Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 маусым N 776

Қолданыстағы
      Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының аумағындағы сынақ полигондарына орналасқан әскери бөлімдерін қысқарту және әкету жөніндегі жүргізіліп жатқан ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты мүлікті қабылдап алу жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясы жалға алған

сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алуды 
қамтамасыз етсін және оны одан әрі пайдалану жөнінде Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінің 1999 жылғы
                                              16 маусымдағы
                                          N 776 қаулысына қосымша
<*>

     
      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.02.
               N 1840 қаулысымен. 

P991840_

 
      Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.04. N 663           
               қаулысымен. 

P000663_

 

     
         Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының
             құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу
                   жөніндегі комиссияның құрамы
     
     Раханов Мақсұтбек     - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Смағұлұлы               министрлігі Мемлекеттік мүлік және            
                             жекешелендіру комитетінің төрағасы, 
                             төраға 
<*>

     
     Смирнов               - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Анатолий Владимирович   істер вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары
     
     Старыш                - Қазақстан Республикасы Қарулы
     Анатолий Трифонович     Күштерінің Әуе қорғанысы күштері
                             қолбасшысының орынбасары,
                             төрағаның орынбасары
     
     Баймұрзин             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
     Дәулетхан Қалымұлы      кіріс министрлігі Өндірістік емес төлемдер
                             департаментінің директоры
     
     Елеуішов              - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар
     Бекболат Садуақасұлы    және қоршаған ортаны қорғау
                             министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау
                             бас мемлекеттік инспекциясы
                             департаменті директорының орынбасары
     
     Иманқұлов             - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
     Еділбай Исламұлы
     
     Темірбеков            - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Сабыр Жақыпұлы          министрлігінің генерал-инспекторы
     
     Ахматов               - Қазақстан Республикасы Қарулы
     Иван Ыдырысұлы          Күштерінің Әуе қорғанысы күштері
                             қолбасшысының орынбасары
     
     Передвигин            - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
     Сергей Тимофеевич       министрі Аппаратының Халықаралық
                             әскери ынтымақтастық департаменті
                             бастығының орынбасары
     
     Мордасов              - Батыс Қазақстан облыстық жер
     Николай Павлович        ресурстарын басқару жөніндегі
                             комитетінің төрағасы
     
     Жекеев                - Ақтөбе облыстық жер ресурстарын
     Мәлік Наурызғалиұлы     басқару жөніндегі комитетінің төрағасы

     Дикаев                - Қостанай облыстық жер ресурстарын
     Мереке Қасымұлы         басқару жөніндегі комитетінің төрағасы
     
     Сүйербаев             - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Рахматолла Хамитұлы     министрлігі Батыс-Қазақстан аумақтық
                             мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                             комитетінің төрағасы
     
     Сатубаев              - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Сәлім Асқарұлы          министрлігі Қарағанды аумақтық
                             мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                             комитетінің төрағасы
     
     Жмыхов                - Атырау облыстық жер ресурстарын
     Анатолий Александрович  басқару жөніндегі комитетінің төрағасы
     
     Дүйсенов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Боран Төлегенұлы        министрлігі Атырау аумақтық мемлекеттік
                             мүлік және жекешелендіру комитетінің
                             төрағасы
     
     Қарасартов            - Қарағанды облыстық жер ресурстарын
     Дәурен Абзалұлы         басқару жөніндегі комитетінің төрағасы
     
     Медеубаев             - Қарағанды облысы Приозерск қаласының
     Сағымбай Мұқатайұлы     әкімі
     
     Беркінбаев            - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының
     Арынқазы Қалжанұлы      әкімі
     
     Шынтасова             - Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік
     Сүлупан Панайқызы       басқармасының бастығы
     
     Қожмұхаметов          - Қостанай облысы мемсанэпидқадағалау
     Жеңіс Әйтімұлы          басқармасының бастығы
     
     Төлебаев              - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Марат Еркінұлы          министрлігінің аумақтық мемлекеттік
                             мүлік және жекешелендіру комитеті
                             төрағасының міндетін атқарушы
     
     Кәрімов               - Қостанай облысы экология және
     Айдарбек Дәукенұлы      биоресурстар басқармасының бастығы
     
     Орынбаев              - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Қадырбек Нұратұлы       министрлігінің Ақтөбе аумақтық
                             мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                             комитетінің төрағасының міндетін атқарушы
     
     Вершинин              - Қазақстан Республикасы Әділет
     Александр Юрьевич       министрлігінің Заң және халықаралық
                             құқық департаменті халықаралық құқық
                             және хаттама басқармасының бастығы
     
     Комаров Геннадий      - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Григорьевич             министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                             жекешелендіру комитетінің басқарма
                             бастығы 
<*>
          
                                   
     
     
     
        Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Қасымбеков Б.