Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 3 желтоқсан N 1678

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысының 3-қосымшасында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесiндегi алтыншы абзацтың күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi