Мақсаттары мен басымдықтары: 
     
                Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.): 


      1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесі шеңберінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының қызметін құру және қолдау, жергілікті бағдарламаларды жүргізу жөніндегі қажетті дағдыларды, қабілеттерді және білімдерді дамытуға қолдау көрсетуі тиіс.
      2. Денсаулық сақтау жүйесі мен жеке қызметтерді алдын алу қызметін жүргізуге ынталандыру жүйесін құру жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағдарлау.

                 Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
      1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша оқытушыларды дайындау.
      2. Басымдық бағыттардағы алдын алудың әртүрлі әдістерін жасау (мысалға, есірткілер, алкоголь, дене белсенділігі және т.б.).
      3. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесін салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі осы заманғы материалдармен жабдықтау.
      4. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйелері мен жергілікті билік органдары арасындағы алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейту.
      5. Алдын алу қызметін тиімді пайдалануға қол жеткізу мақсатында

халықпен белсенді жұмыс істеу механизмдерін күшейту және басқа 
секторлармен ынтымақтастық. 
     6. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекке арналған дайындықтан өткен 
отбасы дәрігерлері мен медбикелерінің қажетті санын қамтамасыз ету.
     
                Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.): 
     I Мақсат: Нормативтік-әдістемелік құжаттарды талдау, тиісті 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Семинарлар, кеңестер, алқалар. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Нормативтік-әдістемелік құжаттарды талдау, ұсыныстар әзірлеу
          және оларды семинарлар мен кеңестерде талқылау. 
1999 ж. -      Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті кеңінен талқылауды 
          аяқтау, алқада қарау. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     II Мақсат: Медициналық-санитарлық алғашқы көмек медициналық 
қызметкерлерінің оқу бағдарламаларын, дипломға дейінгі және дипломнан 
кейінгі дайындығының әдістемелік құралдарын дайындау. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Жұмыс топтарын құру, семинарлар, алқалар. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындық бойынша 
          оқу бағдарламалары мен құралдарын жасау және бекіту. 
2000 ж. -      Бағдарлама мен оқу құралдарын талқылау конференциясын 
          өткізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     
     III Мақсат: Медициналық жоғары оқу орындарында валеология 
мұғалімдерін даярлау. 
     
                           Жүзеге асыру әдістері: 
     1. Тренингтер, семинарлар, оқыту курстарын өткізу. 
     
                           Қозғалысты мониторинг: 
1999 ж. -      Жоғары оқу орындары деңгейінде 20 жаттықтырушы және орта 
          арнаулы оқу орындары деңгейінде 40 жаттықтырушы даярлау. 
2000 ж. -      Үздіксіз даярлау жүйесін енгізу, мониторинг жөніндегі 
          кеңестер өткізу. 
     
                             Атқарушы ұйымдар: 
     ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі. 
     


    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.