Ұлттық мұражай мен Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің оқу-әкімшілік корпусы жобаларының құрылысын уақытылы аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "GML International LTD" компаниясын (Ұлыбритания) жеңімпаз деп айқындаған "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы өткізген кредиторды таңдау жөніндегі тендердің нәтижелері назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) өтеу мерзімі кемінде бір жыл және сыйақы (мүдде) ставкасы жиынтық ЛИБОР+4,5 проценттен аспайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заемды тарту жөнінде "GML International LTD" компаниясымен келісімге (мандат) қол қойсын;
2) Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер берудің лимиті шегінде, "Ақмола - Жылжымайтын мүлік" күрделі құрылыс басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорнының ақшалық мiндеттемелерiне жалпы сомасы 26 (жиырма алты) миллион АҚШ доллары болатын векселіне кепілдік міндеттемені ресімдеу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін;
3) 2000 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру
кезінде тартылған заемға қызмет көрсету және өтеу жөніндегі шығыстарды
көздесін;
4) тартылатын қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды
қамтамасыз етсін;
5) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен заемға
қызмет көрсету жөніндегі агенттік келісім жасассын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.09. N 1118
қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.