Мемлекеттік мекемелердің бюджет ақшасы есебінен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 маусым N 703

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабына K941000_ (Жалпы бөлім) сәйкес және "Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерінің өсуін болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 P981336_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің бюджет ақшасы есебінен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. "Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерінің өсуін болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 P981336_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 450-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы№"тоқсанның" деген сөз алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 маусымдағы бекiтiлген


      Мемлекеттiк мекемелердiң бюджет ақшасы есебiнен жасалатын
            азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу туралы
                              Ереже

      Мемлекеттiк мекемелердiң бюджет ақшасы есебiнен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 44-бабының 1-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 қаулысының 7-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      Ереже бюджеттiк ақшаның есебiнен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу саласында мемлекеттiк мекемелер мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетi органдарының арасындағы қатынастарды реттейдi.
      1. Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу үшiн азаматтық-құқықтық шарт жасасатын мемлекеттiк мекемелердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында (бұдан әрi қазынашылықтың аумақтық органдары) тiркейдi.
      Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен жасайтын, бiрақ қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркеуден өтпеген шарттары бюджеттiк қаражатпен қамтамасыз етiлмейдi және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 155-бабының 1-тармағына сәйкес жасалмаған деп есептеледi.
      Мемлекеттік мекемелердiң сметалық тағайындаулардың немесе бөлiнген лимиттердiң көлемiнен тыс, қарызға алған тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) үшiн бюджет ақшасының есебiнен төлеуге жатпайды. Сметадан тыс сатып алулар үшiн мемлекеттік мекемелердiң лауазымды тұлғалары белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      2. Мемлекеттік мекемелер өздерiне қызмет көрсететiн қазынашылықтың аумақтық органына тiркеу үшiн мынадай талап болуы тиiс шартты тапсырады:
      шарт оны қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркеген сәттен бастап күшiне енедi (егер шартта немесе заңдарда шарттың күшiне енуiнiң неғұрлым кешiрек мерзiмi көзделмесе) және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      Шарттарды қазынашылықтың аумақтық органдары тiркеген кезде мемлекеттiк мекеме жасасқан шарт сомасының оның жылдық (бюджеттiк) тағайындауларына немесе оларға бөлiнген бюджеттiк ақшаның лимиттерiне сәйкес келуiне тексеру жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк мекеме шартпен бiрге шартты тiркеу үшiн қазынашылықтың аумақтық органдарына өтiнiм (1-қосымша) бередi, ол осы мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмдердi тiркеу журналында (2-қосымша) алдын ала тiркеледi. Журналдың жыл сайын жазбалар басталғанға дейiн барлық беттерi нөмiрленедi. Журналда жыл аяқталғанда бос парақтар қалған жағдайда келесi жылы осындай өтiнiмдердi жазу үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Жазбаларды журналда өтiнiмдердiң тiркелуiне жауапты деп тағайындалған адам, өтiнімдердiң жасалуына қарай, хронологиялық тәртiппен жүргізедi. Жазбалар олардың заңдарда белгiленген мерзiмге сақталуын қамтамасыз ететiн құралдармен жүргізiлуге тиiс. Журналдағы қателер дұрыс емес мәтiн сызылып, сызылғанның үстiне дұрыс мәтiн жазылып, өтiнiмге қол қойған адамдардың қолымен куәландыруы арқылы "Түзетiлгенi дұрыс" деген жазу жазылып, түзетiлген күнi көрсетiп, мөрмен расталып түзетіледi. Журналға жазбалардың уақытында енгiзiлуi, журналдағы және өтiнiмдердегi жазылған деректердің растығы үшiн оларды тiркеуге жауапты адам жауап бередi.

     Шартты тiркеуге арналған өтiнiмде мынадай деректемелер болуға тиiс:
     қазынашылықтың аумақтық органының атауы мемлекеттiк мекеменiң 
7 таңбадан тұратын атауы және коды (алғашқы үш таңба - бағдарламалардың 
мекеме әкiмшiлiгiнің коды, қалған төрт таңба - ведомстволық бағынысты 
мемлекеттiк мекеменің коды);
     өтiнiмнiң нөмiрi және оның толтырылған күнi; 
     шарттың нөмiрi;
     шарттың атауы;
     бюджеттiк жiктеменiң коды көрсетiлген теңгемен алынған шарттың 
жалпы сомасы (жылдық және ағымдағы шарттарды жасасқан кезде "Шарттың 
сомасы _____теңге" және "Ағымдағы жылға арналған сома _____теңге" жолдары 
бойынша көрсетiлетiн сомалар бiрдей етiп қойылады; ұзақ жылдарға арналған 
шарттың "Шарттың сомасы __________ теңге" жолы бойынша шарттың жалпы 
сомасы,
"Ағымдағы жылға арналған сома ________ теңге" жолы бойынша -  ағымдағы 
қаржылық жылға арналған_________сома көрсетiледi);


      мiндеттеменiң мерзiмi (жылдық, ағымдағы - Қазақстан Республикасы бюджетiнiң экономикалық сипаттамасы жөнiндегi шығыстардың бюджеттiк жiктемесiне сәйкес).
      4. Қазынашылықтың аумақтық органы өтiнiм деректемелерi шарттың тiркеуiне енгiзiлген кезде мемлекеттiк мекеменің коды, бюджеттiк жiктеменiң коды болуы үшiн, бюджеттiк жiктеме кодының мiндеттемелердің мерзiмiне сәйкес келуi үшiн бағдарламалық бақылауды жүзеге асырады.
      5. Өтiнiмдi мiндеттемелердiң мерзiмiне шығыстардың тиiстi ерекшелiгiне қарай, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қазынашылықтың аумақтық органы мынадай шарттарды сақтай отырып бекiтедi:
      егер бұл жылдық мiндеттеме болса онда тиiстi ерекшелiктер бойынша алынған мiндеттемелердiң сомасы осы ерекшелiк бойынша бiр жылға арналған жоспарлы көрсеткiштiң қалдығынан аспауға тиiс.
      Ұзақ жылғы мiндеттемелер бойынша бақылау ағымдағы жылға арналған сома бойынша жүзеге асырылады;
      егер бұл ағымдағы мiндеттеме болса, онда тиiстi ерекшелiк бойынша қабылданған мiндеттемелердiң сомасы атқарылмаған ағымдағы мiндеттемелердiң сомасына кемiтiлген лимиттiң бос қалдығынан аспауға тиiс.
      6. Шартты тiркеуге арналған өтінімдi бекiткен кезде мiндеттемеге 10 таңбадан тұратын нөмiр беріледi, алғашқы үш таңба - бағдарламалардың мекеме әкiмшiлігінiң кодын, екiншi 4 таңба ведомстволық бағыныстағы мекеменiң кодын, қалған 3 таңба мiндеттеменiң нөмiрiн білдiредi. Шарт шығыстардың бiрнеше ерекшелiктерi бойынша жасалуы мүмкiн және тиiсiнше сонша мiндеттеме қабылданады, бұл ретте олардың әрқайсысына ретiмен бөлек нөмiр берiледi.
      7. Қазынашылықтың аумақтық органы мiндеттеменiң есепке қабылданғанын растау мақсатында мемлекеттiк мекемеге шарттың тiркелгенi туралы (3-қосымша) өтінім бекiтiлгеннен және мiндеттемеге нөмiр берiлгеннен кейiн басылып шыққан анықтаманы, мiндеттеменің берiлген нөмiрi мен шартты тiркеуге арналған өтiнiмнiң нөмiрiн көрсете отырып бередi. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң шарттарын тiркеген кезде N 030 нысандағы (жергiлiктi бюджеттердiң шоты үшiн - N 130 нысанда) анықтама беріледi. Шарттың тiркелгенi туралы анықтама екi данада ресiмделедi, оның бiреуiн қазынашылықтың аумақтық органы куәландырады және ол мемлекеттiк мекемеге беріледi, екiншiсi қазынашылықтың аумақтық органында қалады. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттiк мекемеге анықтамамен бiрге тiркелгенi туралы белгiсi бар шартты қайтарады. Мемлекеттiк мекемеге берiлгенге дейiн N 030 (N 130) нысанды анықтаманы қазынашылықтың аумақтық органы алынған мiндеттемелер жөнiндегi анықтамаларды тiркеу журналына (4-қосымша) тiркейдi. N 030 нысанды анықтаманы тiркеу үшiн - N 1 журнал, N 130 нысанды анықтама үшiн - N 2 журнал қолданылады. Журналдың жыл сайынғы жазбалар басталғанға дейiн барлық беттерi нөмiрленедi. Журналдағы жазбаларды анықтамалардың тiркелуi үшiн тағайындалған жауапты адам, анықтамалардың берiлуiне қарай, хронологиялық тәртiппен жүргiзедi. Жазбалар заңда белгiленген мерзiмге сақталуын қамтамасыз ететiн құралдармен жүргiзiлуге тиiс.
      Журналдағы қателер дұрыс емес мәтiн сызылып, сызылғанның үстiне дұрыс мәтiн жазылып, анықтамаға қол қойған адамдардың қолымен куәландыруы арқылы, "Түзетiлгенi дұрыс" деген жазу жазылып, түзетiлген күнi көрсетілiп, мөрмен расталып түзетiледi. Журналға жазбалардың уақытында енгiзiлуiне, мемлекеттiк мекемелерге анықтамалардың берiлуiне, журналдағы және анықтамалардағы жазылған деректердiң растығына анықтамаларды тiркеуге жауапты адам жауап бередi.
      8. Шарттың бағасы немесе оның тараптарының деректемелерi, шарттың басқа да ережелерi бұзылған, өзгерген жағдайда, мемлекеттiк мекеме мұндай шартты қазынашылықтың аумақтық органында қайта тiркетуге тиiс. Осыған байланысты мемлекеттiк мекеме шартқа өзгерiстер енгiзу үшiн қазынашылықтың аумақтық органына өтiнiм бередi (5-қосымша). Өтiнiм N 030 (130) нысандағы анықтаманың деректерiне сүйенiп, шарт талаптары қайта өзгерген жағдайда - соңғы N 031 (131) нысандағы анықтама (6-қосымша) негiзiнде толтырылады. Өтiнiмде шарттың жаңа сомасы, сондай-ақ түзетiлген мiндеттемелердiң нөмiрi көрсетiледi. Шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме тiркеу журналына да тiркеуге тиiс (2-қосымша).
      9. Мiндеттеменiң аз сомаға атқарылуы бөлiгiндегi шарттың талаптары өзгерген жағдайда, шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдегi атқарылған мiндеттеменiң сомасына тең мiндеттеме сомасы көрсетiледi.
      10. Шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм бекiтiлгеннен кейiн, мiндеттемеге осы Ереженiң 6-тармағында айтылған тәртiппен жаңа нөмiр берiледi және қазынашылықтың аумақтық органында тiркелуге тиiс N 031 (131) нысандағы шартқа өзгерiс енгiзу туралы анықтама (6-қосымша) берiледi.
      11. Шарт бойынша мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелердi атқаруы қаржылық мiндеттемелерге бақылау жасау ведомосы (7-қосымша) бойынша тексерiледi. Ведомосты қазынашылықтың аумақтық органдары әрбiр қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекеме бойынша оның жетi таңбалы кодын және бюджеттiк жiктеме коды тұрғысындағы атауларын: мемлекеттiк бағыныстағы мекемелер үшiн - N 033 нысан бойынша, жергілiктi бағыныстағы мекемелер үшiн - N 133 нысан бойынша көрсете отырып қалыптастырады. Ведомость бюджеттiк жiктеменің бiр жолғы берiлген коды бойынша немесе бюджеттiк жiктеменiң мiндеттемелерi бар бiрнеше коды бойынша қалыптасуы мүмкiн.
      12. Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген, бiрақ ағымдағы қаржы жылында аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттар келесi қаржы жылында қайта тiркеуге жатады.
      Қаржы жылы аяқталған бойда қазынашылықтың аумақтық органы қабылданған мiндеттемелер орындалмаған жағдайда атқарылмаған мiндеттемелер ведомосы (8, 9-қосымша): республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мекемелер бойынша - N 034 нысан; жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын мекемелер бойынша - N 134 нысан қалыптастырады. Ұзақ жылғы атқарылмаған мiндеттемелер ведомосы ағымдағы және жылдық мiндеттемелерден бөлек ресiмделедi.
      Қаржы жылының аяғында ведомоста көрсетiлген N 034 (134) нысанды барлық мiндеттемелер жаңа қаржы жылында да реттелуi тиiс.
      Атқарылмаған барлық мiндеттемелер мемлекеттiк мекемелер ұсынған, N 034 (134) нысандағы ведомостың деректерi бойынша толтырылған шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмнiң (5-қосымша) негiзiнде келесi жылы қайта тiркеуге жатады. Мұндай жағдайда өтiнiмнің "Мiндеттемелер сомасы" бағанына атқарылмаған мiндеттемелер сомасына тең сома қойылады. Ұзақ жылғы міндеттемелерді қайта тіркеу кезінде өтінімде шарт бойынша қалған сома және ағымдағы жылға арналған сома көрсетіледі. Өтінімдегі "Міндеттеме нөмірі" бағанында мұның алдындағы міндеттеменің нөмірі көрсетіледі.
      Әрбір тіркелген өтінім бойынша N 031 (131) нысандағы анықтама

беріледі.
     Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастырған кезде құқықтық 
мұрагерлер қазынашылықтың қызмет көрсететін аумақтық органына шартқа 
өзгерістер енгізуге арналған өтінім береді.
     Мемлекеттік мекемелерді таратқан кезде азаматтық-құқықтық 
мәмілелер бойынша жауапкершілік азаматтық заңдарға сәйкес жүктеледі.
     
     
                                         1-қосымша
                        _________________________________________
                        _________________________________________
                 (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
     ___________________________________
     (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
     
     
                        Шартты тіркеуге арналған
                             N_____Өтінім
                         "__"________ _____ ж.
     
     Шарттың нөмірі __________
     Шарттың атауы _________________________________________
     Шарттың сомасы________________ теңге
     Ағымдағы жылғы сомасы _____________ теңге
     
 ________________________________________________________________________
  рет     Міндеттеменің      Бюджеттік            Міндеттеменің
  N           мерзімі      жіктеменің коды           сомасы
 ________________________________________________________________________
  1              2               3                      4 
 ________________________________________________________________________

     Басшы
     
     Бас бухгалтер
     
                                            2-қосымша
                                        Мұқабаның үлгісі
                                        ________________
     
     ___________________________________
         (мемлекеттік мекеменің атауы)
     
                            өтінімдерді тіркеу
                                Журналы
     
                                             _____ ж. басталды
                                             _____ ж. аяқталды
     
                                                        Жалғасы
     
     Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын
 __________________________________________________________________________
|рет|Тіркелген|Шарттың|Шарттың деректері| Шарт|Өтінімнің деректері|Өтінімді
| N |  күні   | атауы |________________ |бойын|___________________|тіркеуші
|   |         |       |нөмірі |жасалған |ша    |нөмірі|толтырылған|адамның 
|   |         |       |       | күні    |жалпы |      |  күні     |аты-жөні
|   |         |       |       |         |сомасы|      |           |        
|___|_________|_______|_______|_________|______|______|___________|________
| 1 |    2    |   3   |   4   |    5    |  6   |   7   |     8     |   9   
|___|_________|_______|_______|_________|______|_______|___________|_______
|___|_________|_______|_______|_________|______|_______|___________|_______
     
                                                     3-қосымша
                                                    N 030 нысан
     
     _______________________________________
     (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
                       Шартты тіркеу туралы
                         N___ Анықтама
                        "___"_______ ____ж.
     
     ________________________________________________________________
                    (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
     
     Шартты тіркеуге арналған өтінім N ____
     Шарттың нөмірі ______
     Шарттың атауы __________________________________________
     Шарттың сомасы __________ теңге
     Ағымдағы жылғы сомасы _________ теңге 
     
 ________________________________________________________________________
  рет     Міндеттеменің    Міндеттеменің  Бюджеттік       Міндеттеменің 
  N           мерзімі        нөмірі      жіктеменің коды    сомасы
 ________________________________________________________________________
  1              2               3          4                  5
 ________________________________________________________________________

 Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы

  
                                              4-қосымша
                                        Мұқабаның үлгісі
                                        ________________
     
     ___________________________________
         (мемлекеттік мекеменің атауы)
     
       Алынған міндеттемелер  жөніндегі анықтамаларды тіркеудің
                            N 1 Журналы
     
                                             _____ ж. басталды
                                             _____ ж. аяқталды
     
     
                                                       Жалғасы
     
     Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын
 __________________________________________________________________________
|рет|Тіркелген|Мемлекеттік |Мемлекеттік |Анықтаманың| Шарт   |Анықтаманы   
|N  |  күні   |мекеменің   | мекеменің  | деректері |бойынша |берген адам. 
|   |         | атауы      |    коды    |___________| жалпы  |ның аты-жөні 
|   |         |            |            |нөмірі|күні| сомасы |             
|___|_________|____________|____________|______|____|________|_____________
| 1 |    2    |      3     |      4     |   5  |  6 |   7    |      8      
|___|_________|____________|____________|______|____|________|_____________
|___|_________|____________|____________|______|____|________|_____________
     
 
         
                                                       5-қосымша
     
                        _________________________________________
                        _________________________________________
                        (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
     ___________________________________
     (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
     
     
                        Шартқа өзгерістер енгізуге арналған
                                  N_____Өтінім
                             "__"________ _____ ж.
     
     Шарттың нөмірі __________
     Шарттың атауы _________________________________________
     Шарттың сомасы________________ теңге
     Ағымдағы жылғы сомасы _____________ теңге
     
 ________________________________________________________________________
  рет  Міндеттеменің    Міндеттеменің    Бюджеттік         Міндеттеменің   
  N      мерзімі          нөмірі       жіктеменің коды       сомасы
 ________________________________________________________________________
  1         2               3                  4               5
 ________________________________________________________________________

     Басшы
     
     Бас бухгалтер
     
     
     
     
                                                     6-қосымша
                                                    N 031 нысан
     
     _______________________________________
     (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
                Шартқа енгізілген өзгерістер туралы
                         N___ Анықтама
                        "___"_______ ____ж.
     
     ________________________________________________________________
                    (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
     
     Өзгеріске арналған өтінімнің N ____
     Шарттың нөмірі ______
     Шарттың атауы __________________________________________
     Өзгерістер үшін негіз__________
     Шарттың сомасы _________ теңге 
     Ағымдағы жылғы сомасы __________ теңге
 ________________________________________________________________________
  рет  Міндеттеменің  Міндеттеменің     Бюджеттік        Міндеттеменің
  N       мерзімі      жаңа нөмірі    жіктеменің коды        сомасы
 ________________________________________________________________________
  1         2               3                4                 5
 ________________________________________________________________________

 Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы
     
                                                   7-қосымша
                                                 N 033 нысан
     
     _________________________________________
     (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
     
                    ___________________________ бойынша
                   (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
     
                     қаржылық міндеттемелерді бақылау
                                 Ведомосі
                        "___"__________ ____ ж.
     
     Бюджеттік жіктеменің коды ____________________________
     Бір жылға арналған жоспарлы рұқсат ____________________
     Бөлінген лимиттер ________________________________________
     Міндеттемелерді қабылдауға арналған еркін қалдық _________
 _________________________________________________________________________
|рет|Шарттың|Міндеттеменің|Міндеттеменің|Міндеттеменің| Міндеттеменің     |
|N  |нөмірі |    нөмірі   |  мерзімі    |   сомасы    |  атқарылуы        |
|   |       |             |             |             |___________________|
|   |       |             |             |             |күні|төлем |сомасы |
|   |       |             |             |             |    |тапсы.|       |
|   |       |             |             |             |    |рысы. |       |
|   |       |             |             |             |    |ның N |       |
|___|_______|_____________|_____________|_____________|____|______|_______|
| 1 |   2   |      3      |      4      |     5       | 6  |   7  |    8  |
|___|_______|_____________|_____________|_____________|____|______|_______|
|___|_______|_____________|_____________|_____________|____|______|_______|
     
  Бюджеттік жіктеменің коды бойынша жиыны:
     Мекеме бойынша жиыны:
     
     Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы
     
     
     
     
                                                   8-қосымша
                                                 N 034 нысан
     
     _________________________________________
     (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
     
                    ___________________________ бойынша
                   (мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
     
                     қаржылық міндеттемелерді бақылау
                                 Ведомосі
                        "___"__________ ____ ж.
    
 __________________________________________________________________________
|рет| Бюджеттік жіктеменің | Шарттың | Шарт бойынша |Ағымдағы|Міндеттеменің
|N  |         коды         | нөмірі  |жалпы сомасы  |жылғы   |   нөмірі    
|   |                      |         |              |сомасы  |             
|___|______________________|_________|______________|________|_____________
| 1 |         2            |    3    |      4       |   5    |      6      
|___|______________________|_________|______________|________|_____________
|___|______________________|_________|______________|________|_____________
     
     таблицаның жалғасы
  ______________________________________
 | Орындалған      | Атқарылмаған       |
 | міндеттемелердің|міндеттемелердің    |
 | сомасы          |сомасы              |
 |_________________|____________________|
 |       7         |         8          |
 |_________________|____________________|   
     Мекеме бойынша жиыны:
     
     Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы
     

     
                                                   9-қосымша
                                                 N 034 нысан
     
     _________________________________________
     (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
     
     
     
                   атқарылмаған міндеттемелерді бақылау
                                 Ведомосі
                        "___"__________ ____ ж.
     
 __________________________________________________________________________
|рет| Мемлекеттік мекеменің|Бюджеттік| Шарттың  |Шарт бойынша|Ағымдағы     
|N  |         коды         |жіктеме. | нөмірі   |жалпы сомасы|жылғы        
|   |                      |нің коды |          |            |сомасы       
|___|______________________|_________|__________|____________|_____________
| 1 |         2            |    3    |      4   |   5        |      6      
|___|______________________|_________|__________|____________|_____________
|___|______________________|_________|__________|____________|_____________
     
     
     таблицаның жалғасы
  __________________________________________________________
 | Міндеттеменің   | Орындалған         |Атқарылмаған       |
 | нөмірі          | міндеттемелердің   |міндеттемелердің   |
 |                 | сомасы             |сомасы             |
 |_________________|____________________|___________________|
 |       7         |         8          |      9            |
 |_________________|____________________|___________________|   
   Қазынашылықтың аумақтық органы
   бойынша жиыны:
     
     Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.