Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 маусым N 836. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.19. N 836 қаулысымен. ~P010836

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру

туралы ереже бекітілсін. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Атауындағы, 1-тармақтағы сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 
              2000.04.10. N 544 қаулысымен.  

P000544_

 
     2. "Босатылған қызметкерлер мен жұмыспен қамтылмаған халықты 
даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру 
жүйесі туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 
маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                  Қазақстан Республикасы
                                  Үкіметінің
                                  1999 жылғы 23 маусымдағы
                                  N 836 қаулысымен
                                        бекітілген
     
     ЕСКЕРТУ. Атауы, кіріспе, 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 
              2000.04.10. N 544 қаулысымен.  

P000544_

 
     
           Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды ұйымдастыру туралы
                          Ереже 
<*>

     
     


      Осы Ереже жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлігiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырудың және қаржыландырудың жалпы тәртiбiн белгілейді. <*>

                   1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау (бұдан әрi - жұмыссыздарды кәсiби оқыту") азаматтарды тиiмдi, ерiктi қалаған жұмысымен қамтуды қамтамасыз етуге, кәсiби шеберлiгiн арттыруға, нарықтық экономика жағдайында кадрлардың бәсекелестiк қабiлетін, олардың кәсiби ұтқырлығын және әлеуметтiк қорғалуын күшейтуге мүмкiндiк туғызуды талап етедi. <*>
      2. Жұмыссыздарды кәсiптiк оқыту:
      1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және осы мамандықтар бойынша еңбек еткiсi келетiн адамдарды даярлауды (бастапқы оқыту);
      2) егер оларға өздерiндегi кәсiптер (мамандықтар) бойынша қолайлы жұмыс ұсыну мүмкін болмаса, не олар бұл кәсiптерi (мамандықтары) бойынша жұмыстарды атқару қабілетін жоғалтқан болса азаматтарды жаңа кәсіптерге (мамандықтарға) оқыту мақсатында мамандарды қайта даярлауды (қайта оқыту);
      3) азаматтардың кәсiптерi (мамандықтары) бойынша бiлiмдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын жетiлдiру кәсiптiк деңгейi мен құзыреттiлiгiн арттыру жаңа функционалдық мiндеттердi, алда тұрған еңбек қызметiнiң ерекшелiктерiн игеру, нарықтық экономикалық қатынастарды, кәсiпкерлiктi және басқа да мәселелердi зерделеу мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.

             2. Жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру

      3. Егер:
      1) жұмыссыздың қажетті кәсiптiк мамандығының болмауынан қолайлы жұмысты таңдау мүмкiн болмаса;
      2) жұмыссыздың кәсiптiк дағдыларына жауап беретiн жұмыстың болмауына байланысты мамандығын (бiлiктiлiгiн) өзгерту қажет болса;
      3) жұмыссыз бұрынғы кәсiбi (мамандығы) бойынша жұмысты орындау қабiлетiн жоғалтса жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуға жiберу жүзеге асырылады.
      4. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген орган (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық деңгейлердегi, бұдан әрi - "жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген орган") жоспарланып отырған кезеңге арналған болжамды есептеулер мен еңбектi бағалауларды, еңбек рыногының бiлiктi кадрларға деген сұранымын ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуды ұйымдастыруға байланысты iс-шараларды жоспарлайды және жүзеге асырады.
      5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген орган жұмыс күшi рыногымен, кәсiптер (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiк деңгейiне қойылатын талаптармен, оқытудың мүмкiндiктерiмен және шарттарымен, оқыту мерзімдерімен, тараптардың өзара мiндеттемелерiмен таныстыру мақсатында кәсiптiк оқытуды қажет ететiн жұмыссыздарға кәсiби консультациялар берудi жүргiзедi.
     6. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту білім жүйесіндегі оқу орындарында, оқу комбинаттарында, ұйымдарда жұмыс істейтін біліктілігін арттыру курстарында жүзеге асырылады, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган олардың арасында жұмыссыздарды кәсіби оқыту үшін конкурстық негізде іріктеу жүргізеді. <*>
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттік берiлген орган кәсiптiк оқытуды ұйымдастыруға арналған конкурсты өткiзу кезiнде: <*>
      1) бiлiм беру мекемелерінің білім берудің мемлекеттік жалпы бiлiм беру стандарттарын пайдалануын және тиiстi білім беру лицензиясының болуын;
      2) жұмыссыз деп танылған азаматтарды оқытуға тартылатын педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейі мен тәжірибесін;
      3) кәсіптік оқытудың мерзiмдерiн;
      4) оқыту бағдарламасын қамтамасыз ететiн өндірістік базаның болуын;
      5) оқытудың неғұрлым қолданымды құнын;
      6) оқы курстарының жұмыс берушілердің жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiптік даярлауға қоятын талаптарына бейiмделу қабiлетiн;
      7) бiлiм беру мекемелерiнiң өндiрiстiк практика өткiзу үшін ақы төленетін жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен тұрақты байланысын ескереді.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.10. N 544
               қаулысымен. P000544_

      7. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, білім беретін ұйым, жұмыс беруші және жұмыссыз қатысушылары болып табылатын төрт жақты шарт негізінде жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.10. N 544
                қаулысымен. P000544_

      8. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттік берiлген орган бiлiм беру мекемелерiнiң оқу жоспарлары мен бағдарламаларды орындауын, оқыту мерзімдерінің сақталуын бақылайды.
      9. Бiлiм беру ұйымдары кәсiптiк оқудағы жұмыссыздарды белгiленген тәртiппен оқудан шығаруды жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген органды алдын ала құлақтандыру арқылы жүргізеді. Жұмыссызды оқудан шығарған жағдайда бiлiм беру мекемелерi аталған жұмыссызды оқытқан уақыт үшін ақыны қайта есептеуді жүргізеді, бұл

ретте ұсынылған жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң iс жүзiнде 
орындалған көлемi ғана ақы төлеуге жатады.
     10. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген орган 
өз жұмысының есебiн жүргiзедi, оларды жасайды және орталық атқарушы 
органға ұсынады, жұмыстың жағдайы мен тиiмдiлiгiне ұдайы талдау жасайды, 
оны одан әрi жетiлдiруге бағытталған iс-шараларды әзiрлейдi және iске
асырады.
     
            3.  Жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуды қаржыландыру 
<*>

     
     11. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту мемлекеттік бюджеттің қаражаты 
есебінен жүзеге асырылады.
     Кәсіптік оқыту кезеңінде аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы 
жұмыссыздарға материалдық көмек беріледі. 
<*>

     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Орынбекова Д.