Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 маусым N 862

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ заң күшi бар Жарлығын, Қазақстан Республикасының "Көшi-қон туралы" Z970204_ және "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Z980341_ Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртiбi;
      <*>
      Кепiлдiктi және кепiл жарналарды енгiзудiң тәртiбi, шарттары мен мөлшерлерi;
      Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсетудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.19. N 836
               қаулысымен. P010836_
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi еңбек қызметiнiң мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныс енгізсін;
      жыл сайын жұмыс берушiлер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жалдайтын шетелдiк азаматтарды тұтастай алғанда және мамандықтар тобы бойынша республиканың аумағында жұмыс істеу үшiн тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      жыл сайын жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне шетелдiк жұмыс күшiн тарту және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаты болған жағдайда келу визаларын берудi жүргiзсiн.
      4. "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға,

сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға 
байланысты қызметті лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 924  

P970924_

  қаулысының Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 215-құжат) күшi жойылды деп 
танылсын.
     5. Осы қаулы 1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолдануға енгізiледi 
және жариялауға жатады. 
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                           1999 жылғы 25 маусымдағы
                                               N 862 қаулысымен
                                                  бекiтiлген
     
           Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн
             Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға
              байланысты қызметке лицензиялар берудiң
                              Тәртібі
     
     1. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшін
        Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға
        байланысты қызметке лицензиялар берудiң тәртiбi
     


      1. Заңды және жеке тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн осындай қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы болуы тиiс.
      2. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (Алматы қаласы бойынша - Алматы қаласының атқарушы органы) жүргiзедi.
      3. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған лицензия:
      1) қызмет ауқымы бойынша - қолданылу мерзiмi шектеусiз берiлетiн бас лицензия болып табылады;
      2) аумақтық сала бойынша - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi берген шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге арналған лицензия Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтардың келуiне ашық барлық аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде (Алматы қаласынан басқа) қолданылады. Алматы қаласының атқарушы органы берген лицензияның күшi Алматы қаласының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылады.
      4. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) лицензиаттың қызметтiң лицензияланатын түрiмен айналысу құқығына арналған бiлiктiлiк талаптарына сай екендiгiн растайтын құжаттар;
      3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым енгiзгенін растайтын құжат ұсыну қажет.
      5. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгедей көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттармен алады.
      6. Заңды тұлғалардың өтінішi бойынша шешiм бiр ай мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн өтiнiш берiлген күнінен бастап он күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
      7. Лицензия, егер:
      1) қызметтің белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға аталған субъектi үшiн заң актiлерiмен тиым салынса;
      2) лицензиялар туралы заңдарға сәйкес талап етілетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
      3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе;
      4) өтiнiш берушi белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай жауап бермесе;
      5) өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса берiлмейдi.
      8. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм лицензия беру үшiн белгiленетiн мерзiмде өтiнiш иесiне жазбаша түрде жiберiледi.
      9. Лицензия иелiктен шығарылмайтын, яғни лицензиат басқа жеке немесе заңда тұлғаға бере алмайтын болып табылады.
      10. Лицензияны керi қайтарып алу:
      1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
      2) сот лицензиатқа қызметтiң оның жүзеге асыруға лицензиясы бар түрiмен айналысуға тыйым салған;
      3) ол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын уақытша тоқтатқан себептерi жойылмаған жағдайларда, сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      11. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға құқылы.
      12. Лицензияның қолданылуы анықталған жолсыздықтар жойылғаннан кейiн лицензиардың шешiмi бойынша жаңартылады, ол туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарланады.
      13. Лицензия керi қайтарылып алынған немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайларда кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына арналған алым қайтарылуға жатпайды.
      14. Лицензиаттың лицензияның тоқтатыла тұруына және керi

қайтарылуына байланысты барлық мәселелер бойынша лицензиардан жазбаша 
түрде растау алуға құқығы бар.
     15. Лицензиар лицензияның берiлуi, керi қайтарылып алынуы, 
қолданылуының тоқтатыла тұруы және жаңартылуы туралы Қазақстан 
Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Сыртқы iстер министрлiгiне, 
Қорғаныс министрлiгiне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ақпарат бередi.
     16. Лицензияны жоғалтып алған (жоғалған) жағдайда, көшiрме 
лицензиар белгiлеген шарттарға сәйкес берiледi.
     
             2. Лицензиялық ережелердің сақталуына 
                жауапкершiлiк және оны бақылау
     
     17. Лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақталуын бақылау 
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
министрлiгi мен оның аумақтық органдарына (Алматы қаласы бойынша 
Алматы қаласының атқарушы органына) жүктеледi.
     18. Лицензия алмастан шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және
жұмыс күшiн шетелге шығаруға байланысты қызметке тыйым салынады.
     19. Лицензиялық нормалар мен осы Тәртiптi бұзу - Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
     
              3. Қызметтiң лицензияланатын түрiне
                 қойылатын білiктiлiк талаптары
     


      20. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне байланысты қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      өтiнiш берушiнiң штатында жоғары және арнайы орта заңгерлік білімi бар кем дегенде бір маманның болуы;
      үй-жайы, компьютерлерi және еңбек биржасымен, Жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтары болуы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N 709

              қаулысымен.  

P000709_

 
     21. Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан 
Республикасынан шетелге шығару қызметiне байланысты қызметке лицензия 
алуға үмiткер жеке тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай 
бiлiктілік талаптары қойылады:
     халықты жұмыспен қамту саласында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң 
болуы;
     жеке кәсіпкер ретiнде тiркелгендiгi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N 709 
              қаулысымен.  

P000709_

 
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                           1999 жылғы 25 маусымдағы
                                              N 862 қаулысымен
                                                  бекiтiлген
     
             Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
        Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан
          Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және
            кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының тәртiбi
     
                   1. Жалпы ережелер
     
     1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 


      1) кепiлдiктi және кепiл жарналар - шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың қолданылу кезеңiнде жұмыс берушiнiң қызметкердiң алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз етуiнiң тәсілдері;
      2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi шетелдiк жұмыс күшiн жолдауды жүзеге асыратын жұмыс берушiге беретiн белгiленген үлгiдегi құжат;
      3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын, басшысы (әкiмшiлiгi) бiлдiретiн ұйым (заңды тұлға) не жеке тұлға;
      4) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган аймақтық (облыстық, аудандық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      5) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi.

            2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
            Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және
              кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының тәртiбi

      2. Шетелдiктер (Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құрылтайшыларын қоса алғанда) мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi - шетелдiк азаматтар) жұмыс берушiмен жасалған келiсiмшарттың (еңбек шартының, келiсiмнiң) негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және кәсiптiк қызметтi жүзеге асыра алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N 709
               қаулысымен. P000709_
      3. Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы лауазымға тағайындалуы немесе қызметтiң осы түрiмен айналысуы Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесiлiгiне байланысты болса, жекелеген лауазымдарға тағайындала немесе еңбек қызметiнiң жекелеген түрiмен айналыса алмайды.
      4. Шетелдiк азаматтардың еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқығы болады және сондай жауаптылықта болады.
      5. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушi мен шетелдiк азамат арасында жасалған келiсiм шарттың (еңбек шартының, келiсiмнiң) талаптарымен айқындалады.
      6. Келiсiмшарт (еңбек шарты, келiсiм) мiндеттi түрде жұмыс берушi мен қызметкер туралы деректердi, келiсiм-шарттың нысанасы туралы шартты, еңбекақы төлеудің, жұмыс және демалыс уақытының, өмiрi мен денсаулығын сақтандырудың, жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырудың шарттарын, тараптардың мiндеттемелердi орындауы мен жауаптылығын, еңбек дауларын шешудiң тәсілдері туралы, қызметкердi тұрақты тұратын жерiне жұмыс берушiнiң есебiнен қайтару туралы, келiсiм-шартты қолданудың және оны бұзудың мерзiмдерi туралы негiзгi шарттарды қамтуға тиiс. Келiсiм-шарттың өзге шарттарын тараптар айқындайды.
      7. Жұмыс берушiлер орталық атқарушы органнан белгiленген квоталар шегiнде берiлетiн шетелдiк азаматтарды тартуға рұқсат алуға (1-қосымша) мiндеттi.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олар берiлген лауазымдар шеңберiнде қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ 2 абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.15.
               N 709 қаулысымен. P000709_
      8. Орталық атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдаған кезде мемлекеттiң iшкi еңбек рыногын қорғау жөнiндегi мүдделерiн басшылыққа алады.
      9. Егер:
      1) бұл адамдар ресми дипломатиялық, консулдық өкiлдiктер мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiретiн болса немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердiң шеңберiнде сарапшы болып табылатын болса, <*>
      2) бұл адамдар арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын болса;
      3) бұл адамдар Қазақстан Республикасында ресми тiркелген бiрлестiктерiнiң дiни қайраткерлерi болатын болса;
      4) бұл адамдар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi болып табылатын болса және Қазақстан Республикасында тiркелген болса;
      5) бұл адамдар Қазақстан Республикасында тұруына ыхтияр хаты болса шетелдік жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат талап етiлмейдi.
      6) бұл адамдар шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары (бірінші басшылары) болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N 709
               қаулысымен. P000709_
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.14. N 1709
               қаулысымен. P001709_
      10. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат келiсiмшарттың (еңбек шартының, келiсiмнiң) қолданылу мерзiмiне берiледi.
      11. Жұмыс берушілер өздерi орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшін тарту үшiн қажетті құжаттармен қоса (2-қосымша) орталық атқарушы органның атынан өтiнiш беруi тиiс.
      12. Өтiнiшке:
      1) тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жылын, шыққан елін, мамандығы мен білімін, Қазақстан Республикасында қолданылатын қызметтердің, мамандықтардың және жұмыстардың бiрыңғай тарифтiк анықтамалығына (3-қосымша) сәйкес шақырылатын қызметтерi көрсетiле отырып, жұмыс берушiлердiң қолы мен мөрi бар бес данада әкелiнетiн, жұмыс күшiнiң тiзiмi;
      2) жұмыс берушiнiң жалданушы қызметкерлермен келiсiмшартының (еңбек шартының, келiсiмнiң) көшiрмесi;
      3) халықаралық үлгiдегi медициналық анықтама - ВИЧ-ке тексеру анықтамасы қоса берiледi.
      13. Шетелдiк жұмыс күшi, тартылған жерi бойынша уәкiлеттi органдар ұсынылған құжаттар негiзiнде, екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты берудiң мүмкiндiгi туралы негiзделген қорытынды шығарады және оны ұсынылған құжаттармен бiрге орталық атқарушы органға жолдайды.
      14. Орталық атқарушы орган жұмыс берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы өтiнiшiн екi аптадан аспайтын мерзімде, ал шағын субъектiлер үшiн он күннiң iшiнде қарайды. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмi лицензиар шешiм қабылдаған күннен бастап есептеледi.
      15. Жұмыс берушiге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруден:
      1) талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған;
      2) құжаттар ресiмделуiнiң осы Тәртiптiң шарттарына сәйкес келмеуi жағдайында бас тартылды.
      16. Орталық атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлген рұқсаттар туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Сыртқы iстер министрлiгiне, Шекара әскерлерiнiң қолбасшысына хабарлайды.
      17. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе келiсiмдерде жұмыс күшiн ауыстырудың өзгеше ережелерi белгiленген жағдайда халықаралық шарттың (келiсiмнiң) ережелерi қолданылады.
      18. Жұмыс берушi кепiлдiктi және кепiл жарналарын енгiзу жолымен келiсiмшарттың мерзiмi аяқталған соң, шетелдiк жұмыс күшiн әкетуге кепiлдiк бередi.
      19. Осы Тәртiптi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

           3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек
             және кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруының тәртiбi

      20. Қазақстан Республикасының әскери қызметте жүрген азаматтарынан басқа азаматтарының шетелдегi еңбек қызметiне құқығы бар.
      21. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде еңбек қызметiн өз бастамашылығымен немесе заңды немесе жеке тұлғалардың тарапынан еңбекке орналастыру бойынша делдалдық көмектiң нәтижесiнде жүзеге асырады.
      22. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiби қызметтi жүзеге асыруының шарттары, еңбекке орналастыру мемлекеттiң жұмыспен қамту заңдарына сәйкес, жұмыс берушiлермен келiсiмшарттарда айқындалады.
      23. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге

асыру мақсатында шетелге баруын шектеуге мынадай жағдайларда:
     1) егер олар мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтерге ие болса - 
осы жағдаяттардың қолданылуы аяқталғанға дейiн;
     2) егер оларды қылмыстық жауапқа тартуға негiз болса - iс
бойынша iс жүргiзу аяқталғанға дейiн;
     3) егер олар қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын 
өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
     4) егер олар сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтарса - 
мiндеттемелердi орындағанға дейін;
     5) егер оларға сотта азаматтық талап-арыз ұсынылса - іс бойынша iс 
жүргiзу аяқталғанға дейiн;
     6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де 
негiздер бойынша жол берiледi.
     24. Жұмыс берушi, келiсiм-шарт (еңбек шарты, келiсiмi) бұзылған 
немесе тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматының өзінің 
тұрақты тұратын жерiне қайтып оралуына кепiл енгізуге міндетті.
     
                         Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
                         Қазақстан Республикасының аумағында және
                         Қазақстан Республикасы азаматтарының
                         шетелде еңбек және кәсіби қызметтерді
                         жүзеге асыруының тәртіптеріне
                                1-қосымша
     
                Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
     
     Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
                          Рұқсат
                 (тізімдері қоса берілмесе жарамсыз)
     
       
     N________                                  1999 ж.____"___"
     Жұмыс беруші
     
     ________________________________________________________________
            (заңды тұлға үшін: атауы, мекен-жайы,
     ________________________________________________________________
          тіркелу нөмірі, тіркелген күні:
     ________________________________________________________________
     жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжаттық деректері, 
     тұратын мекен-жайы)
     ________________________________________________________________
     Рұқсат қолданылатын аумақ ______________________________________
     _______________________________________________
      
     Әкелінетін жұмысшылар мен мамандардың саны _____________________
     Мамандықтары бойынша жұмыс орындары ____________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
      
     Шыққан елі _____________________________________________________
     Рұқсат беру үшін негіздеме _____________________________________
     ________________________________________________________________
            (аумақтық органның ұсынысы)
     ________________________________________________________________
     Рұқсаттың қолданылу мерзімі _________ бастап _____________ дейін
                                (күні, айы, жылы)  (күні. айы, жылы)
     
     Ерекше 
     жағдайлар ______________________________________________________
     ________________________________________________________________
     ________________________________________________________________
     
     Мөрі:                                          Қолы:
     
     
                         Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
                         Қазақстан Республикасының аумағында және
                         Қазақстан Республикасы азаматтарының
                         шетелде еңбек және кәсіби қызметтерді
                         жүзеге асыруының тәртіптеріне
                                   2-қосымша
     
     _____________________________________________________________
             (рұқсат беретін органның толық атауы)
     
     _____________________________________________________________
            (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
     _____________________________________________________________
      
                              Өтініш
     
     Қазақстан Республикасы ___________________________ облысының
     аумағына ______________ мерзімге шетелдік жұмыс күшін тартуға 
     рұқсат беруді сұраймын
     
                     Жұмыс беруші туралы мәліметтер
     
     1. Меншік нысаны ___________________________________________
     2. Құрылған жылы ___________________________________________
     3. Тіркеу туралы куәлік ____________________________________
     ____________________________________________________________
                 (заңды тұлға үшін: N, кім және қашан берген)
     ____________________________________________________________
      (жеке тұлға үшін:т.а.ә., төлқұжаттық деректері, тұратын мекен-жайы)
     4. Мекен-жайы ______________________________________________
     5. Қоса берілетін құжаттар _________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     "Қолданылып жүрген Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
     туралы ережемен және Тиісті төлемдер туралы нұсқаулықпен 
     таныстық"
     Басшы ______________                         _______________
     
     "___"___________1999 ж. 
     
     Өтініш қарауға 1999 ж. "____"______________ қабылданды
     ____________________________________________________________
                     (жауапты адамның қолы)
     
                         Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
                         Қазақстан Республикасының аумағында және
                         Қазақстан Республикасы азаматтарының
                         шетелде еңбек және кәсіби қызметтерді
                         жүзеге асыруының тәртіптеріне
                                3-қосымша
     
 _______________________________________________________________________
 NN  Аты-жөні  Туған  Баратын  Мамандығы Білімі  Ұйымдағы  БТБА сәйкес
 р/р           күні   елі                        лауазымы  лауазымы

 1. 
 2.
 3.
 2.
 3.
       
                              Қазақстан Республикасы
                                   Үкiметінің
                              1999 жылғы 25 маусымдағы
                                 N 862 қаулысымен
                                    бекітілген
     
      Кепiлдiктi және кепiл жарналарды енгізудің тәртiбi,
                шарттары және мөлшерлерi
     
                      1. Жалпы ережелер
     
     1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:


      1) кепiлдiктi және кепiл жарналар - жұмыс берушiнiң келiсiм-шарт аяқталуы бойынша шетелдiк жұмыс күшiн әкету кепiлдiгi;
      2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      3) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі.

          2. Кепiлдiктi және кепiл жарналарды төлеудiң
                      шарттары мен мөлшерлерi

      2. Жұмыс берушiлер шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшiн және шетелдiк мамандар мен жұмысшылардың өздерiнiң тұрақты тұратын елiне қайтуын қамтамасыз ету мақсатында кепілдiктi және кепiл жарналар енгiзуге мiндеттi.
      3. Кепiлдiктi және кепiл жарналар шетел жұмысшысының тұрақты тұратын елiне қайтуын қамтамасыз етедi және билет құны мен жолдағы тәулiктiк шығыстардың сомасына тең.
      4. Кепiлдiктi және кепiл жарнаны орталық атқарушы органның шетелдiк азаматтарды тартуға рұқсат беру туралы бұйрығының негiзiнде Қазақстан Республикасының кез келген банкiндегi жинақ шотына жұмыс берушi енгiзедi.
      5. Салымдарға кепілдiктi және кепiл жарнаны салынғанын

дәлелдейтiн құжаттарды жұмыс берушiлер шетелдiк жұмыс күшін тартуға 
рұқсат алу мақсатында орталық атқарушы органға ұсынады.
     6. Кепiлдiктi және кепiл жарнаның сомасының дұрыс есептелуi үшiн 
уәкiлеттi орган жауапты болады.
     7. Кепiлдiктi және кепiл жарнаны енгiзудiң толықтығы мен 
уақыттылығы үшін жауаптылық жұмыс берушiлерге жүктеледi.
     
                              Қазақстан Республикасы
                                   Үкiметінің 
                              1999 ж. 26 маусымдағы
                                 N 862 қаулысымен
                                    бекітілген
     
      Азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру жөнiнде
             делдалдық көмек көрсетудiң
                     тәртібі
     
                1. Жалпы ережелер
     
     1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
     1) шетелдiк жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын 
шетелдiк заңды немесе жеке тұлға;


      2) еңбек делдалдығы - жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын меншіктің кез келген нысанындағы жеке заңды тұлғалардың тарапынан еңбекке орналастыру кезiнде халыққа жәрдем көрсету;
      3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi органы);
      4) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi.

                2. Шетелге жұмысқа орналасуға делдалдық
                         көмек көрсетудiң тәртiбi

      2. Азаматтардың шетелде өз бетiмен жұмыс iздеуге және еңбекке орналасуға құқығы бар.
      3. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар азаматтарға шетелге еңбекке орналастыруда делдалдық көмек көрсете алады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтарға шетелге еңбекке орналастыру жөнiндегi делдалдық көмегi:
      1) шетелге жұмысқа тұру мүмкiндігi мен жұмыс жағдайлары туралы азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және жеке, толық және анық ақпараттандырудан;
      2) шетелдiк жұмыс күшiн жалдағысы келетiн шетелдегі жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер жинаудан;
      3) шетелге еңбекке орналасқысы келетiн азаматтар туралы мәлiметтер жинаудан;
      4) шетелдiк жұмыс берушi мен азаматтың арасындағы келiсiм-шартты ресiмдеуден;
      5) азаматтарды шетелге шығаруға арналған рұқсат құжаттарын ресiмдеуден;
      6) шет елдердегi заңдар мен өзiн өзi ұстау жөнiнде консультациялар беруден тұрады.
      6. Жеке және заңды тұлғалар шетелдiк жұмыс берушiмен жұмысшы таңдауда делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
      7. Шетелге еңбекке орналасқысы келетін азаматтар заңды немесе жеке тұлғалармен жұмыс таңдауда делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
      8. Азаматтарға шетелде еңбекке орналасуда делдалдық көмек

көрсететін жеке және заңды тұлғалар орналасқан жері бойынша уәкілетті 
органға ай ай сайын жұмыс күшін шетелге шығару туралы ақпарат жолдауы тиiс.
     9. Шетелде еңбекке орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсететiн 
жеке және заңды тұлғалар азаматтардың Қазақстан Республикасындағы 
тұрақты тұратын жерiне қайтып келуiне кепiлдiк беруi тиiс.
     10. Шетелге шығарылатын азаматтардың жасы 18-ден жас болмауы керек.
     11. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын орталық, атқарушы органға
шығарылатын жұмыс күшi туралы есеп ұсынуға мiндетті.
     12. Осы Тәртiптi бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.


   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.