Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 709. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N 480 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң кiдiртуге болмайтын мұқтаждарын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға көзделген резервiнен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне 98 860 000 (тоқсан сегiз миллион сегiз жүз алпыс мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бөлiнетiн

 

қаражаттың пайдаланылғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне 2000 жылдың қорытындысы бойынша есеп берсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.