Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.14. N 643 қаулысымен .
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының аумағындағы сынақ полигондарына орналасқан әскери бөлімдерін қысқарту және әкету жөніндегі жүргізіліп жатқан ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты мүлікті қабылдап алу жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссияның қазақстандық бөлiгі (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.14. N 643
қаулысымен
.
2. Комиссия белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алуды қамтамасыз етсін және оны одан әрі пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
16 маусымдағы
N 776 қаулысына қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.02.18. N 182 Қаулысымен.
Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының
құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен
комиссияның қазақстандық бөлігі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі, төраға
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қалымжан Уәлиханұлы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті төрағасының
орынбасары, төрағаның орынбасары
Оразалинов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әнуарбек Ғинаятұлы министрлігінің Қарулы Күштері Әскерлерді
пәтерлерге орналастыру бас басқармасының
бастығы, төрағаның орынбасары
Сәрсебеков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Марат Болатұлы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті республикалық
меншік объектілерін пайдалануға беруді
ұйымдастыру басқармасының бастығы, хатшы
Әділов - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Төлебай Ақжігітұлы қорғау министрлігінің Экологиялық саясат
және орнықты даму департаменті
стратегиялық жоспарлау басқармасының
бастығы
Шалбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Айдар Исламбекұлы министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы департаменті Ресей
Федерациясымен екі жақты қатынастар
басқармасының бастығы
Ерғалиев - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Руслан Ескендірұлы Халықаралық құқық және мемлекеттің
мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің
бас сарапшысы
Сағиев - "Батыс" өңіраралық мемлекеттік мүлік және
Айбек Игілікұлы жекешелендіру департаментінің бастығы
Тәжібаев - "Тобыл" өңіраралық мемлекеттік мүлік және
Шарапиден Қалиұлы жекешелендіру департаментінің бастығы
Диденко - "Каспий" өңіраралық мемлекеттік мүлік және
Светлана Анатольевна жекешелендіру департаменті бастығының
орынбасары - Атырау облысы бойынша
филиалының бастығы
Сатубаев - "Сарыарқа" өңіраралық мемлекеттік мүлік
Сәлім Асқарұлы және жекешелендіру департаменті бастығының
орынбасары - Қарағанды облысы бойынша
филиалының бастығы
Серікбаев - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Мәлік Абдуллұлы
Шаңғұтов - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі
Серік Тілеулесұлы
Қошантаев - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы
Қайрат Жақыпбайұлы әкімінің орынбасары
Жұмаханов - Қарағанды облысының Приозерск қаласы
Манарбек Айдарханұлы әкімінің орынбасары
Жекеев - Ақтөбе облысы жер қатынастары
Мәлік Наурызғалиұлы басқармасының бастығы
Ибадилдин - Қарағанды облысы жұмылдыру дайындығы,
Жұмамәди Ибаділдәұлы азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей
зілзалалардың алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру басқармасының бастығы
Мәдиев - Қостанай облысы жер қатынастары
Ахмедия Жағыпарұлы басқармасының бастығы
Мұхтаров - Атырау облысы жер қатынастары
Нұртас Мұхтарұлы басқармасының бастығы
Төреғожин - Қарағанды облысы жер қатынастары
Оралды Тұрсынұлы басқармасының бастығы
Қойбақов - Атырау облысының қаржы басқармасы
Жоламан Қойбақұлы бастығының орынбасары
Мәменова - Ақтөбе облысының қаржы басқармасы
Ұлмекен Мұхамбетәліқызы бастығының орынбасары
Сүйербаев - Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы
Ермек Робертұлы бастығының орынбасары
Сыздықов - Қарағанды облысының қаржы басқармасы
Рүстем Мәлікұлы жекешелендіру және мемлекеттік активтерді
есепке алу бөлімінің бастығы
Сапаров - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
Ермек Тұрарұлы компаниясы" акционерлік қоғамының атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Васимов - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
Анатолий Шьяпович компаниясы" акционерлік қоғамы әкімшілік
бөлімінің бастығы (келісім бойынша)