Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының " 1999 жылға  арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалары мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңдарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойған кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
1999 жылғы 7  маусымдағы 
N 708 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 11, 105-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасында ағаш саудасын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы уақытша ережеде:
      44-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "орман кiрiсi түрiнде" деген сөздер алынып тасталсын, екiншi абзацтағы "мынадай тәртiппен бөлiнедi" деген сөздер "республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi - бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
      45-тармақтың екiншi абзацы ", республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi" деген сөздермен толықтырылсын;
      58-тармақтағы "сомасынан 50 процентiне дейiнгi мөлшердегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      59-тармақтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген ережеге N 1 - қосымшада:
      "Есеп айырысудың және алармандардың сатушыдан өнiм алуының шарттары" деген 3-бөлiмнiң 3.2.-тармағында:
      а) тармақшасындағы "мен қосылған құн салығының сомасын" деген сөздер алынып тасталсын;
      ә) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қосылған құн салығы құнының сомасын және сату бағасы мен бастапқы бағаның арасындағы айырманы республикалық бюджетке";
      б) және в) тармақшалары алынып тасталсын;
      3) көрсетiлген ережеге N 6 - қосымшада:
      "Тараптардың мiндеттерi" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының 2.1.1-тармақшасында:
      а) тармақшасындағы "мен қосылған құн сомасын" деген сөздер алынып тасталсын;
      ә) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қосылған құн салығы құнының сомасын және сату бағасы мен бастапқы бағаның арасындағы айырманы республикалық бюджетке";
      б) және в) тармақшалары алынып тасталсын;
      "Орындау кепiлдiгi және тараптардың жауапкершілігі" деген 4-бөлiмнiң 4.5-тармағында:
      екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бастапқы ақшалай жарна (кепiлдiк) оған қайтарылмайды, республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.".
      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 547 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 166-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы Ережеде:
      V бөлiмнiң бесiншi және жетiншi абзацтары алынып тасталсын.
      3. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Лицензиялық алым жергіліктi бюджеттің кiрiсiне енгiзiледi.".
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.28. N 407 қаулысымен.
      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.10.08. N 1037 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
1999 жылғы 7 маусымдағы  
N 708 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген өсімнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы N 771 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 224-құжат).
      2. "Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық мекемелерінде ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудің шарты мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1460 қаулысы .
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат).
      4. "Атқарушылық санкция ретінде түскен ақша қаражатын пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 732 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 222-құжат).