Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 сәуір N 544

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 P990836_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауындағы, 1-тармақтағы "Жұмыссыз деп танылған адамдарды" деген сөздер "Жұмыссыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру туралы ережеде:
      атауында, кіріспеде, 1-тармақта "белгіленген тәртіпте жұмыссыз деп танылған адамдарды" деген сөздер "жұмыссыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту білім жүйесіндегі оқу орындарында, оқу комбинаттарында, ұйымдарда жұмыс істейтін біліктілігін арттыру курстарында жүзеге асырылады, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган олардың арасында жұмыссыздарды кәсіби оқыту үшін конкурстық негізде іріктеу жүргізеді.";
      екінші абзацтағы "тендерді" деген сөз "конкурсты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, білім беретін ұйым, жұмыс беруші және жұмыссыз қатысушылары болып табылатын төрт жақты шарт негізінде жүзеге асырылады.";
      3-бөлімнің атауындағы "Жұмыссыз деп танылған адамдарды" деген сөздер

"Жұмыссыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
     11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "11. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту мемлекеттік бюджеттің қаражаты 
есебінен жүзеге асырылады.
     Кәсіптік оқыту кезеңінде аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы 
жұмыссыздарға материалдық көмек беріледі."
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.